28 Ақпан 2017   



Билал Хабеши

Пайғамбарымыздың муәззині (азаншысы).

Билал Хабеши хазреттері ең алғаш иман келтіргендерден болып, мүшриктерге қарсы мұсылман болғандығын ашық түрде жариялаған жеті кісінің бірі. Мұсылман болуға дейін Мекке мүшриктерінің озаттарынан болған Умаййаның құлы еді.

Ол заманда, барлық жерде болғанындай, Арабстанда да қорқынышты надандық бар еді. Ішкілік, құмар, зина, ұрлық, әлсіздерді қорлау, зұлымдық және әдепсіздік саналатын не бар болса, бәрі жасалатын еді.

Күшті адамдар әлсіз адамдарды құл ретінде қолданатын-ды. Міне осы құлдардың бірі – Билал Хабеши. Бірақ оның өзгелерден ерекшілігі бар еді. Өте мәрт және дұрысшыл еді. Осы себептен Умаййа оны керуенінің басына қойып, тауарларын ол арқылы ұзақ жерлерге жіберетін еді.

Билал Хабеши хазреттерінің басқа бір ерекшелігі де дауысының әдемі болуы. Сондықтан, той-думандарда бәрі оны іздейтін еді.

 

Жұрт қатары өмір сүретін еді

Сауда-саттық жасау үшін ұзақ жол жүрген керуен шаршағаннан жүре алмайтын жағдайға келген кезде оның әуендерімен жанданып, тіпті түйелер де оның әсем дауысын естігенде бірден күш жинап жолға түсетін еді. Оның осы ерекшеліктерін білген қожайыны Умаййа оған басқа құлдарына қарағанда өзгеше қарайтын еді. Тура құл сияқты емес, еркін адам сияқты өмір сүретін еді.

Билал Хабеши тағы бір күні бір керуенмен Шамға кетті. Бұл керуенде хазреті Әбу Бәкір де бар еді. Екеуі арасындағы достық осы сапарда пайда болған. Ол заманда Меккеліктердің жалғыз табыс көзі – сауда еді.

Ислам күнінің тууына және әлемді жарықтандыруына өте аз уақыт қалған кезде осы жолаушылық жүзеге асқан еді. Хазреті Әбу Бәкір осы сапарда көрген бір түсі себебімен сапардан қайтарда иман нұрымен қадірленген еді.

Бір түн ортасында Билал Хабеши хазреттерінің есігі қағылды. Оянғанында есіктен сыбырлаған дауыс естіді:

-Билал! Билал!

«Түн ортасында бұл уақытта бұл қандай дауыс» деп ойлап тұрғанында, дәл сол дауыс қайталанды:

-Билал! Билал!

Қараңғыда қорқынышпен дауыс шыққан жаққа қарай барды. Дауыс шыққан жаққа жақындап сұрады:

-Сен кімсің?

-Мен Әбу Бәкірмін.

-Түннің бұл уақытында не керек? Айтатындарыңды таңертең айтсаң болмай ма? Неге сонша асықтың?

-Таңды күтпестен, қожайының оянбай тұрып айтуым керек еді, осы себептен келдім.

-Мені қызықтырдың, айтпақ болғаныңды бірден айт!

-Йа, Билал! Бұл үмбеттің пайғамбары келді.

-Кім ол?

-Әбул Қасым.

-Жарайды, пайғамбар екенін қалай түсіндің?

Бұл сұраққа хазреті Әбу Бәкір былай жауаптады:

-Шам сапарында көрген түсімді айтып бергеннен кейін одан: «Йа, Әбал Қасым, сен Аллаһтың Расулы екеніңді айтып жүрсің, иманға шақырып жүр екенсің, солай ма?" деп сұрадым. Ол "Иә, ей, Әба Бәкір! Раббым адамдарға сүйіншілеуші және қорқытушы ретінде хазреті Ибрахимді жібергеніндей, мені де бүкіл адамзатқа пайғамбар ретінде жіберді" деді. Сонда мен "Сен осы күнге дейін мүлдем жалған сөйлемедің. Аллаһтың Расулы екеніңе мен сенемін" деп оның алдында мұсылман болдым. Сенің де мұсылман болуыңды, мәңгі бақытқа қауышуыңды қалаймын.

Хазреті Әбу Бәкірдің бұл жауабын естігеннен кейін оны жақыннан танитын, кең пейілділігіне еш күмәні болмаған Билал Хабеши хазреттері калима-и шаһадат айтып, мұсылман болды.

Билал Хабеши мұсылман болғаннан кейін өмірінде мүлдем басқа бір кезең басталды. Бұдан былай ол хақ пен жалған арасындағы жанжалдың басты қаһарманы, жалғыз мүжаһид болған еді.

Залым Умаййа оның мұсылман болғанын түсінгеннен кейін опасыздығы арта түсті.

Шарасыз құлын арқасымен немесе етбетімен қызып тұрған шөл далаға жатқызды. Кейін жалаңаш денесіне үлкен жартас бөлшектерін қойып, пайғамбарымызды теріске шығаруын әмір ететін еді.

 

Тас жүректілер

Бірақ ол Хабештік мүмин маңдайындағы тамшы терлерімен ыңырсыған дауысымен тек: «Аллаһ бір, Аллаһ бір. Мұхаммед Оның елшісі. Ей, топырақтар, ей, тастар, ей, тас жүректілер! Аллаһ бір және Одан ұлы ешкім жоқ» дейтін еді.

Бүкіл осы қорлықтармен бетін өзіне бұрғыза алмаған Умаййа оны осылайша омсырайлағаннан кейін мойнына жіп байлап, балаларының қолында Мекке көшелерінде жүргізетін еді. Мүшриктер оны мазақтайтын еді.

Билал Хабеши ғаріп және ешкімсіз болғандықтан, басқа мүшриктерден де қорлық көретін еді. Оған ауыр қорлықтар көрсеткендердің бірі – Әбу Жәһл. Билал Хабеши оның ауыр қорлықтарына қарсы да «Аллаһ бір, Аллаһ бір» деп, дініндегі беріктігін көрсететін еді.

Умаййа бин Халеф тағы бір күні Билал Хабешиді азаптау үшін сыртқа шыққан еді. Үстіндегі киімдерін шешіп, тек іш киімімен күйдіруші ыстық құмның үстіне жатқызып, үстіне тастар жайған еді. Мүшриктер жиналып, ауыр азаптар жасап жатты, «Не дініңнен қайтасың немесе сені өлтіреміз» деп жатты.

Билал Хабеши төтеп беру қиын болған азаптардың астында сонда да «Аллаһ бір, Аллаһ бір» дегеннен басқа ештеңе айтпайтын еді. Бұл жолы сүйікті пайғамбарымыз сол жақтан өтіп бара жатқан еді. Билал Хабешидің жағдайын көріп, қайғырып «Аллаһу та'аланың есімін айтуың сені құтқарады» деді.

Үйіне қайтқаннан біраздан кейін хазреті Әбу Бәкір қасына келді. Пайғамбарымыз Билал Хабеши шеккен азаптарды хазреті Әбу Бәкірге айтып «Қатты қайғырдым» деді.

Хазреті Әбу Бәкір дереу Билал Хабешиге қорлық жасалып жатқан жерге барды. Мүшриктерге айтты:

-Билалға осылай істеумен не табасыңдар? Оны маған сатыңдар!

Сонда мүшриктер жауап берді:

-Әлемді толтыратын алтын берсең де сатпаймыз. Бірақ сенің құлың Әмірге ауыстырамыз.

 

Билал үшін оны сендерге бердім

Хазреті Әбу Бәкірдің құлы Әмір оның сауда жұмыстарын атқаратын еді. Көп ақша табатын еді. Өз жеке мүлкінен бөлек он мың алтын ақшасы бар еді. Әбу Бәкір Сыддықтың маңызды жәрдемшісі болып, бүкіл жұмыстарын жүргізетін еді. Бірақ ол кәпір еді. Иман келтірмейтін еді. Осы ұсынысқа орай хазреті Әбу Бәкір айтты:

-Әмірді бүкіл мал-мүлкі және ақшасымен бірге Билал үшін сендерге бердім.

Умаййа бин Халеф және басқа мүшриктер қатты қуанып, «Әбу Бәкірді алдадық» десті. Хазреті Әбу Бәкір дереу Билал Хабешидің үстіне қойылған ауыр тастарды алып тастап, аяққа тұрғызды. Ауыр қорлықтардың кесірінен ол қатты әлсіреген еді. Қолынан ұстап тікелей сүйікті пайғамбарымыздың алдына алып барды да: «Йа, Расулаллаһ! Билалды бүгін Аллаһ разылығы үшін азат еттім» деді.

Расулуллаһ қатты қуанды. Әбу Бәкір Сыддыққа көп дұға етті.

Еркіндігіне қол жеткізген Билал Хабеши хазреттері бірден Аллаһу та'аланың Расулына қызмет етуге асықты. Қайтыс болуына дейін қызмет етуінен айрылмады. Рұқсат берілген болса да, Хабешистанға кетпеді. Тек сүйікті пайғамбарымызбен бірге Мәдинаға хижрет етті (көшті).

Хижреттен кейін Билал Хабеши хазреттері бір күні Мәсжиди Нәбидің ішінде қуанышпен секіріп, бір орында тұра алмай билеп жатқан еді. Хазреті Омар бұл жағдайды көргенде одан сұрады:

-Йа, Билал, бұл не жағдай? Бұл жердің мешіт екенін ұмыттың ба?

-Менің бұл жағдайыма не болыпты? Қаласаң, барып осы күйімді Расулуллаһқа айтып берейік, қате істеген болсам, тәубе етемін, ендігәрі бұлай істемеймін.

 

Мен билемегенде кім билейді...

Сөйтіп бірге Расулуллаһқа барды. Хазреті Омар пайғамбарымызға жағдайды айтып берді:

-Йа, Расулаллаһ, Билал мешіттің тыныштығын бұзып жатыр. Ол жақта қуанып, секіріп, билеп жатыр.

Пайғамбарымыз хазреті Билалдан сұрады:

-Йа, Билал, бұл қуанышыңның себебі не?

-Йа, Расулаллаһ, Хақ та'ала маған хидаят (дұрыс жол) нәсіп етті. Мен құл едім. Меккенің алғашқы саптағы түрлі адамдары бұл бақытқа жете алмады. Мәңгі бақыттан мақрұм қалды. Оларға хидаят нәсіп болмады. Мен қуанбағанда басқа кім қуансын? Мен билемегенде басқа кім билесін?

-Билалға тиіспеңдер! Қуанып шаттана берсін.

 

Азан дауысынан мазалары қашқан яһудилер

Хазреті Билал оқыған азанды естіген мұсылмандар қаншалықты сүйіспеншілікке, қуанышқа бөленсе, Мәдинадағы яһудилер де соншалықты қайғыратын еді. Азанды тыңдамауға өздерін қинайтын, бірақ бұл қолдарынан келмейтін еді. Қаласа да, қаламаса да, тыңдап тұратын еді. Тыңдаған сайын күйінетін еді. Бұған тосқауыл болу үшін түрлі шаралар іздей бастады.

Яһудилердің бірі бір күні хазреті Билалдың ақшадан қиналғанын көріп, «Ей, Билал, мен саған қалағаныңша ақша берейін, сен қиналмасаң болды» дейді. Бірақ оның мақсаты басқа еді. Хазреті Билал да ақшадан қиналғандықтан, одан көп мөлшерде қарыз алды. Яһуди ақшаны берген кезде қосты: «Егер бұл ақшаны өтей алмасаң, сені құл қылып аламын.»

Арада біраз уақыт өткеннен кейін әлгі яһуди келіп ақшасын сұрады. Билал Хабеши хазреттері кешірім сұрап, «Маған тағы бір ай уақыт бер, өтей алмасам, мені құл қылып алып кетерсің» деді.

Соңғы күні келген болса да қарызын өтемеген хазреті Билал шарасыз қалып, Расулуллаһтың алдына барып, жағдайды айтып берді. Пайғамбарымыз ештеңе айтпады. Үмітіз күйде үйіне қайтқан хазреті Билал ол түні ұйықтай алмады.

 

Енді азан оқи алмаймын...

Өз-өзіне «Енді бұдан кейін азан оқи алмайтын болдым» деп терең ойларға шомып кетті. Осы ойлармен өзін жоғалтқан күйде отырғанында есік қағылды. Келген адам «Расулуллаһ сені шақырып жатыр, тез кел!» деп айқайлады.

Дереу өзіне келіп, жүгіріп барды. Пайғамбарымыз оған айтты:

-Йа, Билал! Саудадан қайтқан бір керуен бар. Керуенге бар, олардың арасында үстіндегі жүктерімен бірге маған сыйланған үш түйе бар, оларды ал, сеніңкі болсын! Қарызыңды өте!

Хазреті Билал бұйрықты дереу орындады. Рахат пен шаттық ішінде барып таңғы азанды оқыды. Намаздан кейін мешіттің шетінде оны құл қылып алып кету үшін күтіп тұрған яһудиді көрді. Намаздан шыққаннан кейін жоғары дауыспен «Менде алашағы бар болғандар келсін, қарызымды өтейін!» деді.

Осыған орай яһудидің бүкіл қиялдары құлдырады. Сасып қалды. Ақшасын ала салып, ол жақтан ұзақ кетті.

Билал Хабеши хазреттері пайғамбарымыздың қайтыс болуынан кейін айрылу азабына шыдай алмайтын жағдайға келді. Расулуллаһқа деген махаббатымен жанып, күйіп, үздіксіз көз жасын төккен еді.

Мәдинада қалған сайын бұл азаптың тағы арта түсетінін білді. Өйткені көрген барлық нәрсе Расулуллаһты еске салады, өзін ұстай алмай жылайтын еді. Осы себеппен Шамға кетуге шешім қабылдады. Хазреті Әбу Бәкірден рұқсат сұрады. Мәдинадан кетіп, Шамға орналасты. Хазреті Омардың халифалығына дейін сол жақта болды. Хазреті Омар әскерімен Шамға келгенде оларға қосылып, әскерімен бірге Құдысқа барды.

 

Айрылу жетпеді ме?

Бір түні түсінде Расулуллаһты көрді. Сүйікті пайғамбарымыз оны кінәлап:

-Осыншама айрылу жетпеді ме, ей Билал?! Қабірімді зиярат етіп келмейсің бе? – деді.

Әлсіз жүрегі тоқтайтындай болды. Қобалжып, терлеп оянды. Дереу дайындығын бастады. Таң атқан кезде арық, ұзын және әлсіз түйесімен Мәдина жолына түсті. Жалғыз мырзасына жақындаған сайын ауасын иіскеп, тас-топырақтарды сипап, көз жасын төкті. Жазық шөл даланы жарып, Мәдинаға да жетті...

Оны кездестіргендер сәлем беріп жатты. Кейін жанындағыларға «Міне, Билал, Билал Хабеши хазреттері. Пайғамбарымыздың муәззині. Ол сияқты азан айтатын адам әлі дүниеге келмеген» десті.

Бірақ Ол ешбірін естімейтін, көрмейтін еді. Өте қуатты магнит өзіне тартып жатқандай болды. Пайғамбарымыздың қабіріне қарай жүрді. Жете берген кезінде Құран кәрім оқыды, оқыды, оқыды... Ең соңында сүйіктісінің қабірінің үстіне құлап, есінен таңды.

Қабатталған гүл иістерімен есін жиған кезінде басының түбінде сүйіктісінің сүйіктілерін көрді. Пайғамбарымыздың немерелері Хасан мен Хусейн хазреттері шашын сипап жатқан еді. Бүкіл дүние қолына түскендей болды. Бір-бірімен құшақтасты.

-Балаларым-ай! Иістерің Аталарыңкіндей хош иісті! – деп дауыс шығарды. Кейін өзін жинап:

-Әкелерің (хазреті Әли) қалай? – деп сұрасты.

-Әкеміз сізді көруді қалайды, – деді олар.

Кейін хазреті Хасан сұрады:

-Атамыз сізді қатты жақсы көретін еді. Оның естелігі ретінде сізден бір нәрсе сұрасақ істейсіз бе?

Хазреті Билал таңқалып:

-Бұл не дегенің?! Не сұрасаңдар да істеймін!

-Бүкіл Мәдиналықтар сияқты, біз де сізден бір рет болса да, азан тыңдауды қалаймыз. Өтінішіміз осы ғана.

-Ата-анам сендерге пида болсын! Айтқандарың болсын!

 

Мәдиналықтар орнынан тұрды

Ертеңіне таңертең Билал Хабеши хазреттері соңғы азанын Мәсжиди Нәбәуиде оқыды. Сезім мен қайғыға толы дауыспен:

«Аллаһу әкбар! Аллаһу әкбар!» деген кезінде бүкіл Мәдина халқы орнынан тұрды.

«Әшһәду әл лә илаһа иллаллаһ!» және «Әшһәду әннә Мухаммадән Расулуллаһ!» дегенде әйел-еркек, жас-қарт, бала-шаға, тіпті төсектегі науқастар да көшеге жүгіріп шықты. Пайғамбарымызды тірі екен деп ойлап қалды.

Сол күннен бері әлемде ондай азан әлі оқылмады. Билал Хабеши хазреттері де одан кейін азан оқымады. 641 жылы Шамда қайтыс болды.