15 - Шәууал, 1445 жыл.
     24 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Құнды насихаттардан

Құнды насихаттардан

Сұрақ: Балалар мен жастарға күнделікті қажет болатын бірнеше насихат айтасыз ба?

Жауап: Ислам ғалымдарының насихаттарынан кейбірлері:

1) «Бисмиллаһпен басталмаған әр маңызды іс нұқсан қалады» хадис шәрифін ұстанып, барлық істі Бисмиллаһпен бастау керек. Аллаһу та'ала хазреті Исаға «Жатқанда, тұрғанда, отырғанда, түрегеп тұрғанда, түскенде, шыққанда, тоқтағанда, жүргенде Бисмиллаһ оқы! Қияметте бір адамның амал дәптерінде 800 Бисмиллаһ бар болса, ол адам маған сенген және менің Раб екенімді растаған болады. Оны тозақтан шығарып, жәннатыма кіргіземін» деген.

2) «Жұмысқа ерте барған адамның ісі берекетті болады және жетістікке жетеді» хадис шәрифін ұстанып, таңертең ерте тұрып, жұмысты ерте бастау керек. Ибн Аббас хазреттері таңертең ұйықтап жатқан баласына «Ризықтар таралатын уақытта ұйықтауға болмайды. Бұл уақытта ұйықтау жалқаулықтың белгісі, бұл ұмытшақтыққа себеп болады» деген. «Таңғы ұйқы ризыққа тосқауыл» және «Намаз ұйқыдан қайырлырақ» хадис шәрифтерін ешқашан ұмытпай, таң намазын өткізіп алмаудың қажетті шараларын алдын ала жасау керек.

3) Намаздарды уақыты кірген кезде дереу оқу керек. Сүйікті пайғамбарымыздың соңғы сөзі «Намазға қатты мән беріңдер!» болған еді. Хусейн Хилми бин Саид хазреттері де «Намазға кедергі болатын істе қайыр жоқ» дейтін еді.

 

Кіммен болғаның маңызды

4) «Адамның діні досының діні сияқты. Олай болса, кіммен достық құрғандарыңа мән беріңдер!» хадис шәрифінде білдірілгеніндей, бүкіл жамандықтардың басы – жаман дос. Олай болса, салихтармен дос болу керек. Аталарымыз да «Досыңның кім екенін айт, сенің кім екеніңді айтайын» деген. Жақсы адам болу үшін жақсылармен бірге бол! Әулиелеріміз «Кім екенің емес, кіммен бірге екенің маңызды» дейтін еді.

5) Атамның екі насихаты мені мазһабсыз және дінсіз болудан қорғаған. Біріншісі, Мизрақлы Илмихалын оқуым керек екенін айтатын, аят пен хадистерде білдірілгеніндей, Асхаби кирамның бәрін толық жақсы көру керек екенін айтатын еді. Әсіресе хазреті Муауияға тіл тигізбеу керек екенін ескеретін еді. Бұл насихат Әһли сүннет сенімінде болуыма себеп болды. Екіншісі, үлкен ғалым ретінде танылған кейбір адамдардың дін дұшпаны екендігін айтатын еді. Бұл да менің дінсіз болудан құтылуыма себеп болды.

6) Түскі уақыттарда аз болса да ұйықтап алу денсаулық тұрғысынан пайдалы. Бұған қайлулә дейді, бұл сүннет болып табылады.

7) Бір нәрсе сатып аларда, қымбат болса да, жақсы және сапалысын ал! «Арзан еттің қуырдағы да желінбейді» және «Арзан зат алатындай дәрежеде бай емеспін» делінген. Әсіресе үй мен көліктің жақсысын алу керек, су мен майдың да жақсысын таңдау қажет.

8) Зәруліксіз ешкімді ешкімге және ешбір мансапқа шағымданбау керек.

9) «Сағаттарыңды бір минутқа алға жылжытып қойыңдар» делінген. Жеке өзім мұның көп пайдасын көрдім. Намазды уақытында оқуға, кездесулерге, автобусқа уақытылы жетіп баруға себеп болған.

10) Марқұм әкем «Аяқ киім мен киім-кешекті кеңірек қылып ал!» дейтін еді. Әсіресе намаз оқитын адамның тар шалбар киюі дұрыс емес.

 

Аллаһты және өлімді ұмытпа!

11) «Саған жасалған жақсылықтарты тасқа, саған жасалған жамандықтарды құмға жаз!» делінген. Хазреті Лұқман айтатын еді: «Екі нәрсені ұмыт, екі нәрсені ұмытпа! Жасаған жақсылықтарыңды ұмыт, мұны айтып жүрме! Өйткені әр айтқаныңда сауабы азая береді. Саған жасалған жамандықтарды ұмыт! Өйткені сабыр еттің, Аллаһу та'ала саған мұның сауабын берді, әр айтқаның сайын мұны жоғалта бересің. Екі нәрсені ұмытпа! Аллаһу та'аланы және өлімді...»

12) Туысқан болса да, әйел-еркек аралас отырмау керек. Туысқаны деп мән берілмесе, балдыз-жезде, қайынаға-жеңге оқиғалары көп байқалған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) «Әйелдермен жалғыз қалудан сақтаныңдар!» дегенде сол жердегілер «Әйелдің қайын аға-інісі, жездесі сияқты туыстармен жалғыз қалуы да дұрыс емес пе?» деп сұрады. «Қайын аға-іні одан да қауіптірек, өлім сияқты» деп жауаптады.

13) Абдулқуддус хазреттері «Уақыттың қадірін біл! Күндіз-түні ілім үйренуге тырыс! Ілім үйрену ғибадат жасау үшін қажет. Қиямет күні амалдан сұралады, «Көп ілім үйрендің бе?» деп сұралмайды. Амал мен ғибадат та ықыласқа қол жеткізу үшін қажет» деген. Олай болса, Имам Раббани хазреттері білдіргеніндей, ілім, амал және ықыластың үшеуі бірге болуы қажет. Бірі болмаса, қалған екеуінің пайдасы жоқ.

14) Әулиелеріміз «Көп жүрген аяқ киім үйге ластық алып келеді» дейтін еді. Сондықтан бақытты көшеде емес, үйдің ішінде іздеу керек.