22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ықылас болмаса...

Ықылас болмаса...

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала ықыласты адамдардың жәрдемшісі, қорғаушысы. Ықылас болмаса, бүкіл нәрсе нұқсан болады, адамның басы дерттен құтыла алмайды.Аллаһу та'ала «Ықыласпен ғибадат еткен адамды жәннатқа кіргіземін» деген. Аллаһ сөзінен қайтпайды. Ықыласпен орындау шартымен, кімде-кім ғибадат жасаса, оның баратын жері – жәннат. Бәлам Баура, Саләбә, Ибн Сакка сияқты жылдар бойы ғибадат еткен адамдар ықыласы болмағаны үшін тозаққа кетті. Егер олар ықыласты болғанда еді, яғни бұл қызметтерінде, бұл ғибадаттарында көздегені дүниелік, ақша және атақ-даңқ болмағанда еді, баратын жерлері жәннат болар еді. Маруф Кәрхи хазреттері «Ықыласты болыңдар, әйтпесе құрисыңдар» деген. Осы тұрғыдан, қызметтеріміз, ғибадаттарымыз, жұмыстарымыз, егер бір ширкке тимесе, нәпіске, шайтанға, дүниелікке тимесе, қорқатын ештеңе қалмайды. Өйткені Хақ та'ала ықыласты болғандарға сөз берген.

Ақшаның Ислам дініндегі орны – қалта, жүрек (көңіл) емес. Егер ақша жүрекке орналасса (көңіл) болса, бұл хан сарайына қоқыс тастағанмен тең. Аллаһу та'ала жүректі (көңілді) өзі үшін жаратқан, ақша үшін емес.

Ақша жүректе орнықса, бес тиын болса да, пәлекет. Егер ақша қалтада болса, жүректе ақшаға деген сүйіспеншілік болмаса, триллиондаған ақша болса да, ешқандай зияны болмайды. Бүкіл мәселе ақшаны өз орнына қою. Әйтпесе бұл кедейлік-байлық мәселесі емес, тікелей жүрек (көңіл) мәселесі. Жүрек немен әуре, міне осы маңызды. Шах Нақшибәнд хазреттері айтып берген:

«Өмірімдегі маған ең оғаш болып көрінген мынадай жағдай өткен. Бір күні ақ сақалды бір қарт Қағбаның жамылғысына жабысып, сүйіп, көзіне тигізіп жатқан еді. Көздерінен жастар ағып жатты. Оның бұл жағдайына сүйсіне қарадым. «Сен оның жүрегіне қара!» деген илхам (ой) келді. Жүрегіне назар салдым. Ауылдағы екі ешкісі мен бірнеше қойларын ойлап жатты. Таң қалдым. Бұл жерден Мина базарына келдім. Қарасам, бір жас жігіт елу мың алтын құнында сауда-саттық жүргізіп жатты, тек саудамен әуре. «Әттеген-ай, бұл жігіт құрыды. Осыншама ақшаның ішіне батты» деп ойладым. Тағы да «Сен оның жүрегіне қара!» деген илхам келді. Жүрегіне назар салсам, әр сәтте жүрегі «Аллаһ» деп тұрды. «Ақы өтіп кетпесін, дініме зиян тимесін» деп дірілдей бастадым, «Субханаллаһ!» дедім. Йа, Раббым, осыншама байлық арасында бұл жігіт «Аллаһ» дейді. Ал әлгі адам жоқшылық ішінде де, Қағбаның алдында тұрса да «Ешкілерім» деген уайымда.»