19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Құран – мүминдер үшін шипа

Құран – мүминдер үшін шипа

Сұрақ: Бас ауруыма қарсы дәрігерлер ешқандай шарасын таба алмады. Ауруды басатын дәрілер қолдана беріп асқазаным бұзылды. Білетін бір дәріңіз бар ма? Сондай-ақ, дұға және шипа аяттарының маңызы қандай?

Жауап: Ыстық суға шомылып, соңында аяқтарға суық су құю бас ауруына қарсы жақсы келеді. Бұл жайында хадис шәриф мынадай:

«Моншадан шығарда аяқтарды суық сумен жуу бас ауруын кетіреді.» (Әбу Нуайм)

Құран кәрімде «Құран – мүминдер үшін шипа және мейірім» делінген.

Хадис шәрифтерде де былай делінеді:

«Құран кәрімнен шипа күтпеген адам шипаға қауыша алмайды.» (Ибн Мажа)

«Ясин сүресі жазылған қағазды суға салып, сол суды ішкен адамға мың рахмет, мың берекет, мың шипа кіреді және одан мың ауру шығады.» (Рифаи)

«Мына екі шипа қайнарын қалдырмаңдар: Бал және Құран.» (Ибн Мажа)

«Дұға бәле-жаланың алдын алады, дұға етіп тұрыңдар.» (Тирмизи)

«Фатиха уға және барлық ауруға қарсы шипа.» (Бәйһақи)

«Жүректің шипасы – зикруллаһ (Аллаһу та'аланы зікір ету, еске алу) (Бәйһақи)

«Аллаһу та'аланы зікір ету – шипа, халықты зікір ету – дерт.» (Бәйһақи)

«Ауруды беруші шипасын да береді.» (Хаким)

«Харам болған нәрселерде шипа жоқ.» (Бұхари)

«Түшкіргенде "Әлхамдулиллаһ" деп айту барлық дертке шипа.» (Хаким)

«Жұма күні тырнақ қырқу шипа әкеледі.» (Әбушшәйһ)

«Мүминнен артылғандар – шипа.» (Фәтауа-и Кубпа, Әл-Мәдхал)

«Жомарттың тамағы шипа, сараңдікі – ауру.» (Хатиб)

«Шипа беруші тек Аллаһу та'ала.» (Әбу Дауд)

 

Жеті рет Фатиха оқылып, аурып тұрған жерге үрленсе, шипа болады. (Тәфсири Азизи)

Бас ауруына қарсы дәретті күйде Бақара сүресінің 196-шы аятын «фәмән...»-нен бастап, «әу-нусук»-ке дейін жазылып, басқа қойылады. Ислам әріптерімен басына Бисмиллаһ және соңына «Ускун лиллаһ» жазылады. (Мәнафиун-нас)

Осман бин Әбил'ас науқастанды, қатты ауырды. Расулуллаһ алейһиссалам «Ауырып тұрған жерді қолыңмен жеті рет сипа! Әр сипағаныңда "Әузу би'иззәтиллаһи уә қудратиһи мин шәрри мә-әжиду уә ухазиру" деп оқы!» деп бұйырды. Дәл солай жасады және ауруы мүлдем қалмады. (Бостан)

Шипа аяттарын дәретті болып жазып, сол қағазды бір ыдыстағы суға салу керек, бұл суды науқас ішсе, Аллаһу та'ала шипа нәсіп етеді. (Мәуаһиб)