18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Жаман адамға жақсылық жасалса

Жаман адамға жақсылық жасалса

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Жақсылық жасаған адам жақсылық көреді. Бірақ жаман адамға жақсылық жасаған кісі одан жамандық көреді. Өйткені оның табиғаты сондай. Сүйікті пайғамбарымыз: «Жақсылық жасаған адамдарыңның жамандығынан сақтаныңдар» деген.

Марқұм Хусейн бин Саид хазреттері айтқан:

«Бұл хадис шәрифте барша адамға емес, жаман адамдарға жасалатын жақсылық жайында айтылуда. "Жаман адамға жақсылық жасасаңдар, әр сәтте одан сақтаныңдар, қорқыңдар" деген сөз. Болмысы, мінезі жаман болса, көп қиындық шегеміз. Адам жақсы болса, оған жақсылық жасаудың еш зияны жоқ, тіпті өте жақсы болады. Бірақ адамның табиғаты, мінезі жаман болса, мәжбүр болып оған бір жақсылық жасаған болсақ, одан келуі мүмкін болған зияндардан өзімізді қорғауымыз керек.»

Лайық болмаған кісілерге жасаған жақсылығымыз, тигізген пайдамыз себебінен көп қиындық көреміз. Лайық болған-болмағаны араға жеке пайда кірген кезде мәлім болады. Өз пайдасын жоғары қойған адам дінімізге қызмет етуге лайықты емес. Өйткені қызмет пайда көру үшін емес, өзгелерге пайда тигізу үшін жасалады. Асхаби кирам өз пайдасын ойлау былай тұрсын, жандарын, малдарын пида етті және үйлеріне кері қайтпау шартымен бүкіл әлемге тарап кетті. Құран кәрімде «Әркім өзіне лайықты болған істі атқарады» делінген.

Көріпкелдердің кеңесімен перғауын туылған бүкіл ұл балалардың өлтірілуін әмір етеді. Сол кездері екі Мұса дүниеге келеді. Біріншісін бір бейшара әйел баласын үңгірде туады. Есімін Мұса деп қояды. Бірақ өлуден қорқып, баланы тастап қашып кетеді. Аллаһу та'ала бұл балаға қарап, өсіру үшін Жәбірейіл алейһиссаламды міндеттейді. Екінші Мұсаны анасы «Бәлкім, осылай құтылар» деген оймен сандықтың ішіне салып, өзенге жібереді. Ол өзеннің ағысымен перғауынның сарайының есігіне келеді. Перғауынның әйелінің сұрауымен сарайдың ішіне кіргізіледі. Сөйтіп, бірі перғауынның тамағын жейді, екіншісі Жәбірейіл алейһиссалам арқылы жәннат тағамдарын жейді. Сарайда перғауынның тамағымен өскен Мұса алейһиссаламның пайғамбар болғандығы байқалады. Үңгірде Жәбірейіл алейһиссалам өсірген, асыраған Мұса Самири болады, Мұса алейһиссаламға қарсы шығады, дінсіз болады. Тих шөлінде адамдардың алтындарын, әшекей бұйымдарын жинап, балқытады да, бұдан бұзау жасайды, «Мұсаның тәңірі осы. Осыған табыныңдар!» деген мұнафиқ болады. Өйткені оның табиғаты, болмысы нашар еді.