18 Желтоқсан 2017   


  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Қабір басында Құран оқу

Қабір басында Құран оқу

Сұрақ: Өздерін сәләфи деп атайтын кейбір жастар мазарда Құран оқуға болмайды дейді. Қабір басында Құран оқу сүннет емес пе?

Жауап: Иә, сүннет. Құнды деректердегі мәліметтер мынадай:

«Қабір басында отырып, Құран оқуға болады.» (Халеби-и кәбир, 496 бет)

Ахмед бин Ханбал айтқан: «Мазарға кіргенде Фатиха, Фалақ, Нас және Ихлас сүрелерін оқыңдар! Сауабын өлілерге жіберіңдер! Сауабы бәріне жетеді.» Хадис шәрифте: «Бір адам мазардан өтіп бара жатқанда 11 рет Ихлас сүресін оқып, сауабын өлілерге бағыштаса, оған өлілердің санындай сауап беріледі» делінген. (Әфтал-ул мүслимин – Имам Биргиуи)

«Мазарда Құран оқу сүннет.» (Сәйид Ахмед Тахтауи)

«Мазарда Құран оқып, сауабын өлілерге бағыштау керек.» (Фәтауа-и Хиндийа, 5 том, 350 бет)

«Мазарда дауыстап немесе жай дауыспен Мүлк сүресін немесе басқа сүрелер оқуға болады.» (Захира)

«Өлінің Құран дауысын естіп, рахаттануына ниет еткен адам жоғары дауыспен оқиды.» (Ханийа)