30 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Біреудің затын рұқсатсыз қолдану

Біреудің затын рұқсатсыз қолдану

Сұрақ: Өте жақын досымның затын оның хабарынсыз қолдануыма немесе азықтарын жеуіме болады ма?

Жауап: Біреудің затын рұқсатсыз қолдану харам болып табылады. Мысалы досының қаламын оның хабарынсыз алып, сол қаламмен хат жазу харам болады.

Досының қалтасындағы немесе үстеліндегі кәмпит сияқты нәрселерді жеу де осындай жаиз емес. Тек өте жақын болған және жүз пайыз рұқсат беретіндігі мәлім болған досының затын қолдану немесе жеу рұқсат. Бірақ қазір мұндай дос табу өте қиын. Сондықтан су-и занға (жаман ойлауға) себеп болатын нәрселерден сақтану қажет.

Фәтх-и Мусули хазреттері бір досының үйіне барды. Досы үйінде жоқ еді. Қызметшісі ғана бар еді. Одан сандықтың кілтін сұрады. Қызметшісі оны танығандықтан кілтті берді. Фәтх-и Мусули хазреттері сандықты ашып, қажетінше ақша алып, кетіп қалды. Досы мұны естігенде қатты қуанды. Дереу қызметшісін (құлын) азат етті.

Осындай жоғары дәрежеге жеткен бұрынғы әулиелер ақшаға қажеттілігі туындағанда достарына жағдайды айтады. Достары да «Қанша ақша қажет?» деп сұрамайды, әмиянын шығарып беретін еді. Достары қажет болғанын әмияннан өздері алатын еді. Тіпті кейбірлері бір досы ақша сұраса, «Неге оның мұқтаждығын ертерек байқамадым, неге оны сұрауға мәжбүр қылдым» деп мұңайып жылайтын еді. Жиі жиі достар мұқтаждығының бар-жоғын сұрасып тұратын еді. Онсыз да достан «Қалайсың?» деп сұрау «Қандай қажеттілігің бар болса айт, мүмкін болса, шарасын табайық» деген сөз. Сөз болсын деп «Қалайсың?» деп сұрасу шынайы достыққа жатпайды.

 

Біреудің хатын оқу

Сұрақ: Маған кейбір достарымның ғаламторда кіммен хат жазысқаны, не жазғаны қызық. Қандай да бір жолмен немесе құпиясөзін бұзып біреудің электрондық поштасындағы хаттарын оқу, компьютердегі басқа да жазуларын және жеке суреттерін көру күнә ма, құл (кісі) ақысына жатады ма?

Жауап: Өзі рұқсат берген болса, онда күнә болмайды. Рұқсатсыз қарау үлкен күнә болады, құл ақысына да кіреді. Жалпылама рұқсат берілетін болса да, компьютерінде жеке мәліметтері бар болғандықтан, қажеттілік мөлшерде көріп, «Тағы не бар, не жоқ» деп ақтарып отырмау керек. Төрт хадис шәрифтің мағынасы мынадай:

«Досының жазуына рұқсатсыз қараған адам тозақ отына қараған болады.» (Табарани)

«Досының хатына рұқсатсыз қараған адам отқа қараған болады.» (Әбу Дауд)

«Рұқсатсыз бір үйдің ішіне қараған адам харам істеген болады.» (Әбу Дауд, Тирмизи)

«Біреудің үйіне рұқсатсыз қараған адамның көзі ойылса да орынды болады.» (Мүслим)

Біреудің жеке мәліметтеріне рұқсатсыз қарау құл ақысына жатуымен қатар, она басқа біреуге көрсету де сөз тасуға, ғайбатқа кіреді. Бұлар да харам болып табылады. Бір адамға электрондық хат жібергенде ол хатта өз жазбаларынан басқа біреудің де жазбалары, бұған дейін берген жауаптары да бар болса, жасырын бөлімге басқалардың пошта адресін жазып, оларға да жасырын түрде жіберу – ол жазуларды басқаларға көрсету болады.

Осындай бір нәрсе жасалған болса, тәубе ету керек және ол адамнан кешірім сұрап, халалдасу (разылығын алу) керек.

 

Сұрақ: Жұмыс орнында программист болып, яғни жұмыстағы қызметкерлердің компьютерлерін қадағалаушы қызметін атқарамын. Біреудің жазбасына, компьютеріне рұқсатсыз қарау күнә болса, менің қарауым да күнә болады ма?

Жауап: Жұмысқа байланысты қажеттілік болмаса, қарау күнә болады. Қажеттілік бар болса, қажетінше қарауға болады.

 

Жеке істерде қолдану

Сұрақ: Жұмыс орнында ғана қолдануға арналған бір құралды бастықтан рұқсат алмай, өз істерімізде қолдануымыз күнә болады ма?

Жауап: Ешбір құралды рұқсатсыз қолдануға болмайды. Тек жұмыс орнына зияны тимейтін болса және әдет болған нәрсе болса, мысалы телефонды зарядтау, жұмыс орнының электр қуатын пайдаланып, электр ұстарамен қырыну, дәрет немесе ғұсыл үшін жұмыс орнының суын қолдану, компьютерде жеке хаттар жазу сияқты нәрселерде көбіне рұқсат беріледі. Осы тұрғыдан рұқсатсыз қолдануға болады.