24 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Неке және отбасы / Шафииде неке және талақ

Шафииде неке және талақ

Неке келісімінің сахих болып орындалуы үшін біршама негіздердің бар болуы қажет. Бұларға некенің рукндері делінеді.

 

Некенің рукндері мыналар:

1) Күйеу. Оның мұсылман болуы, қажылық немесе умра үшін ихрамда болмауы керек. Уәли, күйеу немесе екеуінен бірі, яки әйел ихрамда болған кезде қиылған неке сахих емес. Одан бөлек еркектің үйленбекші болған әйелді есімімен немесе жеке тануы және онымен үйленуге тосқауыл болатын жақындықтың жоқ екендігін білуі де қажет.

 

2) Әйел. Оның да қажылық немесе умра себебімен ихрамда болмауы керек. Одан бөлек әйелдің басқа біреумен некелеспеген болуы да қажет.

Күйеуінің өлуі және ажырасқан болуы себебімен «Иддет» күткен әйелдің күтуі керек болған мерзім өтпестен үйленуі жаиз (рұқсат) емес.

Мұсылман әйел мұсылман болмаған еркекке түбегейлі үйлене алмайды. Бірақ мұсылман еркек «Әһли кітап» болған христиан және яһуди әйелге үйлене алады.

 

3) Уәли. Оның мұсылман болуы, қажылық немесе умра үшін ихрамда болмауы керек. Одан бөлек уәлидің ақылды, балиғатқа толған, еркек және «Әділ» болуы, яғни фасық (күнәхар) болмауы да шарт. Фасық болған уәли тәубе еткен кезде сол сәтте қызын үйлендіре алады. Әйелден уәли болмайды, яғни әйел өзін де, басқа әйелді де үйлендіре алмайды Уәлисіз неке болмайды. Бірінші дәрежедегі уәли – әке. Ол жоқ болса немесе уәлидің шарттарына ие болмаса, уәлидің одан кейінгі жақындарына өтеді. Әкеден кейінгі уәлилер ретімен төменде:

Әкенің әкесі (ата).

Ата-анасы бір бауыры.

Әкесі бір бауыры.

Ата-атасы бір бауырының баласы.

Әкесі бір бауырының баласы.

Ата-анасы бір көкесі.

Әкесі бір көкесі.

Ата-анасы бір көкесінің баласы.

Әкесі бір көкесінің баласы.

 

4) Екі куәгер. Олардың мұсылман, ақылы кірген, балиғатқа толған және еркек болуы керек. Одан бөлек есту, сөйлеу және көру мүшелерінің сау болуы қажет. Куәгерлердің неке келісімін жасаған тараптардың айтқандарын түсінуі және неке келісімі жасалған күнін, сағатына және сәтіне дейін сақтап қоюы керек.

Сондай-ақ, куәгерлердің қыздың уәлиі жағдайында болмауы да қажет. Куәгерлердің «әділ» болуы да шарт. Әділет – сондай бір қасиет, адамды үлкен күнә және қадірсіз кішкентай күнә істеуден тартады.

 

5) Ақд (келісім). Келісімді былай жасауға болады:

Әуелі мына дұға оқылады: «Әлхамдулиллаһи нәсәинуһу уә нәстағфируһу уә нәузу биһи мин шурури әнфусина, мән йәхдиллаһу фәлә мудиллә ләһу, уә мән йудлил фәла хадийа ләһу, әшһәду ән лә илаһә иллаллаһу, уә әшһәду әннә Мухаммадән абдуһу уә расулуһу», (кейін Ниса сүресінің 1-аяти каримасы «рақибән»-ге дейін, кейін Али-Имран сүресінің 102-аяти каримасы «уә әнтум муслимуна»-ға дейін, кейін Ахзаб сүресінің 71-аяти каримасы «азимән»-ге дейін оқылады.) (Әбу Дауд)

Кейін (күйеуге) былай айту мүстаһаб: «Узәууижука алә мә әмәраллаһу биһи мин имсакин би маруфин әу тәшрихин би ихсанин.»

Кейін некені былай қиюға болады. Мысалы қыздың әкесі күйеу жігітке былай айтады: «Мен қызым Зейнепті үш алтын ақша мәһірмен саған инкаһ еттім.» Күйеу жігіт те: «Мен сіздің қызыңыз Зейнепті некесін үш алтын ақша мәһірмен өзімен қабыл еттім» дейді.

«Инкаһ» сөзінің орнына «Тәзуиж» сөзін де қолдануға болады. Ол кезде келісім былай жасалады, мысалы, қыздың әкесі күйеу жігітке былай дейді: «Мен қызым Зейнепті үш алтын ақша мәһірмен саған тәзуиж еттім (үйлендірдім).» Күйеу жігіт те «Мен сіздің қызыңыз Зейнептің тәзуижін үш алтын ақша мәһірмен өзіме қабыл еттім» дейді.

Егер уәли басқа біреуді уәкіл еткен болса, уәкіл былай дейді: «Мен уәкілі болған Ахмедтің қызы Зейнепті үш алтын ақша мәһірмен саған инкаһ еттім.» Күйеу жігіт айтады: «Мен сіз уәкілі болған Ахмедтің қызы Зейнептің некесін үш алтын ақша мәһірмен өзіме қабыл еттім.»

Некеден кейін мына дұғаны оқуға болады:

«Бисмиллаһиррахманиррахим әлхамду лиллаһи раббил алеминә уә саллаллаһу алә сәйидина уә мәулана Мухаммадин уә алә Алиһи уә Сахбиһи уә сәлләмә әжмаинә.

Аллаһумма-ж ал һәзәл ақдә мәймунән мубарәкән уәж-ал бәйнәһума улфәтән уә мәхаббәтән уә қарарән уәлә тәж-ал бәйнәһума нәфрәтән уә фитнәтән уә фирарән.

Аллаһумма әллиф бәйнәһума кәмә әлләфтә бәйнә Адәмә уә Хаууа уә кәмә әлләфтә бәйнә сәйидина Мухаммадин саллаллаһу алейһи уә сәлләмә уә бәйнә Хадижәт-әл-кубра уә бәйнә Сәйидина Алиййин уә Фатимәт-әз-зәхра радиаллаһу анһум.

Аллаһумма ати ләһума уәләдән салихан уә умран тауилән уә ризқан уәсиан.

«Раббана һәб ләна мин әзуажина уә зурриятина қурратә айунин уәж-алнә лил-муттақина имамән» (Фурқан 74)

«Раббана әтина фиддуния хасанатан уә фил ахирати хасанатан уә қина азабаннари» (Бақара 201)

Субхана раббика Раббил иззәти амма йәсифунә уә сәләмун аләл мурсалинә уәлхамду лиллаһи раббил аләмина.» (Саффат 180-182)

Неке қиылғаннан кейін күйеу жігітке былай айту сүннет: «Баракаллаһу ләкә уә барака алейка уә жәмәа бәйнәкума фи хайрин.» (Тирмизи)

 

Мәһір деген не?

Мәһір – еркектің неке келісімі себебімен келіншегіне беруі мәжбүр болған мүлік. Бұған «садақ» та делінеді. Мәһірден сөз қозғалмай қиылған неке мәкрух болады, бірақ сахих болады. Бірақ сонда да мәһірдің берілуі керек.

Мәһірдің 10 дирхамнан аз болмауы және 500 дирхамнан да көп болмауы сүннет.

 

Некелесу харам болған әйелдер

Некелесу харам болған, яғни үйлену діни тұрғыда тыйым салынған әйелдер мыналар: Ана, әже (әкенің анасы, ананың анасы), қыз, немерелер, қыз бауырлар, қыз бауырының қыздары, тәтелер, нағашы тәтелер, әкенің және атаның тәтелері, әйелінің анасы және әжелері, өгей қыздар және өгей балаларының қыздары және немерелері, өгей ана, балаларының және немерелерінің әйелдері. Бір адамның әйелі қайтыс болса да, бұлардың ешбірімен үйлене алмайды.

Сондай-ақ, адам әйелі өлмегенше немесе онымен ажыраспағанша балдызы, әйелінің тәтелері, әйелінің қыз жиендерінен және әйелінің жиендерінің қыздарынан ешбірімен үйлене алмайды.

 

Сүт арқылы туыстық

Сүт емген кісі сүт емген әйелдің және күйеуінің өз баласы сияқты қабыл етіледі. Сүт емген кісі ол әйел мен күйеуінің өз баласы болған жағдайда, олардың қай жақындарымен үйленуі харам болса, бұл жағдайда да олармен үйленуі харам. Сүт емген адамның балалары да ол әйел мен күйеуінің немерелері үкімінде. Бірақ сүт емген адамның бауырлары оның сүт анасымен және сүт анасының қыздарымен үйлене алады. Сүт бауырлықтың жүзеге асуы үшін мына үш шарт қажет:

1) Сүт емген сәбидің сүтті емгенде екі жасқа әлі толмаған болуы.

2) Ең аз дегенде сүтті бөлек-бөлек бес рет болуы.

3) Емізудің әр кезінде сүттің сәбидің қарнына жетуі.

Егер бұл шарттардың бірі кем болса, сүт бауырлық пайда болмайды.

 

Талақ (ажырасу)

Талақ – неке бауларын үзу деген сөз. Әр еркектің үш талаққа ақысы бар. Талақ, яғни ажырасу сөздері «Сарих», яғни ашық сөздер және «Қиная», яғни жабық мағыналы сөздер болып екі түрлі болады.

1) Сарих ажырасу сөздері: «Талақ» (босату), «Сарах» (тастап кету) және «Фирақ» (ажырасу). Бұлардан басқа тілдердегі баламалары да бұлардың үкімінде. Одан бөлек бір жерде әйелді босату үшін қолданылуы әдетке айналған сөздер де сарих ажырасу сөздері болып табылады. Мысалы қазақшадағы «Сен боссың», «Сені босаттым» сөздері сияқты. Бір еркек бұл сөздердің бірін қалжыңдап айтса да, егер бұл сөздердің басқа мағынада қолданбағаны ашық мәлім болса, әйел босаған болып саналады. Күйеуінің «мен ажырасу мағынасында айтпадым» деуі өтпейді.

2) Қиная ажырасу сөздері болса ажырасу мағынасына келуімен қатар, басқа мағынаға келетін де сөздер. Мысалы: «Әкеңнің үйіне кет», «Үйімнен кет» және «Қайда кетсең онда кет» сөздері сияқты. Осындай сөзді айтарда ажырасуды көздеген адамның әйелі босаған болады, басқа бір мағынаны көздесе, бос болмайды.

Үш рет талақ берілген немесе бір ретте үш талақпен ажырасқан әйел күйеуіне харам болады. Бір адамның осы түрде ажырасқан әйелімен қайтадан үйлене алуы үшін әйелінің иддеті біткеннен кейін басқа бір адаммен үйленуі және бұл адамның оны босатуы және иддетінің бітуі керек.

Мұсылман еркек бұл мәселеге өте мұқият қарау керек және осындай сөздерді қолданудан қатты сақтануы керек.

 

Иддет мерзімі

Өлім, ажырасу немесе неке келісімінің бұзылуы себептерімен күйеуінен ажарысқан әйелдің басқа бір еркекке үйлене алуы үшін белгілі бір мерзім күтуі қажет. Міне осы күтуі қажет болған мерзімге «Иддет» делінеді.

1) Күйеуі өлген әйел: Күйеуі өлген әйелдің иддеті 4 ай, 10 күн.

2) Ажырасқан әйел: Ажырасқан әйелдің иддеті 3 «қур», яғни 3 тазалық. Яғни ажырасқанда таза болса, үшінші рет хайыз болумен, хайыз немесе нифас болса, төртінші рет хайз болу арқылы иддет бітеді.

3) Айиса (кәрі) немесе сағира (кішкентай) әйел: Яғни хайыз келуі тоқтаған немесе әлі хайз болмаған, кішкентай қыздың иддеті 3 ай.

4) Жүкті әйел: Қай себеппен болса да, күйеуінен ажырасқан әйел егер жүкті болса, тек туу арқылы иддеті бітеді.

5) «Духул»-дан бұрын, яғни жыныстық қатынаста болмай ажырасқан әйелдің иддет күтуі қажет емес.