19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Жаңа жыл тойлау және Рождество

Жаңа жыл тойлау және Рождество

Сұрақ: Жаңа жыл мен Рождество жайында мәлімет бересіз бе? Жаңа жыл тойлауға болады ма?

Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі бір емес, бірақ Рождество тойлаудың жалғасы болып саналғандықтан, жаңа жыл түнін христиандар сияқты тойлау, шыршаны кесіп, үйді шыршамен безендіру жаиз (рұқсат) емес. Өйткені мейрамдарында олар сияқты көңіл көтеру – оларға ұқсау болып табылады.

Діни кітаптарда жазылған:

Рождество күнінде және түнінде кәпірлердің пасха және діни мейрамдарында олар сияқты тойлаған адам күпірге түседі.

Жаңа жыл себебімен Қазақстанда және әлемнің әр түрлі жерлерінде миллиондаған шырша ағаштары Рождество аңызы үшін кесіліп жойылуда. Христиан мемлекеттерде болғанындай, мұсылман мемлекеттерде де осы қылмыстар жасалмау керек. Христиандарға ұқсамау үшін жаңа жыл түнінде күркетауық жемеу керек! Желінетін болса, мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жей беруге болады. Құмар ойнау, лоторея тарту сияқты ойындар болса онсыз да әр уақытта жаиз (рұқсат) емес. Бұл түнде кәпірлерге ұқсау мақсатымен әр түрлі тағамдар, сусындар алу да жаиз болмайды.

Күнде не алынатын болса, соларды алудың зияны жоқ. Бұл түнге ерекше қарамау керек.

Тек христиандардың ғана емес, яһудилердің және бүкіл қате діндердің ғибадаттарын орындау оларға ұқсау болып саналады. Мысалы 21 наурыз күні Наурыз мейрамын тойлау да осындай. Кәпірлердің ғибадаттары және жаман істерінен басқа мубах болған әдеттерін жасаудың зияны жоқ. Яғни оларға ұқсаған болып саналмайды.

Рождествоны тойлау түбегейлі жаиз емес. Бір зәрулік болса ғана жаиз болады. Мысалы мемлекеттер арасындағы ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтауға болады. Бірақ Рождествоға қатысы болмаған жаңа жылда бір мұсылманға құттықтау хатын жазып, жаңа жылдың адамдарға, мұсылмандарға қайырлы болуын тілеу күнә емес. Немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сенің де жаңа жылың құтты болсын» деп айту күнә болмайды. Осы айырмашылықты түсіну керек!

Мұсылман әр түні не істеп жүрген болса, бұл түні де соларды істеу керек! Қасиетті күндей мәуліт оқыту, сұхбаттар ұйымдастыру дұрыс болмайды. Бұл түннің өзге түндерден айырмашылығы жоқ. Бұл түнді қадірлі санағандай әрекет ету дұрыс емес. Мұсылман әр түні не істейтін болса, бұл түнді де солай өткізуі керек!

 

Рождествоны тойлау

Сұрақ: Бір жазушы: «Христиандардың өз мейрамдарын тойлауы – өз ақылары. Мұсылмандар да екі жақты құрмет ішінде ынтымақта өмір сүріп жүрген әһли кітаптың (кітапты кәпірлердің) қуанышына қосылады, олардың мейрамдарын тойлайды. Бұл мәселеде ешқандай жамандық көріп тұрған жоқпын» дейді. Бұл күпір болмайды ма? Дінімізде мұсылман болмағандардың мейрамдарын тойлау жаиз ба?

Жауап: Түбегейлі жаиз емес. Бұл жөнінде діни кітаптарда былай жазылған:

Мәжусилердің мейрамдары болған Наурыз және Михрижан күні құрметіне бір нәрсе беру жаиз емес. Бұл күндердің аттарын айтып немесе ниет етіп бір нәрсе сыйлау да харам. Егер бұл күндерді қадірлі санап орындаса, кәпір болады, өйткені бұл күнді мүшриктер қадірлі тұтады. Әбул Хафс-и Кәбир айтқан: Бір адам Аллаһу та'алаға елу жыл ғибадат жасаса, кейін бір мүшрикке Наурыз күнінің құрметіне жұмыртқа сыйласа, кәпір болады. Егер бір мұсылманға сыйлық беріп, бұл күнді қадірлі тұтпаса, қалыптасқан әдет бойынша берсе, кәпір болмайды. Басқа күні алмаған нәрсені сол күні сатып алса, ол күнді қадірлі санаса, кәпір болады. Қадірлі деп санамай, тек ішіп-жеу үшін алған болса, кәпір болмайды. (Дуррул мухтар, 5/481)

Бәззазийада: «Наурыз күні – мәжусилердің (отқа табынушылардың) мейрамы. Ол күні мәжусилердің қасына барып, олардың істегендерін қайталап істеу күпір болып табылады» делінген. Рождествоны және кәпірлердің пасхаларын олар сияқты тойлаған адам да кәпір болады. (С.Әбәдийа)

Зуннар деп аталатын поп белдігін байлау және пұттарға, мүсіндерге, мысалы крест деп аталатын Иса алейһиссалам керілді деп саналған бір-біріне перпендикуляр жабысқан екі шыбыққа табыну, мойынға іліп құрметтеу, құрметтеуіміз әмір етілген нәрсені қорлау, қорлауымыз әмір етілген нәрсені құрметтеу күпір болып табылады. Бұларды жасаған адамның иманы кетеді, кәпір болады. (Биргиуи өсиетнамасы шәрһі, 115, 202 беттер)

Имам Раббани хазреттері былай деген: «Үнділердің мейрам күндерін (отқа табынушылардың Наурыз күндерін және христиандардың Рождество түндерін және басқа да пасхаларды) құрметтеу және сол уақыттарда олардың әдеттерін олар сияқты жасау ширк болады. Күпірге себеп болады. Кәпірлердің мейрамдарында мұсылмандардың сауатсыздары кәпірлердің жасағандарын қайталап істеп жүр және бұл күндерді мұсылман мейрамы санап жүр. Кәпірлер сияқты бір-біріне сыйлық беріп жіберіп жүр. Заттарын, дастархандарын кәпірлер сияқты безендіріп жүр. Ол түндерді басқа түндерден ерекше қылып өткізеді. Бұлардың бәрі ширк, кәпірлік.» (Мәктубат 3/41, С.Әбәдийа)

Ибн Абидин хазреттері 5-ші томда, истибра бабында: «Қажеттілік туындағанда зиммиге (мұсылман мемлекетінің азаматы болған кәпірге) сәлем беру және қол алысу рұқсат. Ал құрмет үшін болса рұқсат емес. Кәпірді құрметтеу күпір болады» делінген. (С.Әбәдийа)

Кәпірді құрметтеу, құрметпен сәлем беру, «Ұстазым» деп айту күпір болады. (Бәриқа, И.Ахлақы)

Бұл жазушы мұсылмандардың кәпірлерді құрметтеуін қалайды. Жоғарыдағы жазбалардан ондай құрметтің де күпір болатындығы аңғарылуда. Христиандарды разы қылу үшін күпірге түсу ақылды адамның ісі емес.

 

Рождество түнінің уақыты

Сұрақ: Христиандардың діни мейрамы болған Рождество түні қашан?

Жауап: Иса алейһиссалам дүниеде аз өмір сүріп, аспанға шығарылғандықтан, оны тек 12 хауари біліп, Исауилар аз және ғасырлар бойы жасырын өмір сүргендіктен, Рождество түні дұрыс анықтала алмаған. 25 желтоқсан, 6 қаңтар немесе басқа бір күн. Нақты емес. (Тәкуим-и Әбуззия)

«Григоряндық жыл санағы ең аз дегенде 300 жылға кем, өйткені Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасындағы уақыт мың жылдан аз емес.» (Бурхан-и кати)

«Иса алейһиссалам мен Мұхаммед алейһиссалам арасында 963 жыл бар.» (Мәуаһиб-и ләдунийа)

«Хижри жыл санағы нақты. Григоряндық жыл санағы дұрыс және нақты емес. Күні де, жылы да қате.» (С.Әбәдийа)

 

Сұрақ: Христиандар хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне сенгені үшін жаңа жылды тойлайды ма?

Жауап: Христиандардың хазреті Исаның жаңа жылда келетіндігіне қатысты сенімдері жоқ. Олар хазреті Исаның крестке керіліп өлгеніне сенеді. Олар «Адамдарды күнәдан құтқару үшін құдай баласы Исаны өлтірді» дейді. Кейде Иса алейһиссаламды «Тәңір баласы», кейде «Тәңір үшеу, үш тәңір біреу» дейді. Бұл сандырақтар Інжілдерде жасалған өзгерістер кесірінен туындаған. Христандардың көңіл көтеруі Аяз Ата деп атаған қияли болмыстары үшін.

Құран кәрімде Ниса сүресінің 157 және 158 аяти карималарында Иса алейһиссалам өлтірілмегені, өлтірілген (крестке керілген) адамның басқа біреу екені, Иса алейһиссаламның аспанға көтерілгені білдірілуде. Али Имран сүресінің 54 және 55 аяттары мен басқа сүрелерде де бұл жайында мәлімет бар. Иса алейһиссалам хазреті Мәһди (және Дәжжал) заманында аспаннан түседі. (Мәктубати Раббани 2 том, 67 хат)

Бұл жөніндегі хадис шәрифтердің бірнешеуі мынадай:

«Рухым құдірет қолында болған Аллаһқа ант етемін, Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы ретінде араларыңа түседі, крестті сындырады, шошқаны өлтіреді, салықты алып тастайды, Исламнан басқа нәрсені қабыл етпейді.» (Бұхари)

«Уаллаһи Мәриямның ұлы Иса әділ басқарушы болып түседі, крестті бөлшектейді, шошқаны өлтіреді, кек, жек көру және көре алмаушылық кетеді.» (Мүслим)

«Иса түседі, Ислам діні жолында соғысады. Оның заманында Аллаһу та'ала мұсылмандардан басқа бәрін құртады. Дәжжал да құриды. Иса қырық жыл жер бетінде өмір сүреді, кейін өледі. Жаназасын мұсылмандар көтереді.» (Әбу Дауд)

«Иса менің қасыма жерленеді.» (Тирмизи)

(ТҮСІНДІРМЕ: Хадис шәрифте өткен Шошқаны өлтіреді дегені – шошқа аулауға шығады деген сөз емес. «Шошқа етін жеуге тыйым салады» деген сөз. Крестті сындырады, яғни христиандықты алып тастайды. Басқа бір хадис шәрифте «Мизмарды сындырады» делінген. Яғни түрлі сазды аспаптарға тыйым салады.)

Сұрақ: Жаңа жылда христиандарға құттықтау хаттарын жазу жаиз ба?

Жауап: Жаңа жыл үшін жаиз (рұқсат), Рождество үшін жаиз емес.

 

Сұрақ: Бір христиан Рождество күнінде Рождество мақсатымен бір мұсылманға (досына немесе туысына) сыйлық берсе, бұл мұсылманның бұл сыйлықты алуы және қолдануы жаиз болады ма?

Жауап: Рождество мақсатымен берілмейді, жаңа жыл мақсатымен беріледі. Рождествоға құрмет көрсеткен адам кәпір болады. Берілген сыйлықтың зияны жоқ. Желінетін нәрсе болса, жаңа жылдан екі-үш күн өткеннен кейін жеуге болады.

 

Сұрақ: Жаңа жылда кейбір отбасылар теледидар көріп, жанұясымен отырып уақыт өткізеді, ішіп-жейді. Бұлардан харам істейтіндердің (мысалы ішкілік ішетін, билейтін, лоторея ойнайтын және т.б.) кәпір болу қаупі бар ма? Бұларды істемей қалыпты жанұя жиындарын осы күнге сай қылудың зияны бар ма?

Жауап: Кәпір болу ниетке байланысты. Кәпірлердің Рождествосын тойлау ниетімен болса күпір болады. Жаңа жылдық көңіл көтеру күйінде болса, күпір болмайды. Әрине ішкілік, құмар болса, онсыз да харам.

 

Сұрақ: Жаңа жыл келді деп тойлаған, сыйлық берген, қуанған мұсылман кәпір болады ма?

Жауап: Ниеттері маңызды, жаңа бір жыл келді деп қуанса, сыйлық берсе, күпір болмайды.

 

Сұрақ: Біреудің бұл түнге арнап пісірген мубах тағамдарды (күркетауық сияқты) жеу дұрыс болады ма?

Жауап: Арнайы тағамдарды сол түні жеу мәкрух болады. Бірнеше күннен кейін жеудің зияны жоқ.

 

Хижри шәмси және хижри қамари күнтізбе

Сұрақ: Хижри шәмси мен хижри қамари күнтізбе деген не? Бұлар қашан басталды?

Жауап: Хижрет кезінде Мәдина қаласының Куба ауылына келген 622 жылғы 20 қыркүйек күні «Хижри шәмси» жыл санағының басы болды. «Хижри қамари» санағы да сол жылдың Мухаррам айынан басталды, яғни хижри қамари жаңа жыл 1 Мухаррам. Хижри қамари жылдың басы да 622 жылғы 16 шілде күні еді.

 

Сұрақ: Кәпірлерге еліктеу қалай болады?

Жауап: Кәпірлерге ғибадатта ұқсау харам немесе күпір. Бірақ әдеттерде ұқсау жаиз (рұқсат). Ұшаққа, поезға, көлікке міну, шалбар кию жаиз. Пайғамбарымыз поптың аяқ киімін, Рим шапанын киген. Кәпірдің дініне ұқсау жаиз болмайды, крест тағу, зуннар тағу сияқты. Рождествоны тойлау жаиз емес. Бірақ жаңа жыл басқа. Рождествоны тойлаған адам кәпір болады. Жаңа жылда біреуге «Жаңа жылың құтты болсын, жаңа жылың мұсылмандарға қайыр және берекет әкелсін» деп айту жаиз. Бұл баршаға жаңа жыл. Ал рождество баршаға емес, тек христиандардың мейрам күні.

 

Жаңа жыл және Рождество

Сұрақ: Жаңа жыл және Рождествоны тойлау, григоряндық жаңа жыл үшін құттықтау хаттарын сату, жаңа жыл үшін құттықтау хатын жіберу жаиз ба?

Жауап: Жаңа жыл мен Рождество екеуі екі бөлек. Рождество – христиандардың діни мейрамы. Рождествоны тойлау түбегейлі жаиз болмайды. Бір зәрулік болса, мысалы мемлекеттер арасында ресми қарым-қатынастарда зәрулік болғандықтан, құттықтау жаиз болады. Бір қажеттілік туындағанда жаңа жылды адамдар үшін, мұсылмандар үшін қайырлы болуын тілеу немесе «Жаңа жылың құтты болсын» деген адамға «Сеніңкі де құтты болсын» деп айту жаиз. Бірақ бұл түнге өзгеше қарамау керек, әр түні не жасалатын болса, соларды жасау керек. Мысалы, бұл түні үйді шыршамен безендірмеу керек, күркетауық сойып жемеу керек. Құтықтау хаты да жаңа жыл үшін жаиз, Рождество үшін зәруліксіз жаиз емес.

 

Григоряндық жаңа жылда ғибадат

Сұрақ: «Григоряндық жаңа жыл түні Иса алейһиссаламның туылған түні болса, бұл түнді Құран оқып, намаз оқып, мәуліт оқып, илаһи айтып өткізу керек» деп жатады. Бұл түн дінімізде қасиетті түн ретінде білдірілмегендіктен, қасиетті түндей өткізу, мәуліт оқу қате болмайды ма?

Жауап: Әлбетте қате болады. Әр түні Құран кәрім оқитын адам бұл түні де оқи алады, бірақ бұл түнге ерекше қарамау керек, әр түні не істеп жүрген болсақ, бұл түнде де соны істеуіміз керек. Иса алейһиссаламның сол түні туылғандығы онсыз да белгілі емес.

Белгілі болса да, дініміздің қасиетті ретінде білдірілмеген күнге ерекше қарау, мәуліт оқыту дұрыс болмайды.

 

Жаңа жылдық күркетауық

Сұрақ: Григоряндық жаңа жылда немесе жаңа жылға дайындық жасалатын күндерде Рождествоны ойламай күркетауық, шырша және осыған ұқсас нәрселерді алып-сатудың зияны бар ма?

Жауап: Мәкрух болады. Жаңа жыл өткеннен кейін алып-сатудың зияны болмайды.