25 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Қажылық / Қажылықтың парыздары

Қажылықтың парыздары

Новая страница 1

1- Қажылықты ихраммен жасау.

 

2- Уақфаға тұру. (Арапа күні Арафат тауының “Уади-и урана” деп аталатын жерінен басқа кез-келген жерінде бесін және екінді намаздарынан кейін уақфаға тұру.)

 

3- Қасиетті Қағбаға зиярат тауафын жасау. Тауаф – Харам мешітінің ішінде қасиетті Қағбаны айналып жүру деген сөз. Төрт рет айналу парыз, үш рет айналу уәжіп, яғни жеті рет айналады. Зәмзәм құдығының және Мақами Ибраһимнің сыртынан да тауаф ету жаиз.

Әйелдер тауафта Қағбаға жақындамаулары абзал. Әйелге тию иқтималдығы көп болса, Шафи мазһабындағы еркектердің Ханафи немесе Малики мазһабын тақлид етуі керек болады.

Тауафты мешіттің сыртынан жасау жаиз емес. Тауафқа ниет ету де парыз болып табылады. Зиярат тауафын Арафаттан кейін жасау да парыз.

Тауаф және сайи етіп жатқанда азан оқылса, бұлар тоқтатылып намаздан кейін тамамдалады.