23 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Жібек қолдану

Жібек қолдану

Сұрақ: Жібектен тігілген киімді киюдің харам және рұқсат болған жерлері қандай?

Жауап: Ішкі және сыртқы киім ретінде жібек кию харам, әйелдерге жібектің барлық түрінен киім кию жаиз (рұқсат). Соғыста жібек кию жаиз. Хадис шәрифте былай делінген:

«Алтын және жібек әйелге халал, ал еркекке харам.» (Табарани)

Жібек еркекке харам. Тек киімдегі төрт елідей еніндегі жібек ленталар, мысалы төрт елідей еніндегі жібек галстук жаиз. Жібек көйлек және жібек киім кию еркекке харам.

Жібек кебін және табытты жібекпен жабу харам. Жібек дастархан және жібек көрпе жаиз емес.

Ұл балаға жібек кигізу мәкрух. Жібектен жасалған асхана сүлгілері, іш киім және тақия мәкрух.

Жасанды жібек, дәретхана сүлгісі, тәспі жібі, сөмке, Құран кәрім кітабының қабы және бохчаның (киім орайтын матаның) жібектен болуы жаиз. Қабырғаға жібек кілем асу, сән үшін болмаса, жаиз. Жібек кілемге отыру және жібек жайнамазда намаз оқу жаиз.

Асхаби кирамнан хазреті Зубәйр және хазреті Абдуррахманның жібек киім киюіне рұқсат берілуі тек оларға ғана тән еді. Арфәжә бин Сад хазреттеріне де алтын мұрын тағуына рұқсат берілуі тек оған ғана қатысты еді.

 

Сұрақ: Жібек шұлық, галстук, іш киім, бұлар таза жібектен болса, үкімі қандай?

Жауап: Жаиз емес. Тек галстук төрт елідей енінде болса жаиз.

 

Сұрақ: Жібек кию еркекке харам, жібек араласқан шұлық, іш киім жаиз ба?

Жауап: Таза жібек болса, %50-дан көп болса харам, %50-дан аз болса мәкрух болады.

 

Сұрақ: Әйелдердің жібек пардесю (плащ) киюі жаиз ба?

Жауап: Жоқ.

 

Жібек орамал

Сұрақ: Еркектердің тер сүрту үшін жібек орамал қолдануы жаиз ба?

Жауап: Мәкрух.

 

Сұрақ: Еркектің жібектен жасалған монша жөкесін қолдануы жаиз ба?

Жауап: Еркектің де жібектен жасалған монша жөкесін қолдануы жаиз. (Рәддул мухтар)

 

Сұрақ: Денеге тиетіндіктен, көйлектің жағасының жібектен болуы жаиз ба?

Жауап: Жоқ, жаиз емес.

 

Сұрақ: Жасанды жібек киімдерін еркектердің де киюі дұрыс па?

Жауап: Иә, киюге болады.

 

Сұрақ: Шошқа етінің баршаға, жібек пен алтынның еркектерге харам етілуінің хикметі қандай?

Жауап: Дінімізде бір нәрсе харам болса, хикметін білмесек те, оның харам екеніне сенуіміз керек. Мұхаммед алейһиссаламның пайғамбар ретінде білдірген нәрселеріне ақылға сай болғаны немесе тәжірибемен аңғарылғаны үшін сену иман болмайды. Өйткені бұл ақылмен растау деген сөз. Харамдарда міндетті түрде денеге зиян тигізетін бір нәрсе іздемеу керек! Сонымен қатар, дініміздің әмірлерінде міндетті түрде пайдалар, тыйымдарында зияндар бар. Бұл әмірде ешқандай пайда, бір тыйымда ешқандай зиян көрінбесе де, бұларға мән беру керек. Мақсат діннің әміріне бағыну. Жібек пен алтынның еркектерге харам етілуінің себебіне де осы тұрғыдан қарау керек.

 

Жібек орамал

Сұрақ: «Пайдалы мәліметтер» кітабында әйелдердің түрлі-түсті және жібек матамен жабынудың күнә екені жазылған. Әйелдерге жібек жаиз емес пе?

Жауап: Әйелдерге жібек халал. Бұл жерде тыйым салынған жібек кию емес, жібектен тігілген және сәнді киіммен бөтен еркектерге көріну.

 

Жібек төсек

Сұрақ: Жібекпен тысталған төсек немесе жастықта жатудың зияны бар ма?

Жауап: Иә, бар, өйткені жібекті денеге тигізу харам. Тигізбей қолдануға да болмайды.