29 Маусым 2017   


  Негізгі бөлім / Қажылық / Қажылықтың уәжіптері

Қажылықтың уәжіптері

Новая страница 1

Қажылықтың уәжіптері мыналар:

1- Тауаф етуді хажери әсуадтан немесе оның бойынан (сол тұстан) бастау.

2- Ихрам тыйымдарына мойынсұну.

3- Тауафты жүріп жасау.

4- Арапа күні ақшам және құптан намаздарын құптан уақыты кіргеннен кейін Муздалифада жәм етіп оқу. Ханафи мазһабында бұл уәжіп болып табылады.

5- Умраның сайисін умра тауафынан кейін қырынбастан ихрамды күйде жасау уәжіп болады.

6- Шайтанға тас аттық, құрбандық шалу, шашты қыру уәжіп және осы рет бойынша орындалуы да уәжіп болып табылады.

7- Қудум тауафынан кейін және қажылық айлары ішінде болу шартымен, Сафа және Мәруа төбешіктерінің арасында жеті рет сайи жасау, яғни амалдары бойынша жүру. Тауафсыз сайи жасау сахих болмайды.

8- Арафаттан қайтқанда, Муздалифада да уақфаға тұру.

9- Минада шайтанға тас лақтыру, яғни үш күн таза тас немесе тәйәммүм жасауы жаиз болған нәрсе лақтыру.

10- Ихрамнан шықпастан бұрын бастың ең аз төрттен бір бөлігін ұстарамен қыру немесе ең аз үш сантиметр болатындай етіп өзі немесе басқаға қырқтыру. Шаштараз немесе ұстара таба алмау үзірге жатпайды. Шашы жоқ болғандар немесе басында жарасы болғандар ұстараны басқа тигізбестен бастан өткізеді. Әйелдер шаштарын қырмайды. Қайшымен аздап қырқады.

11- Афаки болғандар, яғни Миқат деп аталатын жерден ұзақ мемлекеттерден келген қажылардың Меккеден шығатын соңғы күні садр тауафын яғни қоштасу тауафын жасауы. Хаизды әйелге бұл уәжіп болмайды.   

12- Арафатта күн батқаннан кейін де біраз қалу. Күн батудан бұрын Арафат алаңынан сыртқа шыққан адамның құрбандық шалуы керек болады.

13- Зиярат тауафында қасиетті Қағбаның айналасын төрт реттен кейін тағы қосымша үш рет айналу.

14- Тауафта дәретсіз немесе жүніп болмау.

15- Үстіндегі киімнің таза болуы.

16- Тауаф еткенде Хатим деп аталатын жердің сыртынан айналу.

17- Тауафта қасиетті Қағбаның сол жақта болуы.

18- Зиярат тауафын құрбан айттың үшінші күні күн батқанға дейін жасау.

19- Тауаф еткенде әурет жерлердің жабық болуы. (Әйелдер үшін өте маңызды)

20- Сафа төбешігімен Мәруа арасында сайи жасағанда Сафадан бастау.

21- Сафа төбешігіне шыққанда Қағбаға бұрылып тәкбір, тәһлил және салауат айтып дұға ету. Кейін Мәруаға қарай жүру. Сафадан Мәруаға төрт рет, Мәруадан Сафаға үш рет барады.

22- Әр тауафтан кейін Харам мешітінің ішінде екі рәкат намаз оқу.

23- Шайтанға тас аттықты айт күндерінде жасау.

24- Қырынуды құрбан айттың бірінші күні және Харем аумағында жасау.

25- Сайиді жүріп жасау. (Екі жасыл тірек арасында еркектер тез, әйелдер жай жүреді.)

26- Қыран және тәмәтту қажылық жасаған адамның шүкір құрбандығын шалуы.

27- Құрбандықты айттың бірінші күні сою.

28- Жыныстық қатынас секілді тыйым болған нәрселер, Арафатқа тұрмастан бұрын жасалса қажылығы бұзылады. Бұларды Арафаттан бұрын жасамау парыз болып табылады. Жыныстық қатынастан басқаларын ихрамнан шыққанға дейін және жыныстық қатынасты зиярат тауафын жасағанға дейін тәрк ету уәжіп болып табылады.

Біліп немесе білмей бір уәжіпті өз уақытында және өз орнында жасамаған адамға жаза өтеуі керек болады. Ауру, кәрілік немесе адамның көптігі секілді үзірлермен тәрк еткен жағдайда ешнәрсе керек болмайды. Бір уәкілге жасатуы керек болмайды. Хаизды, нифасты әйел Харам мешітіне кіре алмайды. Тауафтан басқа нусуқтарды жасайды. Зиярат тауафын тазаланғанында жасайды.

Әрбір күннің нусуқтарын алдағы түнде де жасауға болады.