22 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Барлық адамдар тең жаратылғанда...

Барлық адамдар тең жаратылғанда...

Сұрақ: Кейбір адамдар «Аллаһ біреуді сау, біреуді мүгедек, біреуді ұзын бойлы, біреуді қысқа бойлы, біреуді сұлу, біреуді ұсқынсыз, біреуді бай, біреуді кедей, біреуді ақ реңді, біреуді қара реңді, біреуді ақылды, біреуді ақымақ қылып жаратқан. Бәрін тең жаратқанда жақсырақ болмас па еді?» дейді. Мен «Аллаһ ең жақсы болғанын жаратады. Жақсы болғанда, бәрін тең жаратар еді. Демек, біз білмейтін нәрселер бар» дедім. Олар бұған қанағаттанбады. Не деуім керек еді?

Жауап: Сіз ең дұрыс жауапты бердіңіз. Одан жақсырақ жауап болмайды.

Адамның жаратылу себебі білінбегенше, дүниедегі құбылыстардың себебі аңғарыла алмайды. Аллаһу та'ала дүние мен ахиретті сүйікті құлы және расулы Мұхаммед алейһиссалам үшін жаратты. Басқа жанды және жансыз болмыстарды да адамзаттың пайдалануы үшін жаратты. Дүние зауық үшін жаратылмады. Ал ахирет – мәңгі марапат және жаза орны. Дүние – ахиреттің емтиханы болатын жер. Әркім барлық тұрғыда тең болса, емтиханның мәні қалмайды, жақсы мен жаман ажыратылмайды. Аллаһтың әмірлері мен тыйымдарына бағыну арқылы түрлі қиындықтар бастан өтеді, бағынған мен қарсы шыққан адам бір-бірінен ажыралады.

Адам жансыз болмыс сияқты, шөп немесе жануар сияқты емес, құлшылық және емтихан үшін жаратылды. Адам қажеттіліксіз, қиындықсыз және барлық тұрғыдан кемшіліксіз жаратылғанда еді, емтихан мен дүние мәнсіз болар еді. Адамдардың, жануарлардың және әлемдегі жанды-жансыз басқа жаратылыстардың әрекеттері, ақылды қайран қылатын жүйелер зерттерліп қаралса, барлық нәрсеге күші жететін Раббымыздың дүниені мақсатсыз жаратқанын ойлау мүмкін емес.

Имам Раббани хазреттері былай деген:

Адамдар дүниеде бірнеше күн дерт көрмесе, жәннаттың, мәңгі денсаулық пен саламаттық ниғметтерінің шексіз ләззаттарының қадірін білмес еді. Аштық шекпеген адам тамақтың ләззатын түсінбейді. Ауру сезбеген адам рахаттықтың қадірін білмейді.

Әр адам барлық тұрғыдан тең жаратылғанда еді, үлкен пәлекет болып, қоғамдар болмас еді. Адамдар бой, рең, түр, ақыл, байлық, денсаулық, күш-қуат, сұлулық, мінез сияқты барлық қасиетте тең болса, жонғыш білдектен шыққандай бірдей болса, миллиардтаған адамды бір-бірінен ажырату мүмкін болмайды. Ерлі-зайыптылар бір-бірін тани алмайды, адам әйелі мен қызын ажырата алмайды, өмір сал болады. Тек осы түрдегі ұқсастық тұрғысынан мыңдаған проблемалар пайда болады. Басқа саладағы теңдіктер көрілместен, байқалмастан өмір сөнеді.

Әркім білім мен мәдениет тұрғысынан да тең болса, газетке, кітапқа, фильмге қажеттілік қалмайды. Күрес, жүгіру, жүзу сияқты спорт түрлері мен жарыстар болмайды, себебі бәрі бірдей қабілетте.

Жақсының қадірі жаман арқылы белгілі болады. Бәрі жақсы болса, жақсының қадірі қалмайды. Ұсқынсыздық болмаса, сұлулық аңғарылмайды. Ауру болмаса, денсаулықтың қадірі білінбейді.

Бір адам оқу оқып, барлық тұрғыдан кәміл адам болуды қалайды. Бәрі бірдей болса, кім кімнен үстем болады? Әмірсіз, қызметшісіз, жұмысшысыз, бастықсыз қоғам болмайды.

Барлық мәселеде тең болудың зияндары санауға келмейтіндей көп. Сондықтан Аллаһу та'ала барлық нәрсені хикметімен және әділетімен жаратқан. Әділет бар болса, істер дұрыс жүреді. Мысалы, бес саусақтың бесеуі де бірдей болғанда еді, бас бармақ басқа саусақтардың арасында болғанда еді, қазіргідей пайдалы істер атқара алмайды, үлкен нұқсандық болар еді.

Әділетпен жаратылу тең жаратылумен салыстыруға да келмейді. Бір ата-анадан зеректігі, қабілеті өзге болған балалардың жаратылуы, миллиардтаған адамның бір-біріне ұқсамауы, тіпті саусақ іздерінің өзгеше болуы да Аллаһу та'аланың құдіретінің шексіздігін көрсетуде. Оның құдіреті шексіз, құрметі өте жоғары.

 

Жеке іске араласу

Сұрақ: Атеисттер «Кейбір адамдардың қортық, мүгедек немесе ұсқынсыз жаратылуы әділетсіздік, бәрі дұрыс және тең жаратылуы керек еді» дейді. Оларға қалай жауап беруге болады?

Жауап: Бір аяти кариманың мағынасы мынадай:

«Олардың діндеріне бағынбағанша яһудилер мен христиандар сенен ешқашан разы болмайды.» (Бақара 120)

Бұл атеисттерге де барлық тақырыпта дәлел көрсетілсе, анықталса, олардың дінін, яғни атеизмді қабыл етпегенше, мұсылмандарды жақсы көрмейді және Ислам дінін жамандауды жалғастырады.

Бір жыланның «Мені неге жылан қылып жараттың, мені арыстан қылып жаратпадың ба?» деп айтуға ақысы бар ма?

Арыстан да «Мені неге жануар қылып жараттың, мені де адам қылып жаратсаң, жақсырақ болмас па еді?» деуге ақысы бар ма?

Бұл барлық жануар үшін осындай. Шошқа, құмырсқа, шаян, маса, бәрі осыған ұқсас сөздер айта алады.

Кедейдің «Мені неге бай қылып жаратпадың?» деп Аллаһтан есеп сұрауға кірісуі дұрыс болады ма?

Еркек, сұлулық пен байлыққа бейім болып, «Мені неге әйел қылып жаратпадың?» десе дұрыс болады ма? Оны шошқа немесе ит қылып жаратуы да мүмкін еді.

Әйел «Мен күшті палуан болар едім, мені неге еркек қылып жаратпадың?» десе дұрыс болады ма?

Қара нәсілді адам «Мені неге ақ реңді қылып жаратпадың?» дей алады ма?

Бұларды көбейту, тіпті терісін айту да мүмкін. Бір шаруашылық егесі бір түлік малдарды бір жерге орналастырса немесе әрбіріне бөлек жер жасаса, яки кейбір түлік малдарды бір қораға қойса, бұған кімнің не айтуға ақысы бар? Яки қалаған кезінде бір тоқты немесе тауық сойып жесе, бұған кім қарсы шыға алады? Өйткені малдар – адамның мүлкі, қалағанындай бағады, қалағандарын сойып жейді. Әлемдегі барлық болмыс Аллаһу та'аланың мүлкі, қалағанындай қолдана алады. Бұған ешкім араласа алмайды. Басқа бір адамның мүлкін қолданса, осы кезде әділетсіздік тақырыбын қозғауға болады. Ешкімнің жеке ісіне араласуға болмайды. Кімді қалай жарату да Аллаһтың жеке ісі.