25 Маусым 2017   


  Негізгі бөлім / Зекет - Ұшыр - Садақа / Харамнан садақа беріледі ме?

Харамнан садақа беріледі ме?

Сұрақ: Харам мүліктен садақа берілсе не болады?

Жауап: Харамнан садақа берілсе, алған кедей де харамнан екенін біліп, берген адамға «Аллаһ разы болсын» немесе «Аллаһ қабыл етсін» десе, берген адам «Әмин» десе, екеуі де күпірге түседі.

Бір адамның қолындағы заттың харам екені мәлім болмағанша, ұрланған немесе құмардан алынған болса да, қолындағы осы заты оның халал мүлкі деп қабылданады. Мұны бергенде, мүлки хабис (жаман мүлік) болса да, алу жаиз (рұқсат) болады. Берілген заттың харам мүлік екендігі анық білінсе, мұны алу жаиз болмайды.

Харам затты сыйлыққа беру жаиз болмайды. Харам екенін білген адамның да мұны алуы жаиз емес. Қолына харам мүлік, мысалы ақша түскен адам мұны егесіне беруі керек, егесі белгісіз болса, кедейге садақа қылып беруі керек. Басқа жерге беруі күнә болады. Бұл затты алу кедейлерден басқа ешкімге рұқсат болмайды. Тек мирасқордың харам зат екенін біле тұра мирасты алуы рұқсат болады. Садақа ретінде берген кедейі харам затты өзіне сыйлық қылып қайтарса, мұны өзі де қолдана алады.

Мүлкінің көбінің халал екендігі болжамданған адамның берген сыйлығын алу рұқсат болады. Мүлкі харам болса, онда рұқсат емес.

Бұлдыр су таза деп қабылданады. Өйткені судың негізі таза. Ал нәжіс екендігі күмәнді. Табысының көбі харамнан болған адамның берген затының харамнан екендігі нақты мәлім болмағанша бұл затын алу харам болмайды, мәкрух болады. Мүлкінің көбі халал болған адамның сыйлығын алуға болады. Көбі харам болса, халал деп бергенін алуға болады. Берерде ештеңе айтпаған болса, онда іздестіріп, болжамына қарай әрекет етеді.

 

Сұрақ: Біреуден түсіп қалған күмәнді ақша бар. Харам болған бір затты садақа ретінде берудің харам екенін білемін. Бұл ақшаны не істеуім керек?

Жауап: Кедей болсаңыз, өзіңіз қолдана аласыз. Бай болсаңыз, бір кедейге беріңіз. Тауып алынған ақша сіздікі болмаса да, харам ақша емес. Бір кедейге берудің зияны жоқ.

 

Сұрақ: Діни кітаптарда «Харамнан табылған зат садақа ретінде берілсе, мұны біліп алған адам "Аллаһ қабыл етсін" десе кәпір болады, бірақ "Аллаһ разы болсын" десе күпір болмайды» делінген. Неліктен бірі күпір, екіншісі күпір емес?

Жауап: Харам заттан сауап күтуге болмайды. Яғни дінімізде харам заттың сауабы болмайтындығы білдіріліп, «Аллаһ қабыл етсін» деу арқылы діннің әмірі қабыл етілмеген болып саналады. «Аллаһ разы болсын» деу болса, осы жағдайынан, харам істегенінен Аллаһ разы болсын деген сөз емес. Осы мағынада айтылса, әрине күпір болады. «Аллаһ сені разы болатын жағдайға келтірсін» мағынасындағы бір дұға. Қажет болса, кәпірге осылай дұға етуге болады. Яғни оның хидаяты үшін дұға етілген болады. Бұл жаиз болады. Бірақ кәпірге «Аллаһ саған мейірім етсін» деп дұға ету рұқсат болмайды.

 

Харам ақшамен қайырымдылық жасау

Сұрақ: Жиналған халал және әр түрлі харам ақшалармен мешіт соғуға болады ма? Харам ақшаны қайырымдылыққа жұмсауға болады ма? Харам ақшаны берген адамға «Аллаһ разы болсын» деп айтуға болады ма?

Жауап: Биргиуи өсиетнамасы шәрһінде «Бір адам қолындағы нақты харам болған мүліктен садақа берсе, сауап үміт етсе, алған кедей харамнан екенін біле тұра берген адамға "Аллаһ разы болсын" десе, берген немесе басқа бір адам "Әмин" десе, бәрі кәпір болады» делінген. Ибн Абидин хазреттері бұл жерде «Харам екендігі мәлім болған белгілі бір мүлікпен мешіт соқтыру және басқа да қайырымдылық жасау және бұлар үшін сауап күту де күпір» делінген. (С.Әбәдийа)

Харамнан ақша табу, харамнан садақа беру басқа, харам мен халалды араластыру басқа. Қолданудың жаиз болуы харамның жаиз болуы деген сөз емес. Харамнан тапқан адам әрине жазасын тартады. Бұл тақырыпта Хусейн бин Саид хазреттері былай деген:

Екі немесе одан да көп түрлі харам заттар бір-бірімен және халал заттармен араласса, мүлік болады. Түрлі мақсатта қолданылуы жаиз болады. Яғни мешіт соғуға болады. Харам ақшаны берген адамға «Аллаһ разы болсын» деп айту жаиз, бірақ «Аллаһ қабыл етсін» де айту күпір болады.

Харамнан сауап күтілгендіктен күпір болуда, бірақ ол адамды Аллаһу та'ала разы болған жолына түсіруі мүмкін. Тіпті кәпірге де иманға келуі немесе разы болатын жағдайға түсіруі ниетімен «Аллаһ разы болсын» деп айтуға болады. Бұлай айту осы жағдайынан разы болсын деген сөз емес, оны разы болатын жағдайға келтірсін деген сөз. Демек, осы ниетпен кәпірге де «Аллаһ разы болсын» деуге болады. Мұндай ниет болмай тұрып Аллаһу та'аланың кәпірден разы болуы үшін айту күпір болады.

Толығымен харам ақшаға соғылған мешітте намаз оқуға болмайды.