9 - Шәууал, 1445 жыл.
     18 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 6) Салахаддин Боарт (американдық)

6) Салахаддин Боарт (американдық)

1338 [м.1920] жылы бір дәрігерді көру үшін ауруханасына барған кезімде күту залында Лондонда шығатын «Orient Review» және «African Times» журналдарын көріп қалдым. Осы журналдарды парақтап отырғанда көзіме түскен «Тек қана бір Аллаһ бар» деген сөйлем маған өте қатты әсер етті. Өйткені, христиан дінінде үш тәңір бар болатын және ақылымыз қабылдамаса да бұған сенуге мәжбүр едік. Осы «Тек қана бір Аллаһ бар» сөйлемі осы күннен бастап есімнен кетпей қойды. Осы қасиетті және ұлы сенім мұсылмандардың жүректеріне орныққан баға жетпес қазына болып табылады.

Осыдан кейін Исламға қызығушылығым артты. Біраз уақыттан кейін мұсылман болуға шешім қабылдадым. Мұсылман болғаннан кейін атымды Салахаддин деп өзгерттім. Исламның ең дұрыс дін екендігіне сендім. Өйткені, Ислам діні Аллаһу та’аланың ешқандай серігі жоқ екендігін және күнәні тек Аллаһу та’ала кешіре алатынын негіз ретінде қабылдайды. Бұл иман табиғат заңдарына толық сәйкес келеді! Егістікте, шаруашылықта, ауылда, қалад, мектепте, үкіметте, мемлекетте, қысқасы барлық жерде тек бір ғана басшы бар. Екеу болғаны әрдайым бөлінуге себеп болған.

Ислам дінінің ең дұрыс дін екендігін маған көрсеткен екінші дәлел – Исламнан бұрын толығымен жабайы түрде өмір сүрген арабтардың Ислам дінінің арқасында қысқа уақыт ішінде әлемнің ең мәдени, ең өркениетті, ең күшті мемлекетіне айналуы және адамдық сүйіспеншілікті Араб шөлдерінен сонау Испанияға дейін жеткізе алуы. Мұсылман арабтар Испанияны шөл күйінде тапты. Оны қысқа уақытта гүл бақшасына айналдырды. Джон В. Дрейпер сияқты турашыл тарихшы (1226 [м.1811]-1299 [м.1882]) «The Intellectual Development of Europe – Еуропаның рухани дамуы» атты еңбегінде Исламның ғасырлық өркениеттің орнауына қосқан өте үлкен және маңызды үлесі туралы айтып, «Христиан тарихшылар Исламға деген өшпенділіктерінен бұл шындықты жасыруға тырысуда, Еуропаның мұсылмандарға қаншалықты қарыздар екендігін мойындай алмауда» дейді.

Төменде Дрейпердің мұсылмандардың Испанияны қалай тапқандығы туралы жазған жазуларын бұлжытпай келтіремін:

«Ол кездегі еуропалықтар толығымен жабайы болатын. Христиандық оларды жабайылықтан құтқара алмады. Оларға жабайы деп қарау керек еді, өте лас өмір сүретін. Саналары қате сенімдерге толы еді. Дұрыс, тура ойлануды да білмейтін еді. Лашықтарда тұратын. Егер лашықтарында жерінде немесе қабырғасында бір төсеніш бар болса, бұл байлықтың белгісі болып саналатын. Жейтін азықтары – жабайы үрме бұршақ, сәбіз сияқты көкөністер, кейбір шөптер, тіпті ағаштың қабықтары еді. Киім ретінде, ұзақ уақытқа төзімді болғандықтан, аңның иленбеген терісін қолданатын еді және осы себепті сасық болатын.

Мұсылмандар оларға ең алдымен тазалықты үйретті. Мұсылмандар күніне бес рет жуынатын еді. Олардың да күніне ең болмағанда бір рет жуынуын іске асырды. Кейін олардың үстінен сасып, биттеп кеткен жарым-жарты аң терілерін шешіп, оларға әдемі маталардан тігілген, түрлі түсті жіптерден өріліп жасалған өз киімдерін берді. Оларға тамақ пісіруді, жеуді үйретті. Испанияда үйлер, жатақтар, ғимараттар соқты. Мектептер, ауруханалар салды. Университеттер ашты. Бұл университеттер бүкіл әлемге нұр қайнарына айналды. Барлық жерде бау-бақшалар өсірді. Мемлекет гүлденді. Жабайы еуропалықтар бұлардың бәріне таңырқап, таңданып, ауыздары ашылып бақылап жүрді және ақырындап мәдениетті бола бастады.»

Осылайша жабайы адамдарды тәрбиелеу жетістігіне жеткен, мәдениет рухын үйреткен, оларды қараңғылықтан, надандықтан, қате сенімдерден құтқарған мұсылман арабтар осындай ақылға сыймайтын үлкен істі тек Ислам дінінің арқасында атқара білді. Өйткені, Ислам діні – ең дұрыс дін. Аллаһу та’ала жетістікке жетулері үшін оларға көмектесті.

Аллаһу та’аланың әмірімен Мұхаммед алейһиссаламның уағыздаған Ислам діні және Аллаһу та’аланың кәламы болған Құран кәрім әлем тарихын өзгертіп, оны қараңғылықтан құтқарды. Егер Ислам діні болмағанда, адамзат қазіргі мәдениет дәрежесіне, ғылым мен техниканың бүгінгі жетістігіне қол жеткізе алмас еді. Мұсылмандар үшін ғылымның мәні зор. Мұхаммед алейһиссалам: «Ілім Қытайда болса да, оны алыңдар!» деп бұйырған. Міне, мен қуана-қуана қабылдаған Ислам діні осындай дін.»