18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   


Юсуф Хамадани

Юсуф Хамадани хазреттері Силсилә-и алийаның сегізіншісі. Фиқһ ғалымы еді, хадис ілімін де үйренді. Тасаууфты Әбу Әли Фармади хазреттерінен үйреніп, оның сұхбатында жетіліп, кәмілдікке жетті. Жүздеген шәкірттері бар еді. Абдуллаһ Берки, Ахмед Ясауи және Абдулхалиқ Ғонждувани сияқты үлкен әулиелерді жетілдірді. Бір жағынан дұрыс діни білімдерді үйретуге тырысып, адамдармен айналысудан, оларды жетілдіруге тырысудан еш қиналмайтын еді. Басқа жағынан ауруларға, жараларға дәрі жасап, бәрінің дерттеріне дауа табуға тырысатын еді.

Нәжибуддин Ширази есімді бір кісі айтып берген:

Бір замандар әулиелер сөздерінен бірнеше қатар қолыма түсті. Зерттедім, қатты ұнаттым. «Бұлар кімнің сөзі екен, бұл кісіні табайын да, одан пайдаланайын» дедім. Бір түні түсімде айбатты, салмақты, ақ сақалды нұрлы бір кісінің үйімізге кіргенін көрдім. Бірден дәрет алуға кетті. Ақ сәнді шапан киген еді. Шапанның үстінде ірі сызықпен алтын жазумен Аят-әл-курси басынан соңына дейін жазылған еді. Мен оның артынан кеттім. Шапанын шешіп маған берді. Бұл шапанның астынан көзді одан да қатты шағылыстыратын тағы бір жасыл шапан бар еді. Мұнда да алдындағысындай дәл сондай сызықпен, алтын жазумен Аят-әл-курси жазылған. Оны да маған берді. «Мен дәрет алып болғанға дейін бұларды ұстап тұр!» деді. Өзі дәрет алды. «Бұл екі шапанның қайбірін қаласаң, соны саған берейін» деді. «Қайбірін берсеңіз де жақсы болады» дедім. Жасыл шапанды маған кигізді. Ағын өзі киді. «Мен сол сен оқыған жазу қатарларының иесі – Юсуф Хамаданимін» деді. Оянған кезімде қатты қуандым. Оған деген сүйіспеншілігім артты.

Ибн Хажәр Мекки хазреттері айтып берген:

Әбу Саид Абдуллаһ, Ибнус-Сакка және Сәйид Абдулқадир Гейлани ілім үйрену үшін Бағдатқа келді. Юсуф Хамадани хазреттерінің Низамия медресесінде уағыз айтып жатқанын естиді. Ибнус-Сакка «Оған бір сұрақ қоямын, жауап бере алмай қалады» деді. Әбу Саид Абдуллаһ «Мен де бір сұрақ сұраймын, көрейік, жауап бере алады ма екен?» деді. Кіші жасына қарамастан үлкен әдеп үлгісі болған Абдулқадир Гейлани «Аллаһ сақтасын, мен қалайша сұрақ сұраймын. Тек алдында отырамын, оны көріп қадірленемін, берекеттенемін» деді. Ақыр соңында Юсуф Хамадани хазреттеріне келді.

Юсуф Хамадани хазреттері Ибнус-Саккаға бұрылып: «Обал болсын саған! Демек маған жауап бере алмайтын сұрақ қояды екенсің ғой! Сенің сұрамақшы болған сұрағын мынадай, жауабы да мынадай. Сенен кәпірліктің иісі шығып тұр» деді. Кейін Әбу Саид Абдуллаһқа бұрылып: «Сен де маған сұрақ қояды екенсің, мен ол сұраққа қалай жауап беретініме қарайды екенсің. Сұрайтын сұрағын осындай, жауабы мынадай» деді. Кейін Абдулқадир Гейланиге бұрылды. «Ей, Абулдқадир! Осы әдебіңнің көркемдігімен Аллаһу та'аланы және Расулын разы қылдың. Мен сенің Бағдатта бір күрсіде отырғаныңды, өте жоғары білімдерді үйретіп жатқаныңды, «Менің аяғым бүкіл әулиелердің мойнының үстінде» дегеніңді көріп тұрғандаймын және мен тағы сенің уақытыңдағы бүкіл әулиелерді сенің олардың алдындағы үстемдігіңнің алдында мойындарын иіп тұрғанын көріп тұрғандаймын» деді.

Арадан жылдар өтті. Абдулқадир Гейлани заманындағы әулиелердің ең үстемі, бас тәжі болды. Сондай жоғары дәрежелерге, мақамдарға қауышты, адамдардан және ұлы тұлғалардан бәрі келіп, мүбәрәк сұхбатынан пайдаланатын еді. Бір күні былай деді: «Менің аяғым бүкіл әулиелердің мойнының үстінде.» Заманындағы бүкіл әулиелер оның өздерінен әлдеқайда үстемірек екенін біліп, үстемдігінің алдында мойындары иіліп тұратын болды. Бұлар орындалғаннан кейін Юсуф Хамадани хазреттерінің жылдар бұрын хабар берген жағдайлары аңғырылды.

Ал Ибнус-Сакка өте тамаша сөйлейтін еді. Атағы заманның сұлтанына дейін жетті. Ол оны елші ретінде Византияға жіберді. Христиандар оған қатты ілтипат көрсетті. Ақыр соңында соларға алданып христиан болды.

Әбу Саид Абдуллаһ да былай дейді:

Өмірім қиыншылықтар ішінде өтті. Юсуф Хамадани хазреттерінің үшеуіміз туралы айтқандарының бәрі тура орындалды.