28 Ақпан 2017   


  Негізгі бөлім / Қажылық / Мәдина және “Қабри саадетті” (пайғамбарымыздың қабірін) зиярат ету

Мәдина және “Қабри саадетті” (пайғамбарымыздың қабірін) зиярат ету

Новая страница 1
 

Мәдинаға кірерде ихрамға кірмейді. Меккеде ихрамды кездегі тыйымдар Мәдинада тыйым болмайды. Мәдина қаласы ұзақтан көрінгенде салауат айтылады. Кейін “Аллаһуммә хәзә хараму Нәбиикә уә мәһбиту уахйикә фәмнин аләййә биддухули фиһи уәж’алһу уиқаятән ли минәннар уә амәнән минәл азаб уәж’ални минәлфаизинә би шәфаатил Мустафа йәумәлмәаб” деп айтылады.

Қажылықтан кейін Мадинаға барып, Расулуллаһ алейһиссаламның қасиетті қабірін зиярат ету керек. Мәдинаға кіргенде тек пайғамбарымыздың қабірін зиярат етуге ниет ету керек. Нәби мешітінде оқылған бір намаз басқа жерлерде оқылған мың намаздан да үстем болып табылады. Ораза, садақа, зікір және Құран кәрім оқу секілді ғибадаттардың  да құндылығы осылай.

Қалаға немесе мешітке кірерден бұрын ғұсыл дәретін алады. Әдемі иіс су себеді. Жаңа, таза киім киеді. Қалаға жаяу жүріп кіру жақсы болады.

(Сәләф-ус-салихин (хижри алғашқы ғасырдың мұсылмандары) Мәдина мунаууараға жақындағанда көліктерінен түсіп жаяу жүретін еді. Бұл әрекет әдептілікті, пайғамбарымызға деген құрметті білдіреді. Алламә Әбу Абдуллаһ б. Рашид былай деп айтады: «Хижри 684 жылы Мәдинаға келдім. Уәзір Әбу Абдуллаһ бин Әбил Қасым да менімен бірге еді. Көздері ауырып жүрген еді. Мәдинаға жақындағанда көліктерімізден түсіп жаяу жүре бастадық. Уәзір де мүбәрәк қабірді зиярат ету қуанышымен жаяу жүрді. Сол сәтте-ақ көздеріне шипа берілді. Өз жағдайын баяндайтын әдемі қасида жазды.»)   

Заттарын жайғастырғаннан соң ол жерлердің қадірін және ұлылығын ойлап, мойны иіңкі, көңілі жабырқаулы күйде “Бисмилләһи уә ала милләти расулиллаһ” дейді және хижрет түнінде түскен “Исра” сүресінің сексенінші аятын және намазда оқылатын салауат шәрифтерді оқып және “уағфир ли-зунуби уәттах ли әбуаба рахмәтикә уә фадликә” деп мешітке келеді.

“Баби салам” немесе “баби жибрил” есігінен мешітке кіріп мінбердің жанында екі рәкат “тахиятул месжид” намазын оқиды. Мінбердің тірегі оң иықтың тұсына келуі керек. Екі рәкат тағы шүкір намазын оқиды.

(Сахабалардан хазреті Жабир былай деп айтады: «Сапардан келген едім. Келе салып дереу пайғамбарымызға барып сәлем бердім. Ол мешіттің алды жағында тұрған еді. “Мешітте намаз оқыдың ба?” деп сұрады. Мен жоқ дегенімде, “Дереу мешітке кіріп, намаз оқы. Одан кейін келіп маған сәлем бер” деп бұйырды.» (Ибни Хубәйб))

Дұға еткеннен кейін әдеппен орнынан тұрып “Хүжрә-и саадетке” (пайғамбарымыздың қабіріне) барады. “Муажаха-и саадет” дуалына қарап арқасын қыблаға беріп, Расулуллаһ алейһиссаламның қасиетті жүзіне қарсы екі метр ұзақта, әдеппен тұрады. Расулуллаһ алейһиссаламның қабірінде тірі екендігін, өзін көріп тұрғандығын, берген сәлемін, оқыған дұғаларын естігенін және жауап бергенін, “амин” дегенін ойлайды. “Әссаламу алейкә йа сәййиди, йа Расулуллаһ...” деп басталатын дұғаны оқиды. Аманат болған сәлемдерді айтады.

(Зияратқа келген адам көңіліндегі Аллаһ қорқынышы және мойынсұнушылығы сезімімен сәлем беруі керек. Дауысын әдепке сай болатындай, қатты да емес, сыбырлау дәрежесіндей жай да емес, орташа дәрежеде шығаруы керек. Хазреті Омар, Расулуллаһ алейһиссаламның мешітінде жоғары дауыспен сөйлесіп жатқан Таифтік екі кісіге “Егер осы қаланың халқынан болғандарыңда, Расулуллаһтың мешітінде бұлай қатты дауыспен сөйлегендерің үшін сендерді ұратын едім” деді. (Бұхари)

Пайғамбарымызды зиярат еткенде қасиетті жүзіне қарсы тұрып, арқасын қыблаға беру керек. Халифа Мансур “Зияратта қасиетті қабірге қарайын ба әлде қыблаға қарайын ба?” деп сұрағанында хазреті имам Малик “Расулуллаһ алейһиссалам саған және бабаң Адам алейһиссаламға қияметте шапағатшы болады. Оған арт қарап тұруға болмайды” деп бұйырады.

Қасиетті қабірге қатты жақындамау керек, амандығында, қасиетті хұзырында адамдар қалай тұрған болса, солай әдеппен тұру керек, алдына қарауы керек, жан-жағына қараудан сақтану керек!)

Кейін жарты метр оңға жүріп “Әссаламу алейкә йа халифәти Расулиллаһ...” деп басталатын ұзын дұғаны оқып, хазреті Әбу Бәкірге сәлем береді. Кейін жарты метр оңға жүріп, хазреті Омарға сәлем береді. Кейін өзіне және әке-шешесіне және бүкіл мұсылмандарға дұға етеді. Кейін тағы Расулуллаһ алейһиссаламның қасиетті жүзінің алдына келеді, қалаған дұғаларын айтады.

Кейін хазреті Әбу Лубабаның өзін байлап тәубе еткен тірекке келеді. Мұнда және Рауда-и Мутаххарада нәпіл, қаза намаздарын оқиды. Тәубе және дұға етеді. Қалаған уақыттарында Куба мешітін және Қыблатәйн мешітін, Ухуд соғысының шәһидтерін, Бақидегі мазарларды және басқа да көптеген мәшһүр мубәрәк жерлерді де зиярат етуі керек. Мешітте екі рәкат намаз оқығаннан кейін “Хужрә-и саадетке” (пайғамбарымыздың қабіріне) келіп, мубәрәк жүзіне бұрылу керек. Тірі кезіндегідей хұзырында әдеппен тұрып салауат айтып сәлем беру керек. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Маған сәлем берген адамға мен де сәлем беремін.» (Байхаки, Ә. Дауд)

Қажылыққа баратын кедей Меккеге жеткенге дейін нәпіл ғибадат жасаған болады, яғни нәпіл ғибадаттың сауабын алады. Мекке қаласына кірген кезінде қажылық жасауы парыз болады. Ал Бай адам елінен қажылық үшін шыққан кезінен бастап парыздың сауабын алады. Парыздың сауабы нәпілдің сауабынан әлденеше есе көп болады. Егер кедей елінде ихрамға кіріп жолға шықса жолда да парыздың сауабын алып, байдікіндей сауапқа қауышады. Әке-шешесі өзіне мұқтаж болмаған адам, олардан рұқсатсыз парыз болған қажылыққа бара алады. Бірақ нәпіл қажылыққа бара алмайды.  

 

Сұрақ: Меккеден кейін Мәдинаға бару шарт па?

Жауап: Шарт болмаса да баруға тырысу керек. Пайғамбарымыздың мубәрәк қабірін зиярат етіп үлкен ниғметтерге қауышуға тырысу керек!

Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым уәжіп болды.» (Байхаки, Даре Кутни, Табарани)

«Қабірімді зиярат еткен адамға шапағатым халал болды.» (Бәззар)

«Тек мені зиярат ету үшін келген адам, қияметте шапағатыма лайықты болады.» (Муслим)

«Мәдинаға келіп қабірімді зиярат еткен адам қияметте көршім болады, оған шапағат етемін.» (Шира)

«Қажылық жасап қабірімді зиярат еткен адам, мені тірі кезімде зиярат еткендей болады.» (Табарани, Даре Кутни, Ибни Жәузи)

«Қажылық жасап мені зиярат етпеген адам мені ренжіткен болады.» (Дара Қутни, И. Малик)

«Мүмкіндігі бола тұрып, үзірсіз (себепсіз) мені зиярат етпеген адам маған жапа жеткізген болады.» (Ибни Нәжжар)

«Мен қайтыс болғаннан кейін мені зиярат еткен адам тірі кезімде зиярат еткендей болады.» (Байхаки)

«Қабірімнің жанында мен үшін оқылған салауатты есітемін. Ұзақ жерлерде оқылғандар маған білдіріледі.» (Ибни Әби Шәйбә)

(Осы сүйіншілерге қауышу үшін әрине Әһли сүннет сенімінде болу шарт болып табылады. Бидғатшының немесе кәпірлердің жасаған ешбір ғибадаты қабыл болмайды.)

Хазреті Имам Қасталани “Мәуахиби ләдуниййа” кітабында былай бұйырады:

Расулуллаһ алейһиссаламның қабірін зиярат ету тағаттардың ең үлкендерінен және ғибадаттардың ең құндыларынан болып табылады. Мұның терісін ойлағандар Аллаһу та’алаға, Расулына және мұсылмандарға қарсы шыққан болады және ислам жібін үзген болады.

 

Пайғамбар тірі ме, әлде шаһид тірі ме?

Уаххабилердің Расулуллаһ алейһиссаламның қабірін зиярат етіп “шапағат ей расулаллаһ” дегендерге “Йа Хажы, ширк ширк...” деп мұсылмандарға қарап мүшрик деп жататындарын қажылыққа барғандардың барлығы біледі. Расулуллаһтың үмметінен болған шаһидтерге тірі дей тұрып, расулуллаһ алейһиссаламға өлі деп айтулары аяттарға да, хадистерге де қайшы.

Тибйан тәфсирінде былай делінеді:

Бәдр соғысында пәленше, түгенше өлді делінгенде, Аллаһу та’ала шәһидтер үшін өлі деп айтылуына тыйым салып былай бұйырады:

«Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі демеңдер. Керісінше олар тірі, бірақ сендер мұны түсінбейсіңдер.» (Бақара 154)

Хадис шәрифте де былай бұйырады:

«Ухудта шәһид болған бауырларыңның рухтары жасыл құстармен жаннатқа жіберілді. Олар жаннаттың өзендерінен су ішеді, жемістерінен жеп Арштың көлеңкесінде ілулі алтын шырақтармен жүреді, демалады. Тағамдарының, сусындарының ләззатын және ол жақтағы өмірдің әдеміліктерін көргенде ”Аллаһу та’аланың бізге берген сияпаттарын бауырларымыз білгенде жиһадтан тартынбас еді” дейді. Аллаһу та’ала мен оларға сендердің жағдайларыңды білдіремін деп бұйырады.» (Муслим, Тирмизи, Ибн Мажә,)

Бұған байланысты аяти кәримада былай делінеді:

«Аллаһ жолында өлтірілгендерді өлі деп ойламаңдар, олар Раббыларының хұзырында тірі және Аллаһтың мол ниғметтерінен қуаныш ішінде ризықтанады, арттарында өздеріне жете алмағандарға (әлі шаһид болмағандарға) қорқыныш жоқ екендігін және олардың өкінбейтіндіктерін сүйіншілегісі келеді.» (Али Имран 169)

Бірінші аятта Аллаһ жолында өлтірілгендерге өлі демеңдер, олар тірі деп ескерткен. Екінші аятта да Аллаһ жолында өлтірілгендердің тірі екедігі, ішіп-жейтіндіктері білдірілген.

Енді Уаххабилерден сұрайық: Шәһид тірі ме, әлде пайғамбар ма?

Шәһид – қатардағы бір мұсылман. Соғыста өлген адамның иманы бар болса шәһид болады. Аттан құлап өлген адам да шәһид болады. Хадис шәрифтерде былай бұйырылған:

«Суда тұншығып, өртеніп, қираған нәрсенің астында қалып өлген адам шәһид болады.» (Ибни Асакир)

«Дәретті жатып өлген адам шәһид болады.» (Дәйлами)

«Тақуа азаншы, шәһид секілді. Өлсе қабірінде құрттамайды.» (Табарани)

«Аллаһу та’аладан шын жүректен, ықыласпен шәһид болуды қалаған-тіліеген адам төсегінде өлсе, шәһид болады.» (Муслим)

            Аллаһ жолында өлген шәһидке өлі деп айту жаиз емес болса, бүкіл өмірін Аллаһтың әміріне мойысұнып Аллаһ жолында өткізген Пайғамбарға өлі деп айту қалайша жаиз болады?

            Хадис шәрифтерде былай бұйырылды:

«Әрбір пайғамбар қабірінде тірі болып намаз оқиды.» (Байхаки, Әбу Яла)

«Пайғамбарлардың денелерін топырақ шірітпейді. Бір мұсылман салауат оқығанда, бір періште маған хабар береді, “Пәленшеұлы пәленше саған сәлем айтты” дейді.» (Ибн Мажә, Әбу Дауд)

            Екі аяти кәримада былай делінеді:

«Пайғамбар – мұсылмандарға өз жандарынан да үстем болып табылады.» (Ахзаб-6)

«Бүкіл діндерден үстем етіп, Расулын хидаят және хақ дінменен жіберген Ол» (Фатих-28)

            Бұл екі аяттан көргеніміздей пайғамбарымыздың діні басқа діндерден үстем және өзі де барлық адамдардан үстем екендігі білдірілген. Тағы бір хадис шәрифте былай делінген:

«Мен бүкіл адамдардың сәййиді-(қожайын, мырза)мін.» (Бұхари)

            Шәһидтердің рухы тірі де, әлемдерге рахмет ретінде жіберілген Расулуллаһтың рухы тірі болмай ма? Рух өлмейді, тіпті кәпірлердің де рухы өлмейді. Аллаһ алдында пайғамбардың бір шәһидтей қадірі болмағаны ма?

             Шәһид тірі болса, пайғамбар неге тірі болмасын? Шәһид жаннатта ризықтанатын болса, пайғамбар неге ризықтанбасын? Пайғамбар (әстағфируллаһ) Аллаһ жолында болмаса, шәһид қалай Аллаһ жолында болады?

Пайғамбар тірі болмаса, шәһид қалай тірі болады? Пайғамбар естімесе, шәһид қалай естиді? Шәһидтің мұсылмандығы да шәһидтігі де пайғамбарға иман етуіне байланысты емес пе? 

            Жарайды сонда шәһидтер Аллаһ жолында да, (әстағфируллаһ) пайғамбарлар, сыддықтар, ғалымдар және әмри маруф жасағандар шайтанның жолында болғаны ма? Бұл қандай опасыз жала? Расулуллаһ та шәһид емес пе? Расулуллаһ соңғы науқастанғанында «Хайберде жеген улы еттің әсерін әлі сезудемін. Удың әсерінен қолқа тамырым пышақпен кесілгендей тілінуде.» деп бұйырды. (Бұхари)

            Хазреті Ибн Мәсуд және басқа да сахабалар “Сол улы еттің әсерінен расулуллаһ шәһид болды” деп бұйырды. Ал пайғамбарлық дәрежесінің өзі шәһидтік дәрежесінен де үстем болып табылады. Бірақ шәһид болу да бір ниғмет. Аллаһу та’ала расулына бұл ниғметті де беру үшін соңғы науқастанғанында бұл удың әсерін көрсеткен. (Мәуахиби ләдуннийа)