25 Қыркүйек 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Кібір (тәкаппарлық)

Кібір (тәкаппарлық)

Сұрақ: Кібір дегеніміз не?

Жауап: Тәкәппарлық деп өзін басқалардан жоғары санауды, үстем көруді айтады. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Кібір – Хақ та’алаға разы болмау және адамдарды менсінбеу деген сөз.» (Мүслим)

Хазреті Фудаил бин Йяд “Қарапайымдылық – наданнан естісе де, кішкентай баладан естісе де хақты (шындықты) еш кідірместен қабыл ету, мойындау деген сөз” деген. Ал қабыл етпеу, мойындамау тәкаппарлық деген сөз. Тәкаппар адам өзін басқадан үстем көру арқылы рахаттанады. Өзін және ғибадаттарын ұнатады.

Кібір – өте жаман мінез және харам болып табылады. Аллаһу та’аланы ұмытудың белгісі. Тәкәппар адам салих бола алмайды. “Мен тәкәппар емеспін” деген адам тәкәппар болып табылады. Кібір барлық жақсылықтарға тосқауыл болады, барлық жамандықтарға жол ашады.

Екі аяти кәримада былай бұйырылды:

«Жаһаннам - өзін жоғары санаған адамдар үшін нендей жиіркенішті жаман орын» (Нахл 29)

«Аллаһ Тәкәппар адамдарды жақсы көрмейді.» (Нахл 23)

Хадис шәрифтерде де былай бұйырылды:

«Іштеріңдегі ең жаманың, тас жүректі және Тәкәппар болғандарың.» (И. Ахмед)

«Тәкәппар адам ақыретте Аллаһу та’аланы ашулы күйде көреді.» (Бұхари)

«Аллаһу та’ала Тәкәппарнің дәрежесін түсіреді, қарапайым адамның дәрежесін көтереді.» (Табарани)

«Тәкәппар адам жаһаннамның ең терең және азабы ең ауыр болған “болис” шұқырына тасталады.» (И. Ахлақы)

«Көңілінде құм данасындай кібір болған адам жаннатқа кіре алмайды.» (Мүслим)

«Жеңдер, ішіңдер, киініңдер және садақа беріңдер, бірақ ысыраптан және кібірден сақтаныңдар.» (Ибн Мажә)

«Нұх алейһиссалам, өлім алдында балаларына “шірктен және кібірден қатты сақтаныңдар” деп бұйырды.» (Хаким)

«Кібір – ібілісті хазреті Адамға сәжде еттірмеді.» (И. Асакир)

«Тәкаппарлар қияметте құм данасындай болып аяқ астында қалады. Барлық адамдар оларды басып жүреді.» (Тирмизи)

«Аллаһу та’ала жек көретін үш адам: Зина жасаған кәрі, Тәкәппар кедей және залым басшы.» (Тирмизи, Нәсаи)

«Кібір барлық әдеміліктің (барлық жақсылықтың, ниғметтің) апаты болып табылады.» (Дәйләми)

«Тәкәппар болған кедейге ауыр азап беріледі.» (Мүслим)

«Жаһаннам кібірсіз болған мұсылманға харам болады.» (Бәйһақи)

«Өзіне басқалардың құрмет көрсетіп, басын иіп тік тұруын қалайтын адам тозаққа дайындала берсін!» (И. Ахмед)

«Кібірден, қиянат және қарыздан таза болып өлген адамның барар жері жаннат» (Нәсаи)

«Аллаһу та’ала былай бұйырды: кібір және ұлылық маған тән. Бұл екеуінде маған ортақ болған адамды еш мейірім етпей тозаққа тастаймын.» (Мүслим)

Неліктен кібір басқа күнәлардан да үлкен? Өйткені кібір, яғни үстемдік тек Аллаһу та’алаға тән бола тұрып, құлдың кібірленуі – патшаның алдында бір құлы оның тәжін киіп алып, тағына отырып үкім беріп отыруына ұқсайды. Патшаның бір бұйрығын орындамай, жазықты болумен, патшаның билігін қолға алу арасында әрине үлкен айырмашылық бар. Сол сияқты кібірлену де Аллаһтың әмірін орындамау секілді кінә емес, тікелей өзін илаһ орнына қою секілді үлкен кінә болады.

Бұл кінәнің төменгі түрі илаһлыққа ортақ болу. Патшаның қол астындағыларға тіл тигізіп, оларға үстемдік көрсетіп, оларды өз билігіне қаратқысы келетін адам бірден-бір әміршіге ортақ болды деп саналады. Тағына отыруға ұқсамағанымен соған өте жақын болады. Бүкіл болмыстар Аллаһу та’аланың құлдары. Бұларлың үстінен билік жүргізу, ұлылық, өктемдік таныту тек қана Оған тән. Адамдарға осы секілді кібірленген кісі Аллаһу та’алаға ортақ болған деп саналады.

Ақылы бар, өзін және Раббысын танитын адам кібірлене ме? Адам Раббысына әрдайым өзінің төмендігін, әлсіздігін көрсетуге мәжбүр. Сондықтан әрдайым, барлық жерде өзінің әлсіздігін көрсетуі, қарапайым болуы керек. Тәкаппарланып “мен” деп айту фәизді және берекені тоқтатады.

Хазреті Әбу Бәкір былай деген:

Кібірден сақ болыңдар. Топырақтан жаратылып қайта топыраққа айналатын, бүгін бар ертең жоқ болатын пенденің кібірленуі, өзін ұнатуы қаншалықты мәнсіз еді.

Тәкәппар адам хақты (шындықты) қабыл етпейді, мойындамайды.

Негізгі дұшпан ішімізде, ол – нәпсіміз. Ең үлкен дұшпан адамның нәпсі. Нәпсінің қалауларына ерген адамның Аллаһу та’алаға құл болуы қиын болады. Нәпсі үнемі жаман нәрселерді қалайды. Адамның харам істеуді қалауы нәпсінің уысына түскенін білдіреді. Нәпсі – жақсылық дегеннен жұрдай, тек жамандық атаулының бәрін өз бойына жинаған ең ақымақ жаратылыс. Нәпсі – бүкіл жамандықтардың қоры. Өзін жақсымын деп ойлайды, алайда ең надан жаратылыс. Әр бір қалауы өзіне зиянды. Азығы – харамдар, негізгі қалауы – илаһ болу.

 

Қанша күнә жасатса да тоқтамайды

Бәрі өзіне табынуын армандайды

 

Үлкен, кіші бәрімізде нәпсі бар. Ешкім біреудің бұйрығын орындауды қаламайды. Жасы кіші, бала деп кішімсінбеу керек, ешкімнің де кібіріне, көкірегіне тиетін сөз айтпау керек. Бір күні жиенімнің үйіне қонаққа барған едім. Жиенімнің 2-3 жасар қызының аяқтары жалаңаяқ еді. Бір аяғы бетонда бір аяғы кілемнің үстінде еді. Оған “бетонды баспа кілемнің үстіне тұр” дедім. “Сен неге менің ісіме араласасың, мен не істейтінімді өзім білемін” дегендей боп маған алайып қарады. Кейін қырсығып, ашуланып екі аяғын да бетонға қойды. Бала болғаны үшін қарсылығын жасыра алмады. Үлкендер де дәл осы секілді қарсылық көрсетеді. Бірақ ұятқа қалмайын деп қарсылық жасағанын білдірмеуге тырысады. Бір танысым айтқан еді «Кімге таң намазына кел деген болсам бәрі бір бір сылтау айтып шықты. Иншаллаһ келеміз деген ешкім шықпады. Біреулері “cен өзің құптан намазына келе алмай жүрсің, ал бізге таң намазына кел дейсің, сен алдымен өзіңе қарап алсай. Біз үйде бала-шағамен жамағат болып жүрміз” деді.»

Ал негізінде өзінікі дұрыс болса да, келе алмайтын себетері бар болса да қарсылық көрсетпеулері керек еді. Дұрыс сөзді кім айтқан болса да қарсы шықпай қабыл ету керек еді. Белгілі бір себептермен келе алмаса да “иншаллаһ” деп те айтуға болмас па еді? Нәпсі, кібір бәрімізде бар. Оны азайтуға тырысуымыз керек. Діннің әрбір әміріне мойынсұнып, тыйым салған барлық нәрселерінен қашуда міндетті түрде нәпсіні қинаудың, езудің үлесі бар. Бұған риязат және мүжахада деп айтылады. Риязат нәпсінің қалауларын (харам және мәкрухтарды) жасамау деген сөз. Мүжахада нәпсінің қаламаған нәрселерін (ғибадаттарды) жасау деген сөз.

Кібір шірктің бауыры. Кібірге толған баста ақыл болмайды. Нәпсіні ысырып тастау керек, өзімізді ұнатпауымыз керек, өз-өзімізден жиіркенуіміз керек, өзінен жиренбеген адам құтыла алмайды.

Бір адамға әмри маруф жасағанда, Аллаһтан қорқ мынаны істе, мынаны істеме дегенде, егер қабыл етпесе, ол адамның нәпсісінің тұзағына түскенін білдіреді. Хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһтан қорқ дегенге, сен алдымен өзіңе қара деген адамды Аллаһу та’ала жақсы көрмейді.» (Бәйһақи)

Хақты, дұрысты кім айтса да қабыл ету керек. Дұрыс болған нәрсені қабыл етпеуге қырсықтық делінеді. Қырсықтық – алдындағы адамды төмен санау, одан жиіркену, оған дұшпандық ету, көре алмау, іші тарлық ету секілді себептерден туындайды. Хақты дұшпанымыз айтса да қабыл етуіміз керек. Хадис шәрифте былай бұйырылды:

«Аллаһу та’аланың ең жақсы көрмейтін адамы хақты қабыл етпей, қырсықтық ететін адам» (Бұхари)

«Үлкен, кіші, жақсы, жаман немесе ұнатпайтын адамың хақ нәрсе айтатын болса қабыл ет.» (Дәйләми)

«Білмейтін бір жағдайына қырсықтық танытқанға, бұл қырсықтығынан қайтқанға дейін Аллаһу та’ала ашуланады» (И. Әбиддунийа)

«Дін бауырыңа қасарыспа.» (Тирмизи)

«Тәкәппар адам хақты менсінбейді, қарсы шығады, адамдарға жиіркеніш көзімен қарайды.» (И. Ғазали)

«Мұсылманды менсінбеу өзіне жамандық ретінде жеткілікті болады.» (Мүслим)

«Өзін ұнатқан адам опат болады.» (Бұхари)

Хазреті Фудаил бин Йяд “Қарапайымдылық – наданнан естісе де, кішкентай баладан естісе де хақты еш кідірместен қабыл ету, мойындау деген сөз. Ал қабыл етпеген адам Тәкәппар деген сөз” деп бұйырған. Хазреті Абдулкадир Гәйлани де “Бауырыңның айтқан насихаттарын қабыл ет” деген.

 

Өзін жаннаттық, ал күнәхарды жаһаннамдық демеу керек

Сұрақ: Мұсылманның өзін жаннаттық секілді, ал күнаһалларды жаһаннамдық деп көрулері дұрыс па?

Жауап: Күнәһарларды ұнатпау керек, бірақ өзін күнәһарлардан үстеммін деп те ойламау керек. Өзін жаннаттық, ал күнәхарды жаһаннамдық деп білмеу керек. Тіпті кәпір үшін де бұлай ойламау керек. Кәпір бір шаһадат кәлимасын айтумен жаннаттық, ал өзі де бір күпірге себеп болатын сөз айтып жаһаннамдық болуы мүмкін.

Исраил ұлдарынан бір қарақшы қырық жыл күнә істейді. Бір күні хазреті Исаны хауарилерінің біреуімен кетіп бара жатқанын көреді. Бұрынғы жасаған тонаушылықтарына өкінеді. “Мен бұларға қосылайын” деп арттарынан жүреді. Хауаридің жанына жақындайды, ішінен “мен сияқты қарақшының мұндай ұлы адамның жанында жүруі дұрыс бола ма екен?” деп ойлайды. Хауари болса “бұл қарақшы қайдан тап болды? Қалайша менің жанымда жүр” деп ойлап одан алыстап Иса алейһиссаламға жақындайды. Сонда Аллаһу та’ала хазреті Исаға уахи жібереді:

«Екеуіне де айт! Екеуінің де өткен өмірлерін жойдым. Амалдарын жаңадан бастасын. Өзін ұнатқаны үшін хауаридің ғибадаттарын жойдым. Өзін төмен санағаны үшін қарақшының күнәларын кешірдім.»

Хазреті Иса болған жағдайды екеуіне де айтып, қарақшыны хауарилердің қатарына алады. (И. Ғазали)

Хазреті Амр бин Шәйбә былай деген:

Меккеде Сафа және Мәруа төбелерінің арасында едік. Бір адамның қатыр үстінде келіп, айналасындағы қызметшілеріне қатал мәміледе болғандығын, бойында ұлылық, қуаттылық сезімі өршіп тұрғанын көрдік. Арада жылдар өтіп, бір күні түйе үстінде Бағдатқа келген едім. Онда басы ашық, жалаңаяқ, шашы ұзын, бейбақ бір адамды көрдім. Танитын сияқты болдым. Ол өзіне мұқият қарауымның себебін сұрады. “Сені біреуге ұқсатып тұрмын” дедім және кімге ұқсатып тұрғанымды айттым. Ол “иә, сол көрген адамың менмін. Қарапайым болу керек жерде кібірленген едім. Ендігі осы жағдайға түстім” деді.

Адам біраз білімді болса және ғибадатын орындап жүрсе кібірден құтылуы қиын болады. Білімсіз адамдарды мал сиқты көреді. Өзі ұшін ұнатқан нәрселерін басқалар үшін ұнатпайды. Хақ және ақиқатты басқалардан естісе қабыл еткісі келмейді. Олардың насихаттарына, кеңестеріне құлақ аспайды, нәпсісінен асып өте алмайды.

 

Бүкіл мұсылмандарға дұға ету керек

Сұрақ: Менде бір мінез пайда болды. Алдымдағы адамның пасық, мазһабсыз, бидғатшы т.б. ма әлде дұрыс адам ба соған қатты мән беретін болдым. Ол адамдар мазһабсыз немесе бидғатшы болса өзімді қорғау үшін олармен ара қашықтық ұстаймын. Кейде кібірленіп кетермін деп те қорқамын. Кібірленбеу үшін не істеу керек?

Жауап: Бұл жақсы мінез. Кібірленбеу қолда емес, яғни бұдан құтылу өте қиын. Адамдардың жағдайы белгілі. Адам пасық, мазһабсыз, бидғатшы болса, ондай болмағаныңыз үшін әрине қала-қалама “әлхамдулилләһ” мен ондай емеспін дейсіз.

Кібірленбеу үшін ол бір күні тәубе етіп құтылар, Аллаһ сақтасын мен адасуым мүмкін деп өзімізді одан үстем деп қарамауымыз керек. Бүкіл мұсылмандардың әһли сүннет сеніміне, дүние және ақырет бақытына қауышулары үшін дұға етуіміз керек.