25 Мамыр 2017   


  Негізгі бөлім / Зекет - Ұшыр - Садақа / Садақаның ең үстемі

Садақаның ең үстемі

Сұрақ: Ең үстем садақаға не жатады?

Жауап: Бұл садақа беретін немесе алатын адамның жағдайына қарай өзгереді. Мысалы, бір аш адам бар болса, оны тойдыру ең үстем садақа болады. Бір адамның материялдық жағдайы нашар, қарыздар бір досы бар болса, ол үшін ең үстем садақа осы досын қарыздан құтқару болады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Ең үстем садақа – су беру.» (Нәсаи)

«Ең үстем садақа – аш жүрген бір жандыны тойдыру.» (Бәйһақи)

«Ең үстем садақа – екі адамды татуластыру.» (Табарани)

«Ең үстем садақа – тілге ие болу.» (Дәйләми)

«Ең үстем садақа – жасырын берілгені.» (Табарани)

«Ең үстем садақа – ілім тарату.» (Табарани)

«Ең үстем садақа – ілім үйреніп, өзгелерге де үйрету.» (Ибн Мажа)

«Ең үстем садақа – кек сақтап жүрген жақынына берілгені.» (Табарани)

«Ең үстем садақа – дені сау, мал-мүлікке ынтасы көп болып, байлыққа үміттеніп, кедейліктен қорққан кезде берілген садақа.» (Мүслим)

«Ең үстем садақа – дұрыс сөзді өз уақытында айту.» (Хаким)

«Ең үстем садақа – Рамазанда берілгені.» (Тирмизи)

 

Садақаның реті

Сұрақ: Садақа берген кезде қандай реттілікке қарау керек?

Жауап: Бұл адамның жағдайына қарай ауысады. Мысалы, қарызы бар болған адамның әуелі қарызын өтеуі керек, бірақ ай сайын бөліп төлейтін қарызы бар болып, төлейтін күні келгенде өтей алатын адам қарызы бітпей тұрып та садақа беруіне болады. Зекет қарызы бар бола тұра берілген садақа да қабыл болмайды. Имам Раббани хазреттері былай деген:

«Зекет ниетімен кедейге бір алтын беру жүз мың алтын садақа беруден сауаптырақ, өйткені зекет беру – парызды орындау деген сөз. Ал садақалар – нәпіл ғибадаттар. Парыз ғибадаттың жанында нәпіл ғибадаттардың еш қадірі жоқ. Теңіздің жанындағы бір тамшыдай да бола алмайды. Шайтан алдап, қазаларды өтеткізбей, зекетті бергізбей, нәпілдерді жақсы қылып көрсетеді.» (3/17)

Өз жанұясының напақасын қамтамасыз ете алмайтын адамның да басқа біреуге садақа беруіне болмайды. Садақа берерде өз жанұясынан кейін салих болған кедей туыстарға да басымдылық беру керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Кедейге берілген садақа бір садақа болса, туысқанға берілген садақа әрі садақа, әрі сыла-и рахм болып, екі садақа болады.» (Нәсаи)

(Сыла-и рахм – жақын туысын зиярат ету және оған жақсылық жасау.)

«Жақын туыс және көршіге берілген садақаның сауабы екі есе көбірек.» (Табарани)

Бір әйел Расулуллаһтан «Кедей болған күйеуіме сыйлық берсем, садақа орнына өтеді ме?» деп сұраған кезде пайғамбарымыз алейһиссалам былай жауаптады:

«Екі сауап бар. Бірі садақа, екіншісі сыла-и рахм сауабы.» (Бұхари)