8 - Рабиул-ахир, 1440 жыл.
     15 - Желтоқсан, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Мұсылман қандай болады?

Мұсылман қандай болады?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Сүйікті пайғамбарымыздан: «Йа, Расулаллаһ, мұсылман қандай болады» деп сұраған екен. Пайғамбарымыз: «Мұсылман күлімдеген жүзді және жылы сөзді болады» деп жауаптады. Күлімдеген жүз және жылы сөздің дініміздің жайылуында маңызды орны бар. Ондай болмаған адамдар дінге аса пайдалы бола алмайды. Әрдайым жылы сөзді және күлімдеген жүзді болу – мұсылмандықтың бірінші белгісі. Кейбір адамдар өте сезімтал келеді. Оған бір жаман қарасаңыз, бірден ренжіп қалады.

Құмырсқа қажылыққа баруға шешім қабылдайды, сонда бәрі оған «Сен мына жағдайыңмен қажылыққа бара аласың ба?» дейді. Құмырсқа «Несі бар, неге бара алмаймын?» депті. «Қалай барасың, сенің өмірің жетпейді ғой» десе, құмырсқа «Мен бір көгершінге жабысамын. Көгершін ұшады, мен де жетіп аламын» депті. Демек, Аллаһу та'ала бізді осындай құмырсқа күйімізде ұша алатын бір құсқа кезіктірсе, яғни бір сүйікті құлын танытса, біз Қағбаны таба аламыз. Яғни Раббымыздың разылығының қайда екенін үйренеміз. Ең ауыр іс – осы. Хадис шәрифте де білдірілгеніндей: «Йа, Раббым, маған дұрысты дұрыс қылып, қатені қате қылып білдір» деп дұға ету керек.

Адам бұл соңы өлім болған дүниеде жаман бір нәрсеге «Дұрыс» деп жабысса, жанады. Егер дұрыс бір нәрсеге «Қате» деп жала жапса, құриды. Сондықтан дүниеде ең қиын нәрсе – дұрысы қайсы, қатесі қайсы екенін ажырата алу. Бұл адамның өзі жасайтын жеке тірлігі емес. Адамның ақылы бұған жетпейді. Мұны әуелде білетін бір адамның бізге көрсетуі керек. Пайғамбарымыз былай дейді:

«Үмбетім 73 топқа бөлінеді, 72-сі тозаққа түседі, тек бір жол құтылады.» (Тирмизи)

Сенімдері қате болғандықтан, бұл жетпіс екі топ тозаққа түседі. «Үмбетім» дегендіктен, тозақтан кейін қайта шығады. Демек, тозаққа кірместен, бұл азапты шекпестен жәннатқа кіретін топ – «Әһли сүннет уәл жамағат» жолы.

Аллаһу та'ала иесіз қалудан сақтасын! Ғалымдарды танымаған, сол ғалымдарды жақсы көрмеген, сол ғалымдардың жолымен жүрмеген адам өте үлкен қауіпте.

Ислам діні ағаш сияқты. Оның тамыры – иман, діңі – амалдар, ғибадаттар. Ағаштың мақсаты – жеміс-жидектер. Ағаштың жемісі – тасаууф, сүйіспеншілік, ықылас. Ағашсыз жеміс болмайды, ауадан шие жиналмайды. Жеміс жеу үшін ағаш қажет. Ағаштан мақсат – жеміс, бірақ ағаш болмаса, жеміс те болмайды. Демек, жемісті ағаш қабыл етілген.

Мүмин мүминнің айнасы. Бір мұсылман басқа бір мұсылманға «Сен сондай жамансың, пәлендей жаман қасиетің бар» дегендей сөздер айтса, білсін, сол қасиеттер өзінде бар. Яғни ол айнада өзін көріп тұр деген сөз.

Алдынан шыққан кездейсоқ кітапты оқу қауіпті, бірақ дұрыс кітапты көп оқыған өте жақсы.