14 - Шәууал, 1445 жыл.
     23 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 22) Леди Зейнеп Эвелин Комбольд (ағылшын)

22) Леди Зейнеп Эвелин Комбольд (ағылшын)

Менен адамдар неліктен мұсылман болғанымды үнемі сұрайды. Мен атақты бір отбасының қызымын және күйеуім де танымал, абыройлы адам. Неліктен мұсылман болғандығымды сұрағандарға мұсылмандық нұрының қашан рухыма сәуле шашқанын нақты білмейтінімді айтамын. Мен өзімді әрдайым мұсылман болып жүргендей сезінемін. Бұл таңқалардық нәрсе емес. Өйткені мұсылмандық – табиғи және хақ дін. Әрбір сәби мұсылман болып туылады. Баланы өз еркіне қалдыратын болсақ, мұсылмандықтан басқа дінді таңдамайды. Еуропалық бір жазушының айтқанындай: «Мұсылмандық – ақылы толық адамдардың діні».

Барлық діндерді бір-бірімен салыстыратын болсаңыз, олардың ең кәмілі, ең табиғи, ең қисынды болғаны Ислам діні екенін бірден-ақ аңғарасыз. Мұсылмандықтың арқасында дүниенің көптеген қиын мәселелері оңай шешіліп, адам бейбітшілік пен тыныштыққа қауышады. Мұсылмандық адамдардың күнәхар болып туылып, дүниеде кәфарат беру (жазасын өтеу) керектігін ешқашан қабылдамайды. Мұсылмандар жалғыз Аллаһу та'алаға сенеді. Олардың көзқарасы бойынша Мұса, Иса және Мұхаммед Мұстафа (салауатуллаһи та’ала алейһим әжмаин) – біз сияқты адамдар. Аллаһу та’ала оларды адамдарға тура жолды көрсетуі үшін пайғамбар ретінде таңдаған. Тәубе ету, кешірім сұрау, дұға ету үшін Аллаһу та’ала мен адам арасында ешкім тұрмайды. Біз әрдайым Аллаһу та’алаға өзіміз жақындай аламыз және тек өз істеген істерімізге ғана жауапкерміз.

«Ислам» сөзі әрі Аллаһу та’алаға бағыну (берілу), әрі Мұхаммед алейһиссаламға иман келтіру деген мағынаны білдіреді. Мұсылман – осы дүниені жаратқан Аллаһу та’аланың әмірлеріне мойынсұнатын, барлық болмыстармен бейбітшілік пен саламаттықта өмір сүретін адам дегенді білдіреді. Ислам діні екі негізгі ақиқат үстіне құрылған:

1) Аллаһу та’аланың бір екендігі және Мұхаммед алейһиссаламның Оның жіберген соңғы пайғамбары екендігі.

2) Адамдардың барлық қате сенімдерден, негізсіз догмалардан толықтай құтылуы. Исламның негізгі шарттарының бірі болған қажылықтың адамдарға тигізетін әсері зор. Әлемнің түкпір-түкпірінен келетін жүз мыңдаған мұсылманның ешқандай топқа, ешбір ұлтқа, мемлекетке, нәсіл мен мансапқа бөлінбестен, ерекшеленбей бір ихрамға жабынып, Аллаһу та’аланың құзырында бәрі бірге сәждеге жығылуындай ұлы бір ғибадат кейіпі басқа қандай дінде бар? Ұлы пайғамбардың (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм) Исламды жариялаған, Ислам дұшпандарымен соғысқан осы қасиетті жерлерде бірге ғибадат жасаған мұсылмандардың бір-бірімен байланысы арта түсетіндігі, бір-бірінің қайғысына ортақтасатындығы, Аллаһу та’ала көрсеткен жолда бірге жүруге тағы бір рет ант ететіндіктері ақиқат. Қажылық, сонымен қатар, әлемдегі барлық мұсылмандарды бір-бірімен таныстыруға, бір-бірінің дерттерін бөлісуге, бір-біріне жасаған тәжірибелерін үйретуге де жарайды.

Қажылыққа бір рет бару мұсылмандықтың ұлылығын дәлелдеуге жеткілікті болады. Міне, мұсылмандық деген осы және мен де осы ұлы дінге кіргеніме өте қуаныштымын және бақыттымын.