24 Шілде 2017   


  Негізгі бөлім / Хайз / Иманның шарттары және орану үкімі

Иманның шарттары және орану үкімі

Сұрақ: «Иманның шарттары арасында әйелдердің орану үкімі жоқ, үлкен күнәлардың арасында да бұл білдірілмеген. Бұл онша маңызды үкім емес пе, неге бұл мәселеге қатты мән беріледі?» деген сөздерді естіп жүрміз. Қалай жауап беруге болады?

Жауап: Орану мәселесін талқыға салатындар оранғандар емес, діннің бұл әміріне қарсы шығушылар.

Иманның шарттары арасында орану да, барлық парыздар мен харамдар да бар. Иманның бір шартын қабыл етпеген адам иманды бола алмайды. Иманның алты шарты: 1) Аллаһқа, 2) Періштелерге, 3) Кітаптарға, 4) Пайғамбарларға, 5) Ахирет күніне, 6) Тағдырға сену. Енді бұлардың түсіндірмелеріне қарайық:

 

1) Аллаһқа сену: Тек Аллаһ бар деп айтумен иман болмайды. Сол Аллаһ жіберген парыздарға және харамдарға сену шарт. Бұлардың біреуіне болса да сенбеген адам Аллаһқа сенбеген болады. Мысалы, құмарға, шарапқа, пайызға ақша беруге халал деген адам Аллаһқа сенбеген болады. Орану да Аллаһтың әмірлерінің арасында. Орануға сенген, бірақ мұны орындамаған адам тек күнә істеген болады, алайда сенбеген адам Аллаһқа сенбеген болады. Аллаһқа сенбеген адам мұсылман бола алмайды.

 

2) Періштелерге сену: Періштелер бар деп айтумен періштелерге иман келтірілген болмайды. Періштелерді христиандар сияқты қыз деп санау, періштелерді күнә істейді деп ойлау періштелерге дұрыс иман ету болмайды. Періштелерге сенбеген адам да мұсылман емес.

 

3) Кітаптарға сену: Аллаһ кітаптар жіберді деп айтумен кітаптарға иман етілген болмайды. Ол кітаптарда білдірілген харамдарға, парыздарға сену шарт. Тіпті біріне де сенбеген адам мұсылман бола алмайды. Құран кәрімде орану әмірі білдірілуде. Бір аяти карима мағынасы мынадай: «Мүмин әйелдерге айт: (Бөтен еркектерге қараудан) сақтансын, намыстарын қорғасын, (қол, бет сияқты) көрініп тұратын бөліктерден басқа әшекейлерін (шаш пен мойын сияқты әшекей тағылатын жерлерді) көрсетпесін, химарларын (орамалдарын) жағаларына дейін (шаш, құлақ және мойындарын) жапсын!» (Нұр 31)

Мұны жоққа шығарған адам қалайша мұсылман бола алады?

 

4) Пайғамбарларға сену: Пайғамбарлар бар деп айтумен иман болмайды. Пайғамбарлардың білдіргендерінің бәрінің дұрыс екеніне сену шарт. Пайғамбарымыз орану әмірін көптеген хадис шәрифтерде білдірген. Біреуінің мағынасы мынадай:

«Бір қыз намаз оқитын жасқа келгенде бет пен қолдарынан басқа денесін еркектерге көрсете алмайды.» (Әбу Дауд)

Пайғамбардың сөзін қабылдамаған адам қалайша мұсылман болады?

 

5) Ахирет күніне сену: Бір адам ахирет бар деп айтумен ахиретке сенген болып саналмайды. Мұсылмандардың жәннатқа, кәпірлердің тозаққа кететініне сену де шарт. Бұған сенбеген адам да мұсылман бола алмайды.

 

6) Тағдырға иман: Тек тағдыр Аллаһтан деп айтумен адам тағдырға сенген болмайды. Тағдырымды мен өзім жазамын, елді тағдырына тастап қоймаймыз деген адам тағдырдың не екенін білмейді деген сөз.

Демек, орану иманның негіздері арасында бар, бұл маңызсыз екінші дәрежелі үкім емес. Оранудың парыз екенін жоққа шығарған адам иманын жоғалтады. Орануға сеніп, орындамаған адам мұсылман саналады, бірақ күнәхар болады.