8 - Рабиул-ахир, 1440 жыл.
     15 - Желтоқсан, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Кеше, бүгін және ертең

Кеше, бүгін және ертең

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'ала адамды қатты қадірлейді, «Ей, құлым» дейді, «Мен саған кітап жібердім, пайғамбар жібердім» деп үндеу жібереді. Мұсылман ретінде біз Раббымыздың осы үндеуіне қауыштық. Тек біз ғана емес, бүкіл адамдар бұл үндеуге қауышты, бірақ Аллаһу та'ала ерекше қылып: «Ей, иман келтірген құлдарым, егер әмірлеріме бағынсаңдар, тыйымдарымнан сақтансаңдар, сендерге жәннатты беремін» дейді. Яғни иман келтіргендерге бөлек үндеу жіберуде. Жәннатта көздер көрмеген, ақыл түсіне алмайтын, ойға, қиялға келмейтін ниғметтер дайындалған, ол жерде ешқандай қайғы жоқ, мәңгі ниғметтер бар.

Өмір үш түрлі: кеше, бүгін және ертең. Кешегі күн өтіп кетті. Ертеңгі күннің келетіні нақты емес, белгісіз. Егер қалған бүгінгі күніміздің қадірін білмесек, ертеңгі күннің қадірін қалай білеміз? Ертеңгі күн келуі де, келмеуі де мүмкін. Мүмкіндік болуы да, болмауы да мүмкін. Сондықтан, бүгін, мүмкіндігіміз бар кезде, өлім келмей тұрып, ахиретте алдымыздан шығатын ғибадаттарымызды дұрыс орындайық, бала-шағамызға, қарамағымыздағыларға дінімізді үйретейік. Әуелі біз дінімізге сай өмір сүрейік. Намаз оқымайтын адам қалайша басқа біреуге барып «Намаз оқы» дейді? Өзіміз ұстанбасақ, басқаға «Былай істе» деп айтуымыз әсерлі болмайды. Адам өзі Құран кәрім оқымаса, қалайша басқаға «Құран оқы» дей алады? Білімнің жасы болмайды. Дереу тәубе етіп, өлмей тұрғанда ахиретке дайындалу керек, өйткені өлім кенеттен келеді.

Бұлар ғасырлар бойы айтылып келген сөздер және насихаттар. Біз Раббымыздың разылығына талапкерміз. Адамдардың отта жанудан құтылуын қалаймыз, өйткені азаптар күтілуде, сондай ауыр азаптар бар, хазреті Әли ант етіп «Уаллаһи, азап көлігі ретінде ахиретте таулардай үлкен шаяндар мен жыландар бар» деген. Ал біздің бұл жақтағы дертіміз не? Мал-мүлікке, мансапқа, лауазымға, атақ-даңққа, абыройға деген құштарлығымыздан алдымызды көре алмай қалдық. Бізді құтқаратын осылар ма? Бұлар құндылық емес. Құндылық – Аллаһу та'аланың разылығына сай өмір сүру, біз осыған қол жеткізуге тырысайық. Өте қысқа болған бұл өміріміз өте тез өтіп жатыр.

Аллаһу та'ала бүкіл рухтарды жаратқан кезінде періштелер: «Йа, Рабби, бұл адамдардың бәрі бұл дүниеге сыя ма?» деп сұрайды. Аллаһу та'ала «Мен оларды бөліп-бөліп жіберемін. Біреулері өледі, орнына жаңалары келеді, олар да өледі, жаңалары келеді, бұл дүние осылай толады» деген. Періштелер тағы да: «Йа, Рабби, адам әкесін, жанұясын мазарға көмгеннен кейін не істейді, өмірін жалғастыра алады ма?» деп сұрағанда Аллаһу та'ала: «Оларда сондай ғапілдік болады, мал-мүлік құштарлығынан басқа ештеңе ойлай алмайды» дейді.

Қазір қаншама адам өз әкесінің өлімін күтіп жүр, өйткені мирасты бөліседі. Тіпті, кейде кейбірлері өлімін күте де алмайды, өлтіргенін естіп жатамыз. Сондықтан, біз көркем мінез иесі болуға және бізден кейінгілерге де жақсы мінезді, дұрыс иманды мирас қылып қалдыруға тырысайық, өйткені бұлардан басқасында қайыр жоқ.