26 Наурыз 2017   



Тұмар тағу

Сұрақ: Дұға оқып ауру адамға үрлеу және тұмар тағып жүру дұрыс емес нәрсе ме?

Жауап: Жоқ, дұрыс нәрсе. Бұл туралы кітаптарда былай делінген:

            Аяти кәриманы және Расулуллаһтан келген дұғаларды оқып үрлеу бұларды өзімен бірге алып жүру (тұмар қылып тағып жүру) жаиз болып табылады. Сеніп алып жүрген адамға пайда береді. (С. Әбәдийа)

Күйеуі өзін жақсы көруі үшін және жәбірлемеуі үшін әйелге Құран кәрімнен және Сәләфус-салихиннің білдірген дұғаларынан тұмар жазу (ақысын талап етпеу шартымен) жаиз болып табылады. Не екені белгісіз нәрселерді жазу, оқу және оқыту бұлармен тұмар жасау харам болады. (Фәтауаи хадисийа)

Аяти кәрима және дұға жазулы тұмарды клеенка секілді су өткізбейтін нәрселерге ораған жағдайда жүніп адамның да алып жүруі және онымен әжетханаға да кіруі жаиз болады. (Халеби, Дурр-ул-мухтар)

Науқастың және жануар тістеп алған адамның шипасы үшін Құран кәрім оқу немесе қағазға жазып тұмар қылып алып жүру немесе су құйылған ыдысқа салып бұл сумен ауыратын жерін жуу жаиз болып табылады. Дұрыс болған мәшһүр дұғалармен тұмар жасау және өзімен бірге алып жүру жаиз. (Хиндийа)

Сахабалардан Убәййубни Қаб радиаллаһу анһ былай деген:

Расулуллаһтың жанында отырған едім. Бір кісі келіп бауырының қатты ауырып жатқанын айтты. “Ауруы не?” деп сұрағанында “жын ұрды” деп жауап берді. Расулуллаһ “бауырыңды осы жерге алып кел” деді. Бауыры келіп отырғанында Расулуллаһ “аяти хырз” ретінде танылған аяттарды оқып науқасқа үрледі. Сол мезетте жақсарып орнынан тұрды. (Байхаки, Хаким)

Cахабалардан Абдуллаһ бин Омар радиаллаһу анһ «Ашу, жаза және құлдарының жамандығынан, шайтандардың уәсуәсасынан және жанында болуынан Аллаһтың аяттарына сиынамын» деп жазып балиғатқа толмаған балаларының мойынына тағып қоятын еді. (Тирмизи)

Не екені белгісіз жазулары бар тұмарды әрине алып жүруге болмайды. Бірақ дініміз білдірген дұғаларды, аяти кәрималарды оқып үрлеу және тұмар ретінде тағып жүруде ешқандай зиян жоқ. Мәселен “аяти хырз” оқу және өзімен бірге алып жүру өте пайдалы. Тағып жүрген адамды сиқырдан, дуаланудан, көз тиюден қорғайды. Мұратына жетеді. (И. Ахлақы)

 

Махаббат тұмары

Сұрақ: Ерлі-зайыптылардың тату-тәтті өмір сүруі үшін махаббат тұмары жасалады екен. Әйелім мені жақсы көрсін деп осындай тұмар жасатуым жаиз бола ма?

Жауап: Егер ішінде күпірге себеп болатын сөздер жоқ және харам болған жазулар жоқ болса жаиз болады. Жаиз деген де тұмарды кез-келген адамға жасата беруге болады деген сөз емес. Ақысына ешқандай ақша сұрамайтын, әһли сүннет, салих мұсылман адам жасауы керек. Мұндай адам жоқ болса жасатпау керек. Жындармен байланысы бар адамдарға бару жаиз емес. Тұмарға әсер беретін Аллаһу та’ала. Яғни барлық тұмарлар әсерлі бола бермейді. Бұл дәріге ұқсайды. Аллаһу та’ала қаласа әсер етеді. Негізінде ерлі-зайыптылардың екеуі де намазын оқыса, дініміз білдірген жақсы мінездермен жүрсе, бір-бірінің ақыларын міндеттерін білсе мұндай нәрселердің керегі де қалмайды. Ол үйде махаббат емес иләһи ғашықтық басталады. Бүкіл қиындықтиардың негізгі себебі дінге мойынсұнбаудан келеді.

Сұрақ: Тұмар тағу жаиз ба? Тұмардың сыртын қалай қаптау керек? Үш бұрышты болуы шарт па және онымен туалетке кіруге бола ма?

Жауап: Тұмар тағып жүру жаиз болып табылады. (Фәтәуаи хадисийа)

Тұмардың үшбұрышты немесе басқа түрде болуының ешқандай айырмашылығы жоқ. Тұмар бір қабат терімен немесе клеенкамен қапталады. Осылай қапталған жағдайда онымен әжетханаға кіруге де, жүніп адамның тағып жүруіне де болады.

Сұрақ: Аяти хырзды USB жинағышқа (флэшкаға) жүктеп және оны өзімізбен бірге алып жүрсек, тұмар алып жүрген секілді пайдасын көреміз бе? Яғни дисктегі жазулар тұмар үкіміне жата ма?

Жауап: Жоқ. Бұл құралдарда ақпараттар 0-1 түріндегі кодтармен сақталады. Жазу түрінде болмағаны үшін тұмарға жатпайды.