16 - Шәууал, 1445 жыл.
     25 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / 39) Исмаил Вислев Зежилерский (поляк)

39) Исмаил Вислев Зежилерский (поляк)

1900 жылы Польшаның Кроков қаласында дүниеге келдім. Отбасым – Польшаның есімі тарихта қалған атақты жанұясы. Әкем нағыз атеист (дінсіз) еді. Бірақ, соған қарамастан, бала-шағасының католик тәрбиесін алуына рұқсат берді. Польшада католиктер көп болатын. Анам да берілген католик болғандықтан, біздің де католик болып жетілуімізді қалайтын еді. Мен дінді қатты құрметтейтінмін.  Жеке тұлғаның да, қоғамның да өмірінде діннің ең маңызды жол көрсетуші екеніне сенетін едім.

Біздің жанұямыз шетелдіктермен жиі-жиі кездесетін еді. Әкем жас кезінде көп саяхаттар жасап, көптеген шетелдіктермен достық құрған. Осы себептен біз басқа ұлттарды, мәдениеттерді, діндерді құрметтейтін едік. Ешкімді ешкімнен ажыратпастан, әр ұлтқа, әр нәсілге, қысқасы барлық адамдарға құрмет көрсететін едік. Мен өзімді Польша азаматы емес, әлемнің азаматы деп санайтынмын.

Жанұямның дүниелік істердегі көзқарасы «Орта жолды ұстану» пікіріне сүйенетін. Әкем ешқашан жұмыс істеу әдетінде болмаған аристократ тобынан шыққан болса да, жалқаулықты еш жақтырмайтын, әрбір адамның міндетті түрде жұмысы бар болуы керек деп санайтын. Диктаторлыққа толығымен қарсы болатын. Бірақ, дүниедегі құрылған жүйені, тәртіпті бұзатын әлеуметтік төңкерісті де мүлдем қабылдамайтын. Бұрынғы заманнан келген әдеттерді қатты құрметтейтін. Олардың бұзылуын қаламайтын. Қысқасы, әкем орта ғасырдың заманауи және орта жолмен жүретін рыцарь еді. Әкемнің маған берген еркіндік тәрбиесі мені зерттеуші қылып, мен әлеуметтік мәселелерді зерттеуге кіріскен едім. Дүниеде шешілуі қажет болған көптеген әлеуметтік, саяси, экономикалық проблемалар бар еді. Бұларды шешу және тура жолды табу үшін не істеу керек? Адамдардың бұл мәселеде екі бағытқа бөлінгенін көрдім. Бір жақта капитализм, екінші жақта коммунизм. Бір жақта қысым мен терроризм, екінші жақта еркіндік. Алайда, адамдардың рахат және тыныш өмір сүруі үшін осы екі бағыттың келісіуі және орта жолды табуы керек еді. Менің ойымша адам қоғамы еркін, бірақ жүйелі, қазіргі өмір шарттарына сай, бірақ ескі әдеттерді құрметтейтін негізге сүйенуге мәжбүр еді. Орта жолда жүру қағидаларына сай жетілдірілген мен сияқты адамдардың бұлай ойлауы қалыпты жағдай еді.

16 жасқа толған кезімде «Католик діні осы негізді құра алмайды ма?» деп ойлана бастадым. Сондықтан, католик дінін терең зерттей бастадым. Сол кезде шіркеуде маған айтылған нәрселердің ақылыма қонбағанын байқадым. Олардың басында үштік тәңір сенімі тұрған еді. Одан соң Иша-и раббани (Иса алейһиссаламның еті нанға, қаны шарапқа айналу) сенімі, Аллаһу та’алаға дұға еткен кезде араға міндетті түрде бір попты қою қажеттілігі және біз сияқты адам болған папаның күнәсіз болу көзқарасы, яғни оған тәңірліктің бір түрінің берілуі, бірқатар суреттер мен мүсіндерге алғашқы адамдар сияқты табынуы, бірқатар оғаш әрекеттердің орындалуы менің ақырындап христиан дінін жек көруіме себеп болды. Бұл діннің адамзатты бәле-жаладан құтқаруы былай тұрсын, оның негізі бұзылған және еш қадірі болмаған қате сенім екенін ойлай бастадым. Содан кейін дінге немқұрайлылықпен қарай бастадым.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қайтадан бір дінге сену қажеттілігін сезіндім. Адам ешқашан дінсіз бола алмайтынын байқадым. Адамдардың рухы дінге мұқтаж. Дін – ең үлкен жол көрсетуші. Адамдарға ең үлкен жамандық дінсіздіктен келеді. Жетілген қоғамдық өмір сүре білу үшін адамдардың бір-бірімен байланысып, тура жолда жүрулері тек дін арқылы жүзеге асады. Жетілген адам қазіргі өмір салттарына, ғылымның жеткен дәрежесіне сай келмейтін, тек бірқатар негізсіз пікірлерден тұратын, ақылға қонымсыз дінді де қабылдамайтынын түсіндім. Христиан діні осындай еді. Басқа діндер қандай екен деп, барлық діндерді зерттеуге кірістім. Америкалық куагерлердің дінін, унитарияндарды, тіпті бахаилерді де зерттедім. Бірақ, олардың ешқайсысы мені қанағаттандыра алмады.

Соңында Ислам дінін таптым. Қолыма эсперанто тілінде жазылған «Islamo Esperantiste Regardata» атты бір кітап түсті. Бұл кітапты мұсылман болған Исмаил Колин Еванс деген ағылшын жазған екен. Міне, осы кітап мені 1949 жылы мұсылмандыққа алып барған жол көрсетушім болды. Оны оқыдым. Каирдегі «Дар-ут-тәблиғ-ул-Ислам» деген ұйымға барып, олардан мұсылмандық туралы мәлімет сұрадым. Олардың маған жіберген эсперанто тілінде жазылған «Islamo Chies Religio» деген кітабы менің иманымды толықтырып, мұсылмандық болдым.

Мұсылмандық бала кезімнен бергі пікірлеріме, қалауларыма, тілектеріме толығымен жауап беруде. Исламда еркіндік те, тәртіп те бар. Ислам Аллаһу та’аланың алдындағы міндеттерімізді көрсетумен қатар, дүниеде рахат және тыныш өмір сүру үшін қажетті нәрселерді де көрсетеді. Ислам барлық адамдарға, тіпті барлық жанды болмыстарға құқық береді. Ислам әлеуметтік мәселелерде ең маңызды мәселелерді ең дұрыс түрде шешкен. Мен социолог ретінде Исламдағы зекет және қажылық міндеттерінің ұлылығына қайран қалдым. Өзіне артық үлес берілген адамның мал-мүлкінің бір бөлігін кедейлерге беруі және барлық мұсылмандардың бір жерге жиналып, Аллаһу та’алаға ғибадат жасаулары және бір-бірімен танысулары қазіргі әлеуметтік ғылымдар көздеген, бірақ қол жеткізе алмаған мәселелері болып саналады. Ислам бұған бұрыннан қол жеткізіп қойған. Ислам діні осылайша капитализм мен коммунизмнің арасындағы орта жолды көрсетіп, барлық адамзаттың қалаған мәселелерін қамтамасыз еткен. Ислам қандай ұлттан, қандай әлеуметтік дәрежеден, қандай тілден болса да, дүниедегі барлық адамды бір жерге жинай алған, оларға бірдей құқық, әлеуметтік көмек берген, сонымен қатар Аллаһтан қорқу сезімін берген материалдық және рухани жүйені қамтамасыз еткен ұлы дін болып табылады. Исламда сынға ұшыраған полигами (яғни бірнеше әйелге үйлену) мәселесі де адамдардың биологиялық қажеттілігіне қарай білдірілген қасиет болып, ешқашан бір әйелмен тұрмайтын католиктердің екі жүзді моногами (бір әйелге үйлену) жүйесінен әлдеқайды дұрыс үкім болып есептеледі.

Қорытынды ретінде, Аллаһу та’алаға маған дұрыс жолды көрсеткені және мені өз ризалығына қауыштыратын хақ жолға салғаны үшін шүкіршілік етемін.