17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   


42) Капитан Кусто (француз)

[Францияда мұсылмандық әр салада, әр бағытта атақ-даңққа ие болған танымал адамдар арасында тез таралуда. Христиан дінін тастап, Ислам дінін таңдағандардың саны жүз мыңға жетті. Католик дінінің Франциядағы ең үлкен билік орны бұл санды растады.

Ислам дінін таңдағандардың тек жұмыссыздар, қызметшілер емес, түрлі бағыттарда танымал болған тұлғалар болуы назарды тартуда.

Мұсылмандықты таңдағандардың ішінде теңіз асты зерттеулерімен бүкіл әлемге танылған капитан Кусто да бар.

Францияда бүкіл әлемге танымал адамдардың мұсылмандықты қабыл етуі ықпал етіп жатқанда, әлемнің ең атақты теңіз асты зерттеушісі капитан Кусто Ислам дінін таңдау арқылы өмірінде ең дұрыс шешімді қабылдағанын айтты.

Теледидардан көрсетілетін «Тірі теңіз» бағдарламасымен мұхиттың құпияларын көз алдымызға жайып салатын капитан Кусто Ислам дінін таңдауына негізгі себеп болған оқиғаның Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі суларының бір-бірімен араласпағанын анықтағаннан кейін мұның 1400 жыл бұрын дүниеге түсірілгенҚұран кәрімде айтылғанын көруі екенін мәлімдеді.]

Капитан Кусто Ислам дінін қабылдауына себеб болған оқиғаны былай айтып берді:

«1962 жылы неміс ғалымдары Аден шығанағы мен Қызыл теңіз бірігетін Мендеп бұғазында Қызыл теңіздің суы мен Үнді мұхитының суының бір-бірімен араласпайтынын айтқан еді. Біз де Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі суының араласқан-араласпағанын анықтау үшін зерттеуге кірістік. Әуелі, Жерорта теңізінің өзіне тән ыстықтығы, тұздылығы, лайлылығы мен ондағы жанды болмыстарды анықтап алдық. Осындай зерттеуді Атлант мұхитына да жасадық. Екеуінің суы мыңдаған жылдардан бері Жәбәлітарық (Гибралтар) бұғазында қосылатын. Осы екі судың араласуымен олардың тұздылығы, лайлылығы сияқты элементтері теңесуі, ең болмаса құрамы жағынан бір-біріне жақындауы керек еді. Алайда, екі теңіздің ең жақын жерінің өзінде теңіз суы өз ерекшелігін сақтап тұрды. Яғни, екі теңіздің қосылған жерінде бір су пердесі екі теңізді араластырмай тұрған еді. Мұны профессор Морис Букаилға айтқанымда бұған таңданатын еш нәрсе жоқ екенін, Исламның қасиетті кітабы Құран кәрімнің мұны айқын түрде көрсеткенін айтты. Шынында бұл жағдай Құран кәрімде жазылған еді. Мұны көргеннен кейін Құран кәрімнің Аллаһу та’аланың сөзі екеніне сендім. Хақ дін болған Исламды таңдадым. Ислам діні рухани күші арқылы маған жоғалтқан ұлымның қайғысына шыдайтын сабырлық берді.»