18 - Рамазан, 1445 жыл.
     28 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Адамның үстемдігі

Адамның үстемдігі

Сұрақ: Құранда жазылғаны бойынша, адам барлық тұрғыдан үстем және кәміл жаратылған. Қазіргі таңда маймылдың есте сақтау қабілетінің адамға қарағанда әлдеқайда күшті екендігі анықталды. Сонда адамның кәміл болғандығы қайда қалды?

Жауап: Құран кәрімде «Барлық тұрғыдан үстем, барлық тұрғыдан кәміл жараттық» делінбеген. «Біз адамды ең жақсы түрде жараттық» делінген. (Тин 4) Бұл аяти кариманың тәфсирі мынадай: «Біз адамды ахсен-и тақуим қылып, яғни ең жақсы түрде, сымбатты, әдемі, мүшелерінің орны, саны ең жақсы, қолдануға қолайлы түрде, әлемнің барлық қасиеттерін қамтитындай кейіпте жараттық.» (Бәйдауи)

Аллаһу та'ала жаратқан барлық нәрседе міндетті түрде әсемдік, өнер, дұрыстық бар. Бұдан жақсырағын ойлап табу мүмкін емес. Бір аяти кариманың мағынасы: «Аллаһ барлық нәрсені әдемі етіп жаратты.» (Сәжде 7)

Бірнеше мысал келтірейік: Мүйіз киікке қажетті және пайдалы болғанымен, есекке пайдалы және қажетті емес. Адамның да мүйізді болуы орынсыз. Пілдің тұмсығы өзіне қажетті, қолдың қызметін атқарады, алайда адамның немесе басқа бір жануардың бұған қажеттілігі жоқ, тіпті керексіз болады.

Кенгуру балаларын қалтасына салып, сол жерде емізеді. Қалтаның атта, қойда немесе басқа жануарда болмауы бұл жануарлардың қадірін түсірмейді. Арыстан – жыртқыш. Қойда, киікте бұл қасиеттің болмауы олардың қадірін түсірмейді. Шайтан да бір сәтте әлемнің бір ұшынан екінші ұшына бара алады. Жындар түрлі кейіпке ене алады. Бұларды адаммен салыстыруға келмейді. Адамдар жындардан да үстемірек.

Балық су астында жүзгенімен, қошқар жүзе алмайды. Қошқар үшін жүзе алмау кемшілік болып саналмайды. Өйткені қошқардың теңіздің астында жұмысы жоқ. Бүркіт аспанға көтеріліп, биікте ұша алады. Аю, түлкі ұша алмайды. Қырықаяқ атты жәндіктің аяқтары көп болса, жыланның мүлдем аяқтары жоқ. Ара бал жасайды, жылан у шашады. Әр жануардың өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер олардың өздеріне лайықты. Керексіз емес. Дәл сол ерекшеліктердің басқа жануарларда да бар болуы керексіз болуы мүмкін.

Түйенің денесі адамнан үлкен, маймылдың есте сақтау қабілеті адамнан күштірек, иттің иіс сезуі, сұңқардың көруі, жарқанаттың сезгіштігі адамнан әлдеқайда күшті болса да, ешбірі адамның дәрежесіне көтеріле алмайды. Жануарлар – жануар, адам – ол адам.

Жануарларда зеректік пен түйсік (инстинкт) бар болса да, ақыл жоқ. Жануарларда және адамдарда жандылық беретін хайуани рух бар. Қалаулы әрекеттерді жасатқызатын – осы рух. Адамдарда одан бөлек, жануарларда болмайтын тағы бір рух бар, рух деген кезде осы рух аңғарылады. Ақылды қолдану, ойлану және күлу сияқты әрекеттерді жасататын, адамды үстем қылатын – осы рух. Осы тұрғыдан, қаншалықты үстемдік қасиет бар болса да, ешбір жануар адамнан үстем бола алмайды. Адам мен жануарлар арасындағы үлкен айырмашылық – адамның ақылы мен рухы. Адамның қадірі осылардан туындауда. Жануарлар адамдар сияқты сөйлесе де, ақыл мен рух болмағандықтан, адамдардан жоғары бола алмайды. Аллаһу та'ала адамды басқа махлұқтардан үстем қылып жаратқан.

 

Барлық нәрсе адам үшін жаратылған

Сұрақ: Алия Иззетбегович «Жануарлар адамдар үшін жаратылмаған» деген болса, жануарлардың жанашырысымақ болған кейбір атеисттер де, өздері ет жеп жүрген болса да, тек құрбан шалынуына қарсы болғандықтан «Құрбандық сою – жабайылық» дейді. Сонда атеисттер малды соймай жейді ме екен? Сондай-ақ, жануарларды да санағанда, барлық нәрсе адам үшін жаратылмады ма?

Жауап: Әлбетте, барлық нәрсе адам үшін жаратылған. Бір аяти кариманың мағынасы:

«Жерде болған барлық нәрсені сендер үшін жараттым.» (Бақара 29)

Бір хадис құдсиде де «Ей, Адам баласы, сені өзім үшін жараттым. Барлық нәрсені де сен үшін жараттым» делінеді. Алия Иззетбегович – М.Иқбал және Фазлуррахман сияқты Ислам дінін заманға сәйкестендіруге тырысқан модернизмді жақтаушы адасқан адам. Дінге қайшы сөздері өте көп. Заманауи дүмшелердің емес, шынайы Ислам ғалымдарының, яғни Әһли сүннет ғұламаларының кітаптарын оқу керек.

Атеисттердің ақылға тұра келмейтін ондай сандырақтары жауап беруге арзымайды.