19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Халал - Харам / Қоян етін жеуге болады ма?

Қоян етін жеуге болады ма?

Сұрақ: Пайғамбарымыз алейһиссалам шегірткені, зәр сүзу мүшесі болғандықтан бүйректерді, қанды болған көкбауыр мен бауырды жемегеніндей, қанды жануар болған қоянды да жемегені айтылуда. Бұларды харам болғандықтан жемеген бе?

Жауап: Жоқ, бүйрек, бауыр, көкбауыр харам емес, халал.

Шегіртке де халал. (Бұхари, Мүслим, Тирмизи, Әбу Дауд)

Басқа бір хадис шәрифте былай деген:

«Шегірткені жемеймін де, харам да қылмаймын.» (Ибн Мажа, Әбу Дауд)

Расулуллаһ алейһиссаламның жемеуі оны харам қылмайды. Пияз, сарымсақ та жемейтін еді. Жеуге рұқсат берген.

Қоян еті де халал. (Дүрәр, Мәжма-ул әнһур)

Абдуллаһ ибн Аббас хазреттері айтқан: «Расулуллаһпен отырған кезімде бір жергілікті адам қоян етінен жасалған кәуап алып келді. Бізге «Жеңдер» деді.» Мұхаммед бин Сафуан айтты: «Екі қоян ұстадым, сойдым. Расулуллаһтан сұрадым. Екеуін де жеуімді бұйырды.» (Бәдайи)

Хазреті Әнас айтып берген: «Аулап ұстаған қоянымызды Әбу Талхаға алып бардым. Ол қоянды өткір таспен кесті. «Мұны Расулуллаһқа алып бар» деді. Дереу алып бардым. Расулуллаһ оны жеді.» (Бұхари, Мүслим, Әбу Дауд, Тирмизи, Нәсаи)

Хазреті Жәбир айтып берген: «Қауымдасымның бірі таспен кескен қоянды Расулуллаһтан сұрағанға дейін ұстап тұрды. Пайғамбарымыз жеуін әмір етті.» (Тирмизи)

Халид ибн-ул Хувәйрис хазреттері айтып берген: «Бір адам аулаған қоянын алып барып Абдуллаһ ибн Омардан «Мұның етін жеуге болады ма?» деп сұрады. Ол «Бір қоян Расулуллаһқа апарылған кезде Ол өзі жеген жоқ, бірақ жеуге тыйым салған да жоқ» деді. (Әбу Дауд)

Бұл хадис шәрифтер де қоянның халал екенін білдіруде. Фиқһ кітаптарында былай делінген:

«Қоян еті халал.» (Мүлтәқа)

«Қоян етін жеу халал, өйткені қоян жыртқыш жануар емес.» (Дуррул мүнтәқа)

«Қоянның барлық түрінің етін жеу халал.» (Қудури)

«Қоян етін жеу халал. Қоян жыртқыш жануар емес және өлексе жемейді, киік сияқты.» (Жәуһара)

«Қоян етінің мубах екені сөз бірлігімен білдірілген, өйткені қоян жыртқыш жануар емес және өлексе жемейді. Киік сияқты. Шөп жейді. Фиқһ кітаптары қоянның халал екенін айқын жазуда. Осылайша харам деушілердің сөзін жоққа шығаруда.» (Дүрәр хашиясы)