10 - Шәууал, 1445 жыл.
     19 - Сәуір, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Қанағат ету

Қанағат ету

Сұрақ: Қанағат ету керек деп жатады. Қанағат деген не?

Жауап: Қанағат – жұмыс істемей, кездейсоқ алдынан шыққанды қолдану, басқа ештеңе іздемеу деген сөз емес. Қанағат еңбекпен, маңдай терімен тапқанына разы болу, өзгенің табысына сұқтанбау деген сөз. Біреудің көбірек табысқа қол жеткізгенін көргенде оны қызғанбау, ол сияқты көп еңбектену деген сөз.

Қанағат ету – қажетінен артық қалған табысын бір жерге жинамай, Ислам діні бұйырған қайырлы жерлерге беру, кедейлерге, жетімдерге, науқастарға, дінге қызмет етушілерге көмектесу деген сөз.

Қанағат – жақсы мінездің қайнары болуымен қатар, адамға тапшылық кезінде бақытты қамтамасыз ететін берік қорған сияқты.

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Қанағат етуші ең көп шүкір еткендерден саналады.» (Ибн Мажа)

«Қияметте "Шүкір етушілер келсін!" деген үндеу шығады. Олар бір байрақ астында жәннатқа кіреді. Олар тапшылық пен молшылықта, барлық жағдайда Аллаһу та'алаға шүкір етушілер.» (И.Ғазали)

 

Сұрақ: Кейбір адамдар Ислам дінін "бір нан, бір шапанмен қанағат етуден турады" деп айыптауда. Осылайша діннің еңбектенуге тосқауыл екенін айтуда. Дініміз еңбектенуді әмір етпейді ме?

Жауап: Иә, дін – тағдырға сену және қанағат ету деген сөз. Бірақ тағдыр дегеніміз жұмыс істемеу, көбірек сұрамау деген сөз емес. Тағдыр – адамдардың не істейтінін Аллаһу та'аланың әуелден білуі деген сөз. Аллаһу та'ала еңбектенуді әмір етеді. Құран кәрімде айтылған:

«Жиһад етушілер, жұмыс істеушілер, еңбектенушілер отырған жерінде ғибадат жасап, жиһад етпегендерден үстемірек, құндырақ.» (Ниса 95)

Хадис шәрифтерде былай делінеді:

«Жұмыс істеп табыс көргендерді Аллаһу та'ала жақсы көреді.» (Бәйһақи)

«Екі күн бір дәрежеде қалған, ілгерілемеген адам алданды.» (Бәйһақи)

«Істеріңді ертеңге қалдырмаңдар. Кейін жоқ болып кетесіңдер.» (И.Ғазали)

«Шетел тілін үйреніңдер. Дұшпанның зиянынан осылайша құтыласыңдар!» (Пайдалы мәліметтер кітабы)

Мұсылмандық жұмыс істеп, ақша табуды әмір етеді. Қанағат дегеніміз бір шапанға разы болып, жалқауланып отыру деген сөз емес. Мұсылмандар мүлдем ондай емес. Қанағат дегеніміз – өз табысына разы болып, өзгенің табысына сұқтанбау деген сөз.

Қанағат – жүйке жүйесі ауруларының алдын алатын, сыйыспаушылықты, дұшпандықты кетіретін, қоғамның реттілігін қамтамасыз ететін фактор. Қанағат Ислам дінінің әлемге таралуын, білім мен ғылым нышанын құрғызған. «Еңбектенген адам табысын алады» және «Әркім не істесе, соны көреді» мағынасындағы аяти карималар мен «Аллаһу та'ала жұмыс істеп, табыс көргендерді жақсы көреді» және Мүнауидегі «Аллаһу та'ала жұмыс істемейтін жастарды әлбетте жақсы көрмейді» сияқты түрлі хадис шәрифтер жұмыс істеп, дамуды әмір етуде ме, әлде жалқаулықты ма?

Мұсылмандар құрған Омайяд, Аббаси, Ғазнауи, Үнді Бабурилері және Әндулус, Османлы мәдениеттері еңбекқорлықты көрсетіп тұр ма, әлде жалқаулықты ма?

Бір кедейдің бір нан, бір шапан сөзі Құран кәрімнің және хадис шәрифтердің әмірлерін өзгерте алады ма?