19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Дәрет - Ғұсыл / Ғұсылдың парыздары

Ғұсылдың парыздары

Сұрақ: Төрт мазһаб бойынша ғұсылдың парыздары қандай?

Жауап:

Ханафиде:

1) Ауыздың ішін жуу,

2) Мұрынның ішін жуу,

3) Дененің барлық жерін жуу. (Кіндік ішін, мұрт, қас және сақалды, әрі астындағы теріні, бастағы шашты жуу парыз. Көздерді және бітелген сырға тесігін жуу қажет емес.)

 

Маликиде:

1) Ниет,

2) Дененің барлық жерін жуу,

3) Дәлк (жуылатын мүшелерді ысқылап жуу),

4) Мууалат (арасын үзбей, мүшелерді бірінен соң бірін жуу),

5) Шаштарды тарамдау.

 

Шафииде:

1) Ниет,

2) Дененің барлық жерін жуу. (Кейбір кітаптарда Шафииде ғұсылдың парыздарын үшеу деген. Денедегі нәжісті тазалауды да қосқан. Дене жуылғанда нәжіс те тазаланған болады, сондықтан ғұсылдың парызына екеу деп айтудың зияны жоқ.)

 

Ханбалиде: Ғұсылдың парызы біреу – бүкіл денені жуу. Бұл ғұсылдың рукны. Яғни ғұсылдың ішіндегі парыз. Ғұсылды бастағанда ниет ету және Бисмиллаһ айту да парыз. Ауыздың және мұрынның іші дененің сырты саналғандықтан, бұл жерлерді де жуу парыз. Осылардың бәрін қосқанда ғұсылдың парызы 5 болады:

1) Ниет ету,

2) Бисмиллаһ айту,

3) Дененің барлық жерін жуу,

4) Ауыздың ішін жуу,

5) Мұрынның ішін жуу.

 

Ғұсылда ғарғара жасау

Сұрақ: Ғұсылда ғарғара жасау (тамаққа су жіберіп шайқау) шарт па? Мұрынға қатты су тартып, ашығанын сезу керек пе?

Жауап: Жоқ, ондай шарт жоқ. Ғарғара жасау дәретте де, ғұсылда да парыз емес, сүннет. Ал ораза ұстаған адамға ғарғара жасау мәкрух. (С.Әбәдийа)