23 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Намаз / Бейнамаздың сауабы

Бейнамаздың сауабы

Сұрақ: «Намаз оқымайтын адамның ешбір жақсылығына сауап берілмейді және харам істеген адамның ғибадаттары қабыл болмайды» деп жатады. Аллаһ жақсылықтарымызды неліктен зая етеді?

Жауап: Аллаһу та'ала жақсылықтарды зая етпейді. Ешкімге әділетсіздік жасамайды. Мүлдем намаз оқымау – ең үлкен күнәлардың бірі екендігі 1400 жылдан бері келе жатқан ереже. Яғни дінімізде намаз оқымаудың үкімі - харам. «Харам істеген адамның ғибадаты қабыл болмайды» деген ереже де бар. Мұның мағынасы – сол ғибадатқа арналған үлкен сауаптарға қауыша алмайды, яғни сауаптарының бәрін сақтап қала алмайды, өйткені күнәлар бұл сауаптарды азайтады деген сөз. Әйтпесе, мүлдем сауап ала алмайды деген мағынада емес. Бейнамаздың ораза, садақа секілді басқа құлшылықтарына сол ғибадаттарға арналған сауаптар беріледі, бірақ істеген харамдары ол сауаптарды жойып отырады. Мәселен, ораза ұстаған адамға 70 бірлік сауап берілетін болса, ішкілік ішкенге 70 бірлік күнә жазылатын болса, оразасын ішкілікпен ашқан адам 70 күнә алып, сауабы мен күнәсы бір-бірін жойып, сауапсыз қалады. Егер ораза ұстамасақ, мойынымызда тек ішкілік күнәсі қалатын еді. Оразаның маскүнемдік күнәсінің кешірілуіне себеп болуының өзі жетпейді ме?

Бұдан алатын сабағымыз: күнә істеушілер де ғибадаттарын қалдырмай орындауы керек! Егер кісі бейнамаздықтан бөлек басқа күнәлар да істеген болса, сауаптары одан да азайып кетеді. Мысалы, намаз оқымау мың бірлік күнә болса, қаншалықты көп жақсылық пен ғибадат жасасақ та, мың бірліктің орнын толтыра алмаймыз. Нәпіл ғибадаттар парыздардың жанында теңіздің қасындағы тамшы су да бола алмағандықтан, орындалмаған парыздардың күнәлары осы жақсылықтарды жойып жібереді, адам мүлдем жақсылық жасамағандай жағдайға түседі. Міне «Жақсылықтарына сауап берілмейді немесе харам істеген адамның ғибадаттары қабыл болмайды» дегеніміз осы. «Қаза намазы бар болған адамның нәпіл намаздары қабыл болмайды» дегеніміз де осындай. Парызды кейінге қалдырып, нәпілмен әуре болған кезде парызды кейінге қалдыру күнәсі нәпіл намаздың сауабынан көп болғандықтан, нәпіл намаздар босқа кеткен болады. Әйтпесе, нәпіл намаз оқығаны үшін әрине сауап алады, бірақ зияны пайдасынан көбірек болады. Өйткені парыздың жанында нәпілдер теңіздің қасында тамшыдай да бола алмайды.

Жоғарыдағы мәліметтер ақидасы (сенімі) дұрыс болған, яғни Әһли сүннет сеніміндегі мұсылмандарға қатысты. Әһли сүннет сенімінде болмаған адамға бидғатшы делінеді. «Бидғатшының ғибадаттары сахих болса да, өмірде жасаған жақсылықтарының, қайырымдылықтарының сауабына қауыша алмайды.» (Жәннат жолы илмихалы)

«Кәпірлердің және бидғатшылардың жақсы амалдары қабыл алынбай кері қайтарылады; жаман амалдары үшін жазаланады.» (Зия-ул-қулуб)