17 - Шәууал, 1445 жыл.
     26 - Сәуір, 2024 жыл.   


Яқуб Чәрхи

Яқуб Чәрхи хазреттері әулиелердің ұлыларынан. Адамдардың иман, ғибадат және әдеп тұрғысынан дұрысты үйреніп, орындауын қамтамасыз еткен және Аллаһу та'аланың разылығына қауыштыруға жол сілтеген, Силсилә-и алийа деп аталатын Ислам ғалымдарының он жетіншісі. Үлкен ғалым және кәміл әулие еді.

Өзі айтып берген:

«Бұхараның ғалымдарынан білім үйреніп, ижазат (диплом) алғаннан кейін өз үйіме қайтпақшы едім. Ішімде Бахауддин Бұхари хазреттерінің қасына бару қалауы пайда болды. Алдына барып «Мені есіңізден шығармаңыз» деп жалбарындым. «Дәл кететін уақытыңда маған келіп тұрсың ба?» деді. «Көңілім сізге деген сағынышқа толы» дедім. «Бұл қалау қай себеппен келуде?» деп сұрады. «Сіз ұлы тұлғасыз, халықтың сүйіктісісіз» дедім. Сонда ол: «Бұл себеп жеткіліксіз, үстемірек нәрсе табуың керек.

Халықтың мені жақсы көруі шайтани болуы мүмкін» деді. Бұған жауап ретінде: «Сахих хадис шәрифте "Аллаһу та'ала бір құлын жақсы көрсе, оған деген сүйіспеншілікті құлдарының жүректеріне түсіреді. Адамдар оны жақсы көреді" делінген» дегенімде күлімдеп: «Біз азизанбыз» деді. Бұл сөзді естігенде есімді жоғалтатындай болдым. Өйткені осы кездесуден бір ай бұрын түс көрген едім. Түсімде маған «Азизанның шәкірті бол!» делінген еді. Бахауддин Бұхари хазреттері «Біз азизанбыз» деген кезінде түсім есіме түсті. Қайтадан «Маған назар салып тұрыңыз, есіңізден шығармаңыз» деп жалбарындым. «Бір күні Азизаннан (Әли Рамитаниден) осылай сұраған екен. Ол бір нәрсенің есте қалуы үшін бір себеп қажет екенін айтқан және еске түсіруге себеп болатын бір нәрсе сұраған» деді. Осыны айтқаннан кейін маған мүбәрәк тақиясын сыйлап, «Мына тақияны ал, мұны әр көргеніңде бізді есіңе ал және қасыңда көр» деді.

Тағы өзі айтып берген:

«Аллаһу та'аланың көмегімен бұл пақырда әулиелер жолына кіру қалауы пайда болғанда Бахауддин Бұхари хазреттеріне қауышу нәсіп болды. Оның жомарттығы мен ілтипаттары мені бақытқа бөледі. Мүршидімнің кәміл екенін көрдім. Түрлі оқиғалар мен ғайып ишараттардан кейін Құран кәрімді ашып бір аятты белгі ретінде тұтқым келді, «Ол пайғамбарлар Аллаһтың хидаятына жетелеген адамдар, сен де олар жүрген жолмен жүр...» мағынасындағы аяти карима шықты, байланысым қаншама есе артты.

Күмән мен жүрген күндерімнің бірі еді. Ішімде сондай боран басталды, дереу Бахауддин Бұхари хазреттерінің алдына бару үшін Қаср-и Арифанға бардым. Бахауддин Бұхари хазреттерінің үйіне жақындаған кезімде жолға шығып, мені күтіп тұрғанын көрдім. Мені қасына отырғызды. Намаз оқығаннан кейін сұхбатты бастады.

Ол айтты:

«Ілім екі бөлімнен тұрады. Бірі, жүрек ілімі, бұл ілім – ең пайдалы ілім. Бұл ілімді нәбилер мен расулдар үйретеді. Екіншісі, тіл ілімі. Бұл ілім де Аллаһу та'аланың адамзатқа берген құжаты. Батын ілімінен саған үлес түсетініне үміт етемін.»

«Әулиелермен отырған кездеріңде мұқият болыңдар. Өйткені олар жүректерге кіріп, ынталарыңа қарайды. Біз өз шешімімізбен ешкімді қабылдамаймыз. Біз қызметшіміз. Бүгін түнде қандай белгі келетінін көрейік. Егер сені қабыл етсе, біз де қабылдаймыз.»

Өмірімде сол түндей қиын және ауыр түн өткізбедім. Бақыт есігінің бет алдымда жабылуынан қорқтым. Таң намазын ұстазыммен бірге оқыдым. Намаздан кейін «Саған сүйінші болсын, қабылдау белгісі келді. Біз адамдарды аз қабылдаймыз. Қабылдаған кезімізде де кеш қабыл етеміз. Келушілердің қалай келгені және уақытының келгені мәлім болсын деп осылай істейміз» деді. Халифасы Алауддин Аттармен сұхбаттасуымызды бұйырды. Мен оның қасына кеттім және ол қайтыс болғанға дейін сұхбаттарына қатнадым. Оның халифасы ретінде адамдарға дұрыс жолды көрсеттім.»