30 Наурыз 2017   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / ҚАСИЕТТІ КІТАПТАҒЫ (Тәурат пен Інжілдердегі) КЕЙБІР ҚАТЕЛЕР (6)

ҚАСИЕТТІ КІТАПТАҒЫ (Тәурат пен Інжілдердегі) КЕЙБІР ҚАТЕЛЕР (6)

Бұл мысалдар осылай жалғасып кете береді. Жоғарыда да айтқанымыздай, олардың бәрін жазып көрсетуге бұл кітаптың көлемі жетпейді. Алғы сөзде таныстырылған, мұсылман болған бұрынғы дінбасы Турмеда, яғни Абдуллаһ Тержуман Інжілдердің әрқайсысының өз аяттары арасындағы қайшылықтарына бірнеше мысал келтіреді:

Матфей Інжілінің 3-бабының 4-аятында: «Яхияның тағамы [тамағы] шегіртке мен жабайы бал болатын» делінген.

Ал 11-бабының 18-аятында: «Яхия жемейтін де, ішпейтін де еді» делінген.

Бұрынғы дінбасы тағы бір мәселеге сілтеп тұр:

Матфей Інжілінің 27-бабының 50-53-аяттарында: «Иса рухын тапсырды. Міне, сол кезде ғибадатхананың пердесі жоғарыдан төменге дейін [жыртылды] екіге бөлінді. Жер сілкініп, таулар жарылды. Қабірлер ашылып, ұйқыдағы түрлі қасиетті адамдардың денелері орындарынан тұрды. Олар қабірлерінен шығып, Иса тұрғаннан кейін қасиетті қалаға кірді және көптеген адамдарға көрінді» делінген. Мұсылман болған бұл дінбасы Анселмо Турмеда айтады: «Осы оқыған қайғылы суреттемеңіз толығымен көне бір кітаптан алынған. Бұл суреттеме Титус Құдысты қиратқан кезде бір яһуди тарихшысы тарапынан жазылған. Бұл сөздерді енді Матфейден көріп тұрмыз. Мұның мағынасы, қандайда бір адам бұл сөздерді Матфей Інжіліне кейіннен қосқан.» Бұл сөз жоғарыдағы «Матфей Інжілі шынайы Матфей жазған Інжіл емес» деген сөздің дұрыс екендігін тағы да дәлелдеуде және бұларды енгізген адам Матфей Інжілін жазған жұмбақ адамды еске түсіруде.

Бір тарихи қате туралы тағы айтайық:

Тәкуиннің 16-бабының 15-аятында: «Және Ибраһимнің (алейһиссалам) өз күңі Хажерден туылған бір ұлы болды. Ибраһим оның атын Исмаил деп қойды» делінген. Ал Тәкуиннің 22-бабының 2-аятында: «Аллаһ Ибраһимге айтты: Енді жалғыз сүйікті балаң Исхақты алып, Мория аймағына бар!» делінген. Яғни, Ибраһим алейһиссаламның тағы Исмаил деген басқа бір баласы бар екендігі ұмытылған.

Оқырмандарды жалықтыра бастаған бұл қателерді қоя тұрып, енді қазіргі христиандар мен яһудилер сенетін «Қасиетті кітапты», яғни Тәурат пен Інжілдерді құрайтын кітаптардың қайдан келгенін қарастырайық:

«Қасиетті кітаптың» алғашқы кітаптары Тәкуин, Хуруж, Левиліклер, Сандар және Тасния. Бұл бес кітап «Тәурат» деп аталады. Мұса алейһиссаламға түсірілген Тәуратты осы кітаптардан құралған деп санайды.

Ишаяға не айтылғанын жоғарыда айттық. Риуаят бойынша басқа адам тарапынан жазылған.

Хакимдер кітабы Исмаил тарапынан жазылған деуге болады.

Рут (Раут): Кім жазғаны белгісіз.

Бірінші Самуэль: Кім жазғаны белгісіз.

Екінші Самуэль: Кім жазғаны белгісіз.

Бірінші Мәліктер: Кім жазғаны белгісіз.

Екінші Мәліктер: Кім жазғаны белгісіз.

Бірінші Тарихтар: Иса алейһиссаламнан 350 жыл бұрын өмір сүрген ибрани дінбасы АЗРА тарапынан жазылған болуы мүмкін.

Екінші тарихтaр: Бұл да Азра тарапынан жазылған деуге болады. Азраның Узейр екені «Мүнжид»-те жазылған. Бірақ, бұл кітаптарды жазған адам Узейр алейһиссалам емес. Азра деген бір яһуди.

Азра: Азраның жеке өзі жазған кітабы.

Эстер: Кім жазғаны белгісіз.

Әййуб:  Кім жазғаны белгісіз.

Мезамир: Забурдың сүрелері деген сөз. Дауд алейһиссаламға тән сүрелер екендігі айтылса да, ішінде Бәни Корах, Асаф, Хеман және Сүлейман алейһиссаламның мезмурлары да бар.

Юнус: Кім тарапынан жазылғаны белгісіз.

Хабакук: Кім екендігін, қайда екендігін, шежіресін, не істегенін ешкім білмейтін бір тұлға жазған кітап.

Міне, Қасиетті кітаптың «Ахди Атиқ – Ескі өсиет» кітаптарының не екені туралы мәлімет.

«Ахди Жәдид – Жаңа өсиет» бөліміне келетін болсақ, бұл туралы және мұны жазғандар мен ішіндегі айырмашылықтар туралы жоғарыда мәлімет берілгендіктен, оларды қайталау қажетсіз деп санадық.

Қасиетті кітаптың ішінде тағы көптеген мағынасыз сөздер бар. Мысалы, Аллаһу та’аланың топанға аяушылық білдіруі, Яқуб алейһиссаламның түсінде Аллаһпен күресіп, оны жеңуі, Лұт алейһиссаламның өз қыздарымен зина жасауы дегендей. Бұлардың қаншалықты жаман нәрселер екендігі христиандар тарапынан да мойынданғандықтан, бұл тақырыптарды біртіндеп Қасиетті кітаптан шығара бастады.