23 Сәуір 2017   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / ҚАСИЕТТІ КІТАПТАҒЫ (Тәурат пен Інжілдердегі) КЕЙБІР ҚАТЕЛЕР (7)

ҚАСИЕТТІ КІТАПТАҒЫ (Тәурат пен Інжілдердегі) КЕЙБІР ҚАТЕЛЕР (7)

Енді қазіргі Қасиетті кітаптың түсіндіру тәсілі мен адамдарға не үйреткісі келетінін қарастырайық:

Тәкуиннен бір үзінді алайық. Бұл кітап алғашқы адамдар, алғашқы пайғамбарлар, Адам, Нұх, Ибраһим (алейһимуссалауату уәттаслимат) сияқты ұлы нәбилер туралы айтады. Сонымен қатар, Ибрани әулетінің қалай құрылғанын түсіндіреді. Яһудилердің ата-тегі болған Яхуда (Иуда) туралы айтатын 38-баптың басында: «Яхуда бауырларының қасына түсті және Абдуллаһ бір адамның қасына түсті. Сол жерде кенандық бір кісінің қызын көрді. Ол кісінің есімі Шу болатын. Қызды ұстап, бірге болды. Қыз жүкті болып, бір ұл тапты» делінген.

Енді өтініш, ынсаппен мына сұрақтарға жауап беріп көріңіз: Дін кітабы нені үйретеді? Дін кітабы адамдарға жасауы және жасамауы тиіс болған нәрселерді үйретеді. Оларға дүние мен ахирет туралы түсінік береді. Оларды жаман істері үшін айыптайды, жақсы істері үшін мадақтайды. Аллаһу та’аланың алдындағы міндеттерін, бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасау керектігін үйретеді. Дүниеде бейбітшілік пен саламаттықта өмір сүру үшін не істеу керектігін көрсетеді. Қысқасы, дін кітабы – ӘДЕП-АХЛАҚ КІТАБЫ деген сөз.

Жоғарыда оқыған үзінділеріңізде және жалғасында бұл қасиеттердің қайбірі бар? Бұл –  арсыздықты ашық түсіндіретін хикая. Бұл үзінді қазіргі таңда әлемнің барлық жерінде порнография (ұятсыздық) түріне кіріп, жариялануына тыйым салынуда. Христиандар мен яһудилердің қасиетті деп санайтын кітаптарында осыған ұқсайтын тағы көптеген әдепке жат тақырыптар кездеседі. Ескі өсиеттің Тәкуин кітабының 19-бабының 30-аятында және кейінгі аяттарында Лұт алейһиссаламның екі өз қызы әкелеріне ішкілік ішкізіп, мас қылғаннан кейін онымен жыныстық қатынасқа түсіп, ұл тапқандары туралы жазылған. Дауд алейһиссаламның, қолбасшысы Урияның әйелі Батшебаны жуынып жатқан кездегі жалаңаш тәнін көріп, өзін ұстай алмай онымен жыныстық қатынас жасағаны және күйеуінен ажырату үшін бейшара күйеуін соғыстың ең қауіпті жеріне, қайтып оралмайтындай етіп жібергендігі Ескі өсиеттің Екінші Самуэль бөлімінің 11-бабында жазылған. Қазірде Еуропаның көптеген мұражайларында Дауд алейһиссаламның жалаңаш Батшебаға қарап тұрғанын немесе Урияны өлімге жіберіп жатқанын бейнелейтін суреттер кездеседі. Еуропа тілдерінде «Урия хаты» деген ұғым «Өлімге кесілу» немесе «Жаман хабар» деген мағынаны білдіреді және еуропалықтар мұны және осыған ұқсас ұятсыз хикаяларды өздері қасиетті деп санаған кітаптарынан үйренуде. Бұл хикаяны оқығандар не үйренеді? Бауырының әйелімен зина жасауға мәжбүр етілген еркектер, келінін жүкті қылған қайынаталар, өз қызымен зина жасаған әкелер, қарамағындағылардың әйелдерін арандатқан және оларды өлімге жолдаған адамдар.

Бұларды көрген, естіген адам ақылын жоғалтады. Кейбір христиандардың өздері бұл қисынсыз хикаяларға сенбейді және жоққа шығарады. «Plain Truth» журналының 1977 жылы шыққан бір санында былай жазылған: «Балаларға Қасиетті кітапты оқытқан кезде абай болыңыздар! Өйткені, Қасиетті кітаптың ішінде әдепке қайшы ұятсыз хикаялар бар. Оларды оқыған балаларда отбасы мүшелері арасындағы қарым-қатынас жайлы өте бұрыс пікірлер қалыптасуы мүмкін. Әсіресе, Ескі өсиет бөліміндегі ұятсыз қатынастар туралы аяттарды Қасиетті кітаптан алып тастап, содан кейін ғана тазаланған Қасиетті кітапты балаларға беру керек.» Журнал тағы мынадай ақыл қосқан: «Қасиетті кітап міндетті түрде қайта зерттеуден өтуі керек. Өйткені, мына қалпымен ар-намысты болуды уағыздау былай тұрсын, қайта жастарды ұятсыздыққа шақыруда.»

Атақты әдебиетші Бернард Шоу бұдан да асып: «Әлемдегі ең қауіпті кітап – Тәурат пен Інжіл! Оны бір жерге жақсылап құлыптап тығып қойып, ешқашан шығармау керек» деген.

Док. Стродж Қасиетті кітап туралы жазған кітабында др. Паркерге қарата былай дейді: «Адам Қасиетті кітапты оқыған кезде бір-біріне қайшы келетін сөздерді оқып, шатасады. Қасиетті кітапта көптеген ғажайып есімдер бар. Әсіресе Тәкуин бөлімінде тек шежірелер назарға алынған. Кім кімнен туылды, қалай туылды? Тек осылар туралы айтылады. Бұлардың маған не керегі бар? Бұлардың ғибадатқа және Аллаһу та’аланы жақсы көруге не қатысы бар? Қалай жақсы адам болуға болады? Қиямет күні деген не? Кімге, қалай есеп береміз? Дұрыс адам болу үшін не істеу керек? Бұлар туралы өте аз жазылған. Сонымен қатар, көптеген аңыздар кездеседі. Күндіз жайлы айтылмай тұрып, түнге өтіп кетеді.»