8 - Рабиул-ахир, 1440 жыл.
     15 - Желтоқсан, 2018 жыл.   


  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Соңғы дем қорқынышы

Соңғы дем қорқынышы

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Ештеңе мәңгі емес. Бәрі бір күні бітеді. Бұл дүние қонақ үйі сияқты. Қонақ үйіне жатып, ол жерден кететін кезде ешкім ол жақтағы заттарды, мысалы төсек орынды өзімен алып кете алмайды. Алып кетуге тырысса да, оған ешкім рұқсат бермейді. Адам өлетін кезде де ешбір мүлкін қабірге алып кете алмайды. Сондықтан да ғалымдар «Адам өлерде өзінің ешкім емес екенін түсінеді» деген. Яғни дүниелік несі бар болса да, қатты ауру кезінде ол ештеңені ойлай алмайды.

Бұл сондай көпір, сондай емтихан, ешкім бұдан сенімді бола алмайды. Әулиелеріміздің ең қатты қорққаны осы соңғы сәт. Мысалы үлкен ғалым болған Ахмед ибн Ханбал хазреттері жан тапсыратын сәтінде бірден бар күшімен үш рет «Болмайды, болмайды, болмайды» деп айқайлап, қайтадан төсекке құлайды. Баласы қасына жақындап «Әке, не болып қалды? Бұл айқайларыңыздың себебі не?» деп сұрағанында: «Малғұн шайтан "Мұсылмандықты таста, христиан бол, жәннатқа кіресің" деді. Мен болмайды деп айқайладым. Малғұн шайтан жоғалып кетті» деді де, калима-и шаһадат айтып, қайтыс болды.

Амр бин Ас хазреттері Асхаби кирамның ұлыларынан және төрт кемеңгердің бірі еді. Қайтыс боларында еңіреп жылады. Баласы «Әкешім, өлімнен қорқып жатырсыз ба?» деп сұрады. «Жоқ, мен басқа бір себеппен жылап отырмын. Басында Расулуллаһқа дұшпан едім, егер сол кезде өлсем, мәңгі тозақтық болар едім. Мұсылман болдым, жанымды оған пида етуге дайын болдым. Ол тірі кезінде өлсем, еш уайымым болмас еді. Одан кейінгі жағдайымды білмегенім үшін жылап жатырмын» деді. Кейін калима-и шаһадат айтып қайтыс болды.

 

Қайда тоқтайтыны белгісіз

Жүнәйд Бағдади хазреттері де өліміне жақын қалғанда жылай бастайды. Шәкірттері неліктен жылап жатқанын сұрағанда: «Соңымнан қорқып жатырмын. Адамның амалы жіңішке бір жіпке асылғандай. Әрдайым әрі-бері шайқалып тұрады. Амалым жоқ демеймін, бірақ берік емес, қайда тоқтайтыны белгісіз. Аллаһ сақтасын, сол жақта тоқтаса, менің жағдайым не болмақ? Соны ойлап жылап жатырмын» дейді. Соңында калима-и шаһадат айтып қайтыс болады. Әрбір мүмин де осы ғалымдар сияқты соңғы демінен қорқып, Аллаһтың мейірімінен де үмітін үзбеуі керек...