18 Қараша 2017   



Малдың зекеті

Сұрақ: Саимә мал дегеніміз ұрғашы мал ма? Еркек малдың да зекеті беріледі ме?

Жауап: Саимә – жылдың жартысынан көбін қырда, жайылымда ақысыз жайылып жүрген еті немесе сүті үшін асыралатын еркек немесе ұрғашы малдар. Тек жүні үшін, жүк тасу үшін немесе міну үшін асыралса, онда саимә категориясына кірмейді, зекеті берілмейді.

 

Саимә малдар

Сұрақ: Үйде, үйдің бақшасында жайылатын малдардың зекетін беру керек пе?

Жауап: Жылдың жартысынан көбін ақысыз жайылымда жайылатын малдар көбейту үшін, сүті үшін асыралса, бұлар саимә мал деп аталады. Саима мал саны нисапқа толса, зекеті беріледі. Жүн үшін, жүк тасу үшін, міну үшін асыралса, саимә болмайды және зекеті берілмейді. (Мәукуфат)

Демек, ақысыз жайылымда жайылмай, үйде азықтанатын болса, көбейту немесе еті мен сүті үшін асыралса, зекеті берілмейді. Шаруашылықта пайдалану, жүк тасу, міну үшін асыралатын малдың зекеті болмайды.

 

Сиырдың зекеті

Сұрақ: Сиырдың зекеті қалай беріледі, қанша сиырға қанша беру керек?

Жауап: 30-дан аз сиыры бар адам бұлардың зекетін бермейді. 30 сиырға бір жасынан асқан еркек немесе ұрғашы бір бұзау беріледі. 39-ға дейін осылай береді. 40-тан 59-ға дейін сиыры бар адам екі жасқа толған еркек немесе ұрғашы бір тана береді. 60-тан 69-ға дейінгі сиырларға екі бұзау беріледі. 70 сиырға бір тана мен бір бұзау беріледі. 70-тен кейін әр 10 сиырға осылай есептеледі. Әр 30 сиырға бір бұзау, әр 40 сиырға бір тана артады. 80 болғанда екі танаға артады. Буйволдың зекеті де сиырдағыдай. (С.Әбәдийа)

 

Түйе зекеті

Сұрақ: Түйелердің зекеті ұрғашы түйемен беріледі ме?

Жауап: Бес түйесі бар болған адам бір қой береді. 24-ке дейін қой береді. 25-тен 35-ке дейінгі түйелерге екі жасқа толған бір ұрғашы бота беріледі. 36-дан 45-ке дейін үш жасына толған ұрғашы бота беріледі. 46-дан 60-қа дейін жүк көтере алатын төрт жасқа толған ұрғашы түйе беріледі. Бұдан көп болғандарына да белгілі санда ұрғашы түйе беріледі. (С.Әбәдийа)

 

Қой мен ешкі зекеті

Сұрақ: Қойдың және ешкінің зекетін қанша беру керек?

Жауап: Қойдың нисабы 40. 40-тан аз қойы бар адам бұлардың зекетін бермейді. 40-тан 120-ға дейін қойлары бар адам тек бір қой береді. 121-ден 200-ге дейінгі қойларға екі қой береді. 201-ден 400-ге дейін үш қой беріледі. 400 қойға төрт қой, кейін әр 100 қойға бір қой арта береді.

Қой, ешкі, еркек, ұрғашы зекеттері осындай. Бір жасқа толмаған қозылардың зекеті берілмейді, бірақ қойы да бар болса, онда қозылары есепке алынады. Түйе мен сиыр төлі де осындай. Қозы ешқашан зекет ретінде берілмейді. (С.Әбәдийа)

 

Ат пен есек зекеті

Сұрақ: Аттың және есектің зекеті қалай беріледі?

Жауап: Еркек және ұрғашы жылқылар бірге жайылымда көбейту үшін асыралса, зекетін беру керек. Міну және жүк тасу үшін асыралса, зекеті берілмейді. Тек еркек жылқының (айғырдың) зекеті болмайды, өйткені олар көбеймейді. Сауда ниетімен асыралса, сауда затының зекеті беріледі. Сауда үшін болмаған есектер, көп болса да, зекеті берілмейді. (С.Әбәдийа)

Аттың нисабы жоқ. Әр атқа бір мисқал (4,80 грамм) алтын беріледі. Қаласа, аттың құнын есептейді. Құны алтын нисабына толып тұрса, қырықтан бірін алтынмен береді.

 

Тана мен қозы зекеті

Сұрақ: Бір адамның 50 қозысы немесе 40 бұзауы бар болса, бұлардың зекеті беріледі ме?

Жауап: Бір жасқа толмаған қозылардың және екі жасқа толмаған таналардың зекеті берілмейді, бірақ қойлар және сиырлар да бар болса, төлдері есепке қосылады. Мысалы 30 қойы және 10 қозысы бар болған адам зекет береді. Зекет қозымен берілмейді. Қоймен беру керек. 20 сиыр мен 5 бұзауы және 5 танасы бар адам зекет береді. 30 сиырға бір жастан асқан еркек немесе ұрғашы бір бұзау беріледі. 39-ға дейін осылай. 40-тан 59-ға дейін сиыры бар адам екі жасқа толған еркек немесе ұрғашы бір тана береді.

 

Терісі үшін асыралатын малдың зекеті

Сұрақ: Терісі үшін асыралатын малдың зекеті қалай беріледі?

Жауап: Малдардың құны нисапқа толатындай көп болса, құнынан есептеліп беріледі.

 

Сұрақ: Мал зекеті берілгенде қарыздар алынады ма?

Жауап: Иә.