18 Тамыз 2017   


  Негізгі бөлім / Құрбандық / Құрбандық шалуға кедергі болмайтын кемшіліктер

Құрбандық шалуға кедергі болмайтын кемшіліктер

Сұрақ: Малдағы қандай кемшіліктер құрбандыққа кедергі болмайды?

Жауап: Бұл кемшіліктердің бірнешеуі мыналар:

1) Мүйізі сынық немес мүйізі жоқ малмен құрбандық шалуға болады.

 

2) Құлағының басым бөлігі кесіліп салбырап тұрса мәкрух болумен қатар жаиз болады. Жартысынан аз бөлігі кесілген болса, құрбандық шалуға болады. Құлағы енінен немесе бойынан жырық болса, құрбандыққа болады. Құлақтың жыртық болуы тәнзиһан мәкрух болады. Мұрынның үкімі де құлақ секілді. Қотыры бар, піштірілген малды да құрбандық шалу жаиз болады. Піштірілген мал, піштірілмеген малдан да жақсы, өйткені мұндай қошқарлар семіз және еттері де дәмді болады. Пайғамбарымыз піштірілген қошқарды құрбандыққа шалған.

 

3) Құлағы, құйрығы кішкентай болып туған мал құрбандыққа болады. Құйрығы кесілмеген болса меринос қойдан да құрбандық болады.

 

4) Ұрғашы малмен шағылыса алмайтын, жыныстық мүшесі кесілген малмен құрбандық болады. Гермафродит (екі жынысты) малмен құрбандық шалмау керек.

 

5) Жынды болған, бірақ өзі шөп жей алатын және отардан бөлінбейтін малды құрбандыққа шалуға болады. Отардан бөлініп, өзі шөп жей алмайтындай дәрежеде жынды болған малдан құрбандық шалуға болмайды.

 

6) Бір көзінде көруіне кедергі болмайтын пердесі бар малды құрбандыққа шалу жаиз болады.

 

7) Құрбандық малды соятын жерге алып келе жатқанда тебініп, жұлқынып, бір аяғы сынып кейін сойылса жаиз болады.

 

8) Тістерінің басым бөлігі бар болса мәкрух болумен қатар жаиз болады.

 

9) Қотыры бар малды құрбандық шалу жаиз.

 

10) Меринос қойлардың кішкентайында құйрықтарын кесіп тастайды. Кесілмесе мериносты да құрбандық шалуға болады.

 

Сұрақ: Буаз немесе буаз емес екені белгісіз болған малды құрбандық шалу жаиз ба?

Жауап: Иә жаиз. Егер туатын уақыты жақын болса “Мұндай малды құрбандыққа шалу мәкрух болады” деген ғалымдар да бар.