18 Қаңтар 2017   


  Негізгі бөлім / Құрбандық / Мал сойғанда мәкрух болатын нәрселер

Мал сойғанда мәкрух болатын нәрселер

1- Құрбандық малды соятын жерге сүйретіп апару, себепсіз жәбірлеу.

 

2- Пышақты малды жатқызғаннан кейін қайрау және біреуін екіншісінің көз алдында сою мәкрух болады.

 

3- Денесі суи бастамай тұрып, яғни тыпыршуы тоқтамай тұрып басын кесіп алу мәкрух болады.

 

4- Мал толығымен өліп тыпыршуы тоқтамай тұрып жұлынын кесіп басын алып тастау және терісін сыпыра бастау мәкрух болады.

 

5- Қамыс, тас секілді өткір заттармен сою, өтпес пышақпен союға тырысу мәкрух болады.

 

6- Туатын кезі жақын қалған малды сою мәкрух болады.

 

7- Ұрланған, тартып алынған пышақпен сою мәкрух болады.