18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Қажетті дұғалар / Қай дұғалар қай кезде қанша реттен

Қай дұғалар қай кезде қанша реттен

Сұрақ: Қай дұғаларды қай кезде қанша реттен оқылатынын бөлімдермен жазып берсеңіз, нақты соларды ретімен оқимын.

Жауап: Үйден шығарда «Бисмиллаһи, тәуәккәлту аләллаһ, лә хаула уәлә қууата илла биллаһ» дегеннен кейін Аят-әл күрси оқы! Үйіңе кірерде Аят-әл күрси және Ихлас сүресін оқы және үйдегілерге сәлем бер! Күнде таң және ақшам намаздарын оқып, дұға еткеннен кейін мыналарды оқы:

1) Хашр сүресінің соңғы бөлігін.

2) 7 рет «Аллаһумма әжирни минәннар».

3) 7 рет «Хасбияллаһу лә илаһа илла һу алейһи тәуәккәлту уә һу-уә Раббул аршил азыйм».

4) 10 рет «Лә илаһа иллаллаһу уахдәһу лә шәрика ләһ ләһул мүлку уә ләһул хамду йухий уә йумит уә һу-уә алә күлли шәй-ин қадир».

5) 11 рет Ихлас сүресі.

6) 1 рет Фәлақ және Нас сүрелері.

7) 67 рет Истиғфар (үшеуін сәлем бергеннен соң оқыған едің. Бәрі 70 болады.) Ең соңында «Субхана раббика...» аятын оқы. 5, 6, 7 бөлімдерді әр намаздан кейін оқу өте құнды.

8) 100 рет «Субханаллаһи уә бихамдиһи».

9) 25 рет «Әстағфируллаһәл азыйм әлләзи лә илаһа илла һууәррахмануррахим әл-хайй-ул-қаййумулләзи лә йәмуту уә әтубу иләйһ Раббиғфир ли».

10) 1 рет «Аллаһу мә әсбаха би мин нимәтин әу би әхадин мин халқикә, фә минкә уахдәкә лә шәрика ләкә, фә ләкәл хамду уә ләкәшшүкүр». (Кешке «Әсбаха» орнына «Әмса» деп оқылады.)

 

Күннің бос уақытында күнде төмендегілерді оқы:

11) 3 рет Бисмиллаһ айтып «Бисмиллаһилләзи лә йәдурру мәасмиһи шәйун фил арди уәлә фиссәма уә һууәссәмиул алим».

12) Таңертең-кешке «Аллаһумма инни әузу бикә мин ән үшрика бикә шәй-ән уә әнә аләму уә әстағфирука лимә лә аләму иннәкә әнта алламул ғуйуб».

13) 25 рет «Аллаһумма бәрик ли фил мәут уә фи мә бадәл мәут».

14) 25 рет «Аллаһуммағфирли уә ли уәлидәййа уә ли устазийа уә лил мүминина уәл мүминәт уәл мүслимина уәл мүслимат әл ахйа-и минһум уәл әмуат бирахматика йа архамаррахимин».

15) Әуелі 100 рет «Салауат», кейін 500 рет «Лә хаула уәлә қууата илла биллаһ» және тағы жүз рет «Салауат».

16) Ең аз дегенде 100 реттен «Лә илаһа иллаллаһ» және «Әстағфируллаһ».

17) 40 рет «Лә илаһа илла әнта субханакә инни кунту минәззалимин».

18) Әр күні түнде «Әмәнаррасулу», «Ясин» және «Тәбәрака» сүрелері.