9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Оразаның өте көп пайдалары бар

Оразаның өте көп пайдалары бар

Біздерді жаратқан және өмір сүргізіп жатқан, бізге тіпті өз анамыздан да қамқор болған Раббымызды тыңдасақ, әмірлерін орындап, тыйымдарынан сақтансақ, дүниеде де, қабірде де, ахиретте де бақыт пен шаттықта боламыз. Оразаның санауға келмейтіндей көп пайдалары бар. Бірақ біз оразаны сол пайдалары үшін емес, дініміздің әмірі болғаны үшін ұстаймыз. Бәрінен бұрын денсаулығымыз үшін ораза ұстауымыз керек.

«Ораза ұстаңдар, денсаулыққа қауышыңдар» – бұл хадис шәриф. Ораза ұстаған адам денсаулыққа қауышады.  Күні бойы жұмыс істеген және шаршаған мүшелерімізді біз түнде ұйықтап жатқанда тынықтырамыз. Тынықпайтын, демалмайтын кейбір мүшелер бар: асқазанымыз, ішектеріміз және асқорыту жүйеміз. Бұлар үздіксіз жұмыс істейді, демалудың не екенін білмейді. Қарнымызды қатты тойдырып жатсақ та, оянғанымызда қарнымыздың ашқанын байқаймыз. Біз ұйықтап жатамыз, есімізді білмейміз, бірақ асқорыту жүйеміз ұйықтамайды, тоқтамай жұмыс істейді. Осы үздіксіз жұмыс істеу оларды шаршатады және тоздырады.

Ұйықтап жатқанда көзіміз, құлағымыз, аяқ-қолымыз және миымыз тынығады. Тыныға алмайтындарды ең болмағанда жылына бір ай, тек күндіздері болса да, ораза ұстау арқылы тынықтыруға мүмкіндік тапқан боламыз.

Ораза ұстаған кезде жүрегіміз де демалады, асқазан бос болғанда жүрек рахат жұмыс істейді. Денсаулық тұрғысынан тағы бір пайдасы – бауырымыздағы азық қорының еруі. Ораза ұстамайтындар бұл қажеттіліктерін азықтармен қамтамасыз еткендіктен, бауырдағы азық қорына тиіспейді. Олар қала беріп ескіреді, қажеттілік туындағанда жақсы нәтиже бермейді.

Ғылым дамыған сайын оразаның денсаулығымызға қаншалықты пайдалы екені жақсы аңғарылады және дәрігерлер дәрілер тізіміне «ораза» деп те қосып жазады.

Сабыр етуді әмір ететін, сабыр етуге шақыратын жетпістен астам аяти карима бар, ең үлкені «Раббымыз сабыр етушілермен бірге» деген сүйінші.

Сабыр ету адамдарға тән. Періштелер сабыр етпейді, өйткені олар ішіп-жемейді және ауырмайды. Жануарларда да сабыр ету жоқ. Өйткені оларда ақыл жоқ, олар жауапкер емес.

Адам баласы осы екі болмыстың арасында. Ақылы бар, періштелер сияқты, нәпсі бар, жануарлар сияқты. Ақылын негізге алса, періштердің дәрежесіне қарай жоғарылайды, тіпті олардан да асып кетеді. Өйткені періштелер қаласа да, қаламаса да, жақсы болмыстар, ал адамдар нәпсімен күресу соңында жоғарылай алған. Нәпсі жеңіп кетсе, бұл жолы хайуан дәрежесіне қарай төмендейді, олардан да төмен түседі. Өйткені жануарлар ахиретте жауапкер емес.

Раббына бағынбағандар, харамдардан сақтанбағандар қиямет күні тозаққа жіберілген кезде: «Әттең, біз дүниеге адам болып келмегенімізде ғой, жылан, шаян болып келгенімізде ғой, осы ауыр азапқа душар болмасақ қой!» деп өкінеді. Жану өте қиын нәрсе, жанбаған адам білмейді...