9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сүннет - Бидғат / Бидғатшылардың кітаптарын оқу

Бидғатшылардың кітаптарын оқу

Сұрақ: Тек қызығушылықпен ғана, не жазылған екен деген оймен бидғатшылардың кітаптарын оқуға болады ма?

Жауап: Бұл туралы «Фәтауа-и Хиндийа» кітабында былай жазылған:

«Иман келтіру және орындау, сақтану керек болған нәрселерді және кәсіп білімдерін үйрену әркімге парыз. Бұдан артығын үйрену парыз болмаса да, сауап болады, үйренбесе күнә емес. Парыз болған білімдерге көмекші болғандарын, мысалы астрономияны үйрену де сауап. Фиқһ үйренбестен тек хадис үйренген адам зиянға ұшырайды. Кәлам ілімін, яғни иман білімдерін қажеттіліктен артық үйрену жаиз (рұқсат) емес. Бидғаттардың, фитналардың таралуына себеп болады. Садрул-ислам Әбул Йуср былай дейді:

"Кәлам, тәухид кітаптарының бірнешеуінде философиялық мәліметтер байқадым. Ибн Исхақ Кинди Бағдадидің және Истиқраридің кітаптары осындай. Олар Ислам білдірген дұрыс жолдан айрылған адасушы адамдар."

Әһли сүннет білімдерін үйренбей тұрып осындай адасқан кітаптарды оқу жаиз емес. Абдул-Жәббар Рази, Әбу Әли Жуббаи, Каби, Наззам Ибраһим бин Йәсар Басри және шәкірттерінің бірі Амр Жахиз «Мутазили» адасушыларының кітаптары да көне грек философтарының қате пікірлеріне толы. Мұндай кітаптарды оқу жастарға зиянды. Мухаммед бин Хисум сияқты «Мужассима» сектасындағылардың кітаптары да осындай. Бұлар бидғат топтарының ең жаманы. Әбул Хасан Әшари да әуелінде "Мутазилә" сенімін жаю үшін көп кітап жазды. Аллаһу та'ала оған хидаят (тура жол) бергеннен кейін бұрынғы пікірлерін жамандайтын, теріске шығаратын кітаптарын таратты. Қателерді көре алатындардың бұл кітаптарды оқуы зиянды болмайды. Шафии ғалымдары иман білімдерін Әбул Хасан Әшаридің кітаптарынан алды. Әбу Мұхаммед Абдуллаһ бин Саидтың осы кітаптарды түсіндіретін еңбектері толықтай зиянсыз күйде. Сөздің қысқасы, көне философтар жазған діни кітаптарды жастарға оқытпау керек. Әһли сүннет білімдерін үйренгеннен кейін оқуы жаиз (рұқсат) болады.»

Мысырлық мазһабсыз Хасан әл-Бәннаның революционерлік жазбалары, Сәйид Құтбтың «Фи зилал-ил-Құран» атты қате тәфсирі және басқа кітаптары, Үндістандағы уаххабилердің бірі Мұхаммед Сыддық Ханның кейбір кітаптары, Мәудуди, Хамидуллаһ және Жәзаирлық ибн Бадис сияқты діндегі реформашылардың кітаптары осындай. Дінін үйренгісі келетіндер олардың қате кітаптарын оқымауы керек.