19 - Рамазан, 1445 жыл.
     29 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Неліктен бөпелер сүйкімді болады?

Неліктен бөпелер сүйкімді болады?

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Кішкентай балалар, бөбектер неліктен өте сүйкімді болады, оларды иіскегенде неге рахаттанамыз? Өйткені олар күнәсіз. Сол күнәсіздік берген пәктіктің себебінен олардың жәннат иісіне тою мүмкін емес. Ал әулиелердің, ғұламалардың қасына барған кезде неге жанынан айрылғымыз келмейді? Олардың жүзіне қараған кезде неге ішімізден рахаттанамыз? Өйткені олар да күнәсіз. Яғни күнәсіз адамдарды бәрі жақсы көреді.

Тәуекел ету өте маңызды. Өйткені тәуекел иманның бір бөлшегі. Мысалы, баламыз туылатын, дүниеге келетін кезінде «Аяқ-қолы түгел ме, ақылы орнында ма, дені сау ма?» деп уайымдаймыз. Осы мәселелерде таңдау еркіндігіміз бар ма? «Бұл маған ұнамады, кері қайтарамын» деп айта аламыз ба? Сол сәтте Аллаһу та'алаға жүгінуден басқа шарамыз жоқ. «Йа, Раббым, дені сау, ақылды, жақсы мінезді, қайырлы перзент нәсіп ет!» деп дұға етуден басқа қолымыздан ештеңе келмейді. Аллаһу та'ала не жіберген болса, соған разымыз. Біз ол кезде ешкім емеспіз. Сол сезімді сезінудің өзі бір ниғмет. Өйткені нәпсіміз шайтанмен қосылып алып әр минутта, әр секундта «Сен өте маңызды адамсың, бәріне сен өзің шешім қабылдайсың» деп тұрады. Тәкәппарлыққа, «Мен» дегізуге тырысады. Оның бүкіл мақсаты осы. Бөпе туылатын кезде адам әлсіздігін, шарасыздығын жан-тәнімен сезінеді, бізге бұл жақсы сабақ болады.

 

Аллаһтың мейірімі

Аллаһу та'ала «Мен құлым көтере алмайтын жүкті оған жүктемеймін» дейді. Аллаһу та'алаға шүкір, көтере алмайтын жүктерді бізге, жанұямызға, ешбірімізге бермеген. Бұл өте үлкен рақымдылық. Бөпесін мейіріммен құшақтаған, емізген анасын көрген кезде үміттеніп, қуанып қаламыз. Сүйікті пайғамбарымыз: «Аллаһу та'ала жүз мейірімінің біреуін махлұқтарына (жаратылыстарға) берді. Осы себептен ана баласына қамқор болады, жануарлар балаларын жақсы көреді және бүкіл жаратылыстар бір-біріне мейірімділік танытады» деген.

Аллаһу та'ала мейірімінің қалған тоқсан тоғызын ахиретте мүмин құлдарына ажыратып қойды. Адам мен жануарлардағы мейірімнің бәрі сол жүзде бір мейірімнен шығады. Ананың сол сәттегі мейірімді, қамқор күйін көргенде құтылуға деген үмітіміз артады. Өйткені сол түйірдей мейірімді, қамқорлықты көргенде Аллаһу та'ала ахиретте мүмин құлдарына ажыратқан үлкен мейірімнен біз пайдаланамыз деп қуанамыз. Одан басқа үміттенетін ештеңеміз жоқ.