9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Ислам дінін үйрену және үйрету керек

Ислам дінін үйрену және үйрету керек

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Аллаһу та'аланың дініне қызмет ету әрқашан үлкен ғибадат. Бірақ орта аралас-құралас болған, жаман ақпараттық құралдар кеңінен тараған уақытта аздаған әрекет көп сауап алуға себеп болады.

Аллаһу та'ала Ислам дінін құлдарына әрі дүниеде, әрі ахиретте рахат өмір сүрсін деп жіберген. Ислам діні магнит сияқты. Жүрегінде гауһары барларды өзіне тартады. Бірақ осы гауһарлар шаң-тозаң мен күл-қоқыспен араласқан. Магнитті үстінен алып жүру керек, сонда гауһар бөлшектері магнитке жабысып құтылады. Егер магнитпен тартпаса, яғни Әһли сүннет ғалымдарының жазбалары мен сөздері кітап, газет, радио, теледидар, ғаламтор сияқты құралдар арқылы адамдарға жеткізілмесе, ол үшін күндіз-түні еңбектенбесе, ол адамдар қалай құтылады? Магнитпен тартпағандар, Ислам дінін жаюға тырыспағандар ахиретте қалай есеп береді? Мұсылмандықтан мақрұм қалғандардың да ақысы бар. Осы кісі ақысынан құтылу үшін әрбір мүминнің дінімізді жаю үшін қайсарлық танытуы қажет. Сүйікті пайғамбарымыз (алейһиссалам) айтады:

«Аллаһу та'ала Жәбрейіл алейһиссаламға "Бар, пәлен қаланы жердің түбіне батыр" деп әмір берді. Жәбрейіл алейһиссалам "Йа, Раббым, бұл қаладағы пәленше құлың саған бір сәт болсын қарсы шықпады. Үнемі бағынып, ғибадат етеді" дегенде Хақ та'ала "Оны да солармен бірге батыр! Өйткені ол күнә істеушілерді көргенде бір рет болсын түрін өзгертпеді" деді.»

Ислам дінінің екі негізі бар. Біріншісі үйрену, екіншісі үйренгенін үйрету. Үйренбеген адам тозаққа түседі, өйткені сауатсыздық, әсіресе осы заманда, кешірімді себеп бола алмайды. Үйретпеген адам да тозаққа түседі. Өйткені, егер бізден бұрынғылар біз жанбайық деп жандарын, малдарын, рахаттарын пида етіп, Ислам дінін бізге үйретпегенде еді, біз қазір мұсылман болмас едік. Бізге Ислам дінін үйреткендердің мойнымызда үлкен ақылары бар. Егер біз де аманатты бізден кейінгілерге жеткізбей, жазаға лайықты болсақ, бізді кім құтқарады?

Ислам дінін үйрету «Әмри маруф» деп аталады. Өзіміз үшін жасаған барлық ғибадаттардың сауабы және Аллаһ жолында мал-мүлікпен, жан-тәнімен жасалған дінге қызметтің сауабы әмри маруф сауабының қасында теңіздегі бір тамшыға тең.