18 Қараша 2017   


  Негізгі бөлім / Басқа да тақырыптар / Ұйқыдағы сауап пен күнә

Ұйқыдағы сауап пен күнә

Сұрақ: Ұйықтап жатқанда да жазылатын күнә мен сауаптар бар ма?

Жауап: Иә, бар. Үш хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Ораза ұстаған адамның үндемеуі тәсбих, ұйқысы ғибадат.» (Дәйләми)

«Дәретті болып жатқан адам ұйықтап жатқанда күндіз саим (ораза ұстаған), түнде қаим (түнде оянып ғибадат жасаған) сияқты сауапқа қауышады.» (Дәйләми)

«Ғалымдардың ұйқысы ғибадат.» (И.Ғазали)

Өлідей жатқан адам Аллаһу та'аланың сыйымен ұйықтап жатқанда да сауап алады. Ұйқыда адамға күнә жазылмайды, өйткені ол есін біліп тұрып қандай да бір күнә істемейді. Бір хадис шәрифтің мағынасы: «Мына үш адамнан қалам алынды: ұйықтап жатқан кісі оянғанға дейін, бала балиғатқа жеткенге дейін және жынды жазылғанға дейін.» (Әбу Дауд)

Ал Хакимнің риуаятында үшінші бөлімде «Ауру жазылғанға дейін» тіркесі де бар.

Шартсыз білдірілген бұл хадис шәрифке қарайтын болсақ, ұйықтағанда сауап та жазылмайтыны аңғарылуда, өйткен қалам алынды делінген. Өлген адамның да дәптері жабылады, сауап, күнә оған жазылмайды, бірақ мұның да ұйқы сияқты ерекше тұстары бар. Екі хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Бір мүмин қайтыс болғанда оның амал дәптері жабылады. Тек мына үшеуі бұған қатыссыз: садақа-и жария, пайдалы ілім және өзіне дұға ететін салих перзент қалдырған адам.» (Бұхари)

«Бір сүннет-и хасана шығарған (бір жақсы жол ашқан) адамға соның сауабы және қияметке дейін сонымен амал етушілердің сауабындай сауап жазылады. Сүннет-и сәийя шығарған (жаман жол ашқан) адамға соның күнәсі және қияметке дейін соны істеушілердің күнәсі шамасында күнә жазылады.» (Мүслим)

Ұйқыда сауап пен күнә жазылатын жағдайлар болғанындай, өлгенде де сауап пен күнә жалғасатын жағдайлар болады. Ұйықтап жатқан адам да кішкентай бала, жынды және өлі сияқты күнә істеген болмайды, бірақ шамасы жетіп тұрып қарызын өтемеген болса, істеген зұлымдығының күнәсі ұйықтап жатқанда да жазылады, себебі шамасы жетіп тұрып қарызын өтемеу – зұлымдық. Бір хадис шәрифте «Бай (мүмкіндігі бар) адамның қарызын өтемей, ұзатып жүруі зұлымдық» делінген. (Бұхари)

Ұйықтап жатқанда зұлымдық тоқтамағанындай, бұрын істеген күнәларымыз да өшпейді. Күнәларымыз ұйықтап жатқанда да, ояу жүргенде де жалғасады. Ақшасы бар болса да, қарызын қайтаруды бір сағатқа кешіктірген адам залым болады. Намаз оқығанда да, ораза ұстағанда да, ұйқыда да, яғни әр сәтте лағнет астында болады. Қарызды өтемеу сондай күнә, тіпті ұйқыда да тоқтамай жазылады. (Бәй уә шира рисаласы шәрһі)

Бұл жердегі ерекшелік: Ұйықтап жатқан адам ұйқыда күнә істегені үшін емес, одан бұрын қарызын мүмкіндігі бола тұра өтемегені үшін күнә жазылады. Ұйықтап жатып жасағаны жазылмайды, бұрынғы күнәсі жалғасады.