18 Желтоқсан 2017   


  Негізгі бөлім / Әдеп-ахлақ / Әйелдердің сәлем беруі

Әйелдердің сәлем беруі

Сұрақ: Біз танымайтын әйелдер телефонмен немесе дүкенімізге кіргенде сәлем береді. Олардың сәлеміне жауап беру күнә ма?

Жауап: Бөтен біреуге сәлем бергенде немесе «Аллаһ разы болсын» деп дұға еткенде ол «Маған осылай дұға етіп жатыр, ол мені ұнатады-ау» деп ойлап қалуы мүмкін. Қарсы жыныс болса, фитна жағдайы да бар болса, олай дұға етуге болмайды.

(Сәлем беру – «Ассаламу алейкум» деп айту, ал сәлемге жауап беру – «Уа алейкум ассалам» деп жауап қайтару деген сөз.)

Мәжәллә кітабының 39 бөлімінде «Заманның өзгеруімен үкімдер де өзгереді» қағидасының түсіндірмесі мынадай: «Заманның өзгеруімен салтқа және әдетке байланысты үкімдер өзгеруі мүмкін. Нассқа, дәлелге сүйенген үкімдер заманмен өзгермейді.» (Дүрәр-ул-хуккам)

Намаз, ораза, зекет сияқты үкімдер уақыт өте өзгермейді, бірақ салтқа қатысты үкімдер өзгере алады. Мысалы көшеде бейтаныс адамға сәлем берсек, «Бұл адам мені қайдан таниды, неге сәлем берді екен» дегендей оғаш қарайды. Сәлемді жаю дініміздің әмірі болғанымен, осындай жағдайларда әркімге сәлем берілмейді. Дінімізде бидғатшыларға, күнәхарларға сәлем берілмейді. Бірақ қазіргі таңда бұлар таныс кісілер болса, кездескенде сәлем беріледі. Сәлем бермесек немесе сәлеміне жауап бермесек, «Бұл адам неге маған сәлем бермеді, неліктен сәлеміме жауап бермеді?» деп ойлайды. Алайда бұрынғы заманда біреуге сәлем бермеген кезде ол адам бірден түсінетін, «Мен пәлен күнәні ашық түрде істедім, сол үшін маған мұсылмандар сәлем бермей жүр» деп ойлайтын. Қазір осылай істеу фитнаға себеп болады. Қажет кезде кәпірге де сәлем беруге болады.

Кейбір үкімдер Дар-ул-харб деп аталатын мұсылман болмаған мемлекеттерде өзгеше болады. Пайғамбарымыз алейһиссалам осындай мемлекеттерде олардан пайыз алудың рұқсат екенін білдірген. Сауда-саттыққа қатысты фасид (бұрыс) үкімдер де жаиз (рұқсат).

Хазреті Омар күнә істеген әнші әйелді қамшымен ұрып жатқанда әйелдің басы ашылды, сонда «Харам істеуді әдетке айналдырғаны үшін құрметі қалмады, қажеттілік шамада шаштарына қарау күнә болмайды» деген. Әбу Бәкр Бәлхи хазреттері де көлдің жағасымен кетіп бара жатқанда бастары, қолдары ашық әйелдерді көрді, «Олардың құрметтері қалмағандықтан, қажеттілік шамасында қарау күнә емес» деді. Іс түскенде осындай әйелдерге сәлем беру және сәлемдеріне жауап беру рұқсат.

Жұмыс істеуге мәжбүр болған мұқтаж, ешкімі жоқ әйелдер жұмыстағы қажеттілікке байланысты аяқтарын, қолдарын ашуына болады. Еркектердің оларды жұмыс барысында көруі, шәхуатсыз қарауы жаиз (рұқсат) болады.

Жоғарыда аталған себептермен кейбір тыйымдар мубахқа айналады. Тіпті әйел «Қош келдіңіз» деп қолын созса, қол алысу да жаиз болады. Алайда қажеттіліксіз бір әйелмен қол алысу харам. Бұл жайында бірнеше хадис шәриф мағынасы мынадай:

«Бастан темірмен соққы алу бөтен әйелге қол тигізуден жеңілірек.» (Бәйһақи)

«Бөтен әйелге шәхуатпен қарау – көз зинасы, оған қол тигізу – қол зинасы.» (Р.Насихин)

«Өте лас жатқан шошқамен сүртіну бөтен әйелге қол тигізуден жақсырақ.» (Табарани)

«Бөтен әйелмен қол алысқан адамның қолдары байланып, тозаққа тасталады.» (Р.Насихин)

Дініміз берген рұқсаттарды қажеттілікке қарай пайдалану қажет, фитнаға себеп болмау керек. Фитна жоқ кезде діннің әмірі қандай болса, соны ұстану қажет.

 

Әйелдермен сәлемдесу

Сұрақ: Бейтаныс әйелдер телефонда немесе дүкенімізге кіргенде сәлем береді. Олардың сәлеміне жауап беру күнә ма? С.Әбәдийа кітабында: «Бір себеппен өткінші харам болған, яғни сол себеп біткенде үйленуі халал болатын әйелдерге сәлем беру жаиз емес. Олардың сәлеміне жауап беру парыз емес» деп жазылған. Жаиз болмаған адамдарға сәлем берудің ерекше жағдайлары жоқ па?

Жауап: Бөтен әйелге сәлем беру және дұға ету сияқты қажеттіліксіз сөйлесу де жаиз емес.

«Кәпірді құрметтеп сәлемдесуге болмайды. «Кәпірмен сөйлескенде құрмет мағынасында айтылатын сөз қолдануға болмайды» делінген. Залымды, кәпірді құрметтеу, құрметпен сәлем беру, ұстазым деп айту күпір болады.» (Бәриқа)

«Мұсылман болмағандарға және бидғатшыларға сәлем беруге болмайды, дегенмен оларға іс түскен кезде сәлем беруге және сәлеміне жауап қайтаруға болады. Бидғатшыларға да қажеттілікке қарай сәлем беруге болады.» (Дуррул мухтар)

Кәпірге құрметпен сәлем берген адам кәпір болады. Бірақ қажеттілік туындағанда сәлем беруге болады.

«Бір кәпірге «Аллаһ ұзақ өмір берсін» деп айту да жаиз емес. Бірақ мұсылман болуы немесе мұсылмандыққа бет бұруы үшін осылай дұға ету жаиз болады.» (Бәриқа)

«Зимми кәпірді ренжітпеу үшін сәлем беріп, қол алысу жаиз болады. Ашық түрде күнә істейтін күнәхарға сәлем беру де осылай жаиз.» (Дуррул мухтар)

«Күнә істеп жатқан адамға кедергі болу ниетімен сәлем беруге болады. Кәпірлерге тек жұмыс түскен кезде ғана сәлем беруге болады.» (Ибн Абидин)

Хадиқа кітабында жазылған: «Көке қызы сияқты намахрам туыстарды зиярат ету уәжіп емес. Бірақ оларға да сыйлық жіберу, сәлем жолдау мүстаһаб.» (С.Әбәдийа)

Жоғарыда түсіндірілген себептермен кейбір тыйымдар мубахқа айналады. Тіпті әйел «Қош келдіңіз» деп қолын созса, фитнаға себеп болмау үшін қол алысу жаиз болады. Алайда қажеттіліксіз әйелмен қол алысу харам.