24 Қаңтар 2018   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / ИСЛАМДА ФИЛОСОФИЯ БАР МА? (3)

ИСЛАМДА ФИЛОСОФИЯ БАР МА? (3)

Дир-и зур медресесінің ұстазы ғалым Хусейн Мұхаммед (рахметуллаһи алейһ) Қадиянилердің күпірлікке себеп болған сөздерін «Әррәдду аләл-Қадияния» атты кітабында ұзақ жазған. Осындай аттармен жасырынған кәпірлер өздерін мұсылман қылып көрсетеді. Христиандармен, яһудилермен пікір таласып, Исламның хақ дін, бірден-бір бақыт жолы екендігін дәлелдейді. Бұған алданғандар дереу мұсылман болады. Бірақ Бахаилер, Қадиянилер, Шииттер және Уаххабилер сол бейшараларды алдап, өздерінің қате ағымдарына тартады. Нобель сыйлығын алған физик Абдуссалам - Қадияни. Оңтүстік Африкада 1980 жылы христиандарға қарсы күресіп, оларды Исламға тартқан Ахмед Дидад та Әһли сүннет емес. Олар жаңадан мұсылман болғандардың Әһли сүннеттің хақ жолында мәңгілік бақытқа қауышуларына тосқауыл болуда.

«Тасаууф өкілдері»: Хақ жолда болған «Әһли сүннет тобынан» Сопылар шықты. Олар философияға араласпады. Олар Құран кәрімді толық түсіне алу және шынайы мұсылман болу үшін пайғамбарымыздың (саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм) тек бұйрықтары мен тыйымдарына ғана емес, Оның әрбір жағдайы мен мінез-құлқын ұстану керек деп санады.

Сопылық жолының негіздері мыналар:

1) Пақырлық – барлық істе, барлық нәрседе Аллаһу та’алаға мұқтаж екендігін білу. Ешкім және ешнәрсе ештеңені жарата алмайды. Бірақ, Аллаһу та’аланың жаратуына себеп болады. Барлық нәрсені жаратқан Аллаһу та’ала деді.

2) Зухд және тақуалық – барлық істе Ислам дініне бағыну. Діннің барлық үкімдеріне толығымен бағынып жұмыс істеу, жақсылық жасау және бос уақыттарын ғибадатпен өткізу. Қазір де суфи сөзі (түркі елдерінде) «сопы» күйінде дініне берілген адамдар үшін қолданылуда.

3) Тәфәккур, сукут және зікір – әрдайым Аллаһу та’аланың бар екені, Оның берген ниғметтері туралы ойлау, орынсыз сөйлемеу, ешкіммен сөз таласпау, мүмкіндігінше аз сөйлеу және әрдайым Аллаһу та’аланың есімін зікір ету.

4) Хал және мақам – көңілге (жүрекке) келген нұрлардан жүректің, рухтың тазалану дәрежесін түсіну және өзінің шегін білу.

Ең атақты және алғашқы сопы Хасан Басри (радиаллаһу та’ала анһ) болып табылады. Ол 21 [м.624] жылы туылып, 110 [м.727] жылы қайтыс болды. Хасан Басри – өте үлкен ғалым, барлық мұсылмандар оны үлкен имам (мүжтәһид) ретінде таниды. Ол көркем мінезімен, терең білімімен мәшһүр. Уағыздарында барлық адамдарға Аллаһтан қорқуды насихаттаған. Көптеген хадис шәрифтер риуаят еткен хадис ғалымы. Мутазила философиясының құрушысы «Уасыл бин Ата» бұрын Хасан Басридің шәкірті болған. Кейіннен оның дәрістерінен ажырап кетті. «Мутазил» – «Ажыраған» деген мағынаны береді. «Мутазила»-ның екінші аты «Қадария». Өйткені, олар тағдырды жоққа шығарады. «Құл өзінің істерін өзі жаратады. Аллаһ ешқашан жамандық жаратпайды. Адамның қалау және жарату құдіреті бар. Олай болса, жамандық жасаған кісінің барлық жауапкершілігі өзінде. Мұны тағдырмен түсіндіру мүмкін емес» деген. Хасан Басридің шәкірті болған және әрдайым оның мәжілісіне қатысқан Уасыл бин Ата Қадария түсінігін ортаға шығарды. Сондықтан тағдырға сенген Хасан Басри оны өзінен алыстатты.

«Тасаууф өкілдерінің», яғни сопылардың ойынша, шынайы бар болған – тек қана Аллаһу та’ала. Аллаһу та’ала абсолютті болмыс, абсолютті ізгілік пен көркемдіктің иесі. Ол жасырын қазына болатын, кейін өзін танытуды қалады. Әлемді және әлемде өмір сүрушілерді жаратуының себебі осы. Аллаһу та’ала ешбір махлұқына (жаратылысына) енбеген. (Яғни олардың ішінде емес.) Ешбір адам құдай бола алмайды. Аллаһу та’ала адамның сипаттарын өз сипаттарына ұқсас түрде жаратқан. Бірақ, бұл ұқсастық өте аз, Оның сипаттарын теңіз деп есептесек, адамның сипаттары оның тек көбігіндей ғана болады.