24 Қаңтар 2018   


  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / "Иман және Ислам" кітабы / ИСЛАМДА ФИЛОСОФИЯ БАР МА? (5)

ИСЛАМДА ФИЛОСОФИЯ БАР МА? (5)

Көңілді аурудан айықтыратын дәрі үш нәрседен жасалады. Бұлар: Әһли сүннет ғалымдары білдіргендей иман келтіру; ғибадаттарды орындау; және харамдардан сақтану. Ислам дінінен және тасаууфтан хабары болмаған адамдар дінді дүниелік пайда үшін құралға айналдыруда. Бұл дүмшелер тасаууфқа, тіпті ғибадаттарға мистикалық әрекет ретінде қарап, оған музыка араластырып, сазды аспаптардың ырғағына сай дене қимылдарын жасау сияқты нәрселерді діни рәсім деп атаған. [Мәуләуи рәсімдер сияқты]. Бастарына мазар тасына ұқсайтын ақ ұзын қалпақ киіп айналатын мәуләуилер оң қолдарын аспанға көтеріп, сол қолдарын аспаннан алғандарын жер бетіне беріп жатқандарын көрсету үшін төмен түсіреді. Олар, Ислам дініне ешқандай қатысы болмаған және аяти карималар мен хадис шәрифтерде кездеспейтін мұндай рәсімдерді тариқат деп, Ислам деп, әлемге танытуда. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) және Асхаби кирамның (радиаллаһу та’ала анһум әжмаин) ешбірі мұндай рәсімдер жасаған жоқ. Олардың заманында тасаууф бар еді. Бірақ, мұндай тариқатшылық жоқ еді. Қазір осындай рәсімдерді тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген адамдар Коняға баруда. Шетел тілдерінде тасаууф туралы жазылған еңбектер көп және олардың барлығында осы бидғат, қате жолдар жайлы айтылған. Имам Ғазали (рахимә-һуллаһу та’ала) әрі кәлам ғалымы, әрі шынайы тасаууфтың маманы еді. Қануни Сұлтан Сүлейманның (рахимә-һуллаһу та’ала) шәйх-ул-исламы, үлкен дін ғалымы Әбуссууд Әфәндінің (рахимә-һуллаһу та’ала) (х.896-982 [м.1490-1574]) тасаууфшыларға қарсы өте қатал мәміледе болғандығы, тіпті олардың өліммен жазалануларына пәтуа бергендігі айтылады. Бұл дұрыс емес. Әбуссууд Әфәнді шынайы тасаууф жолындағыларға емес, олардың арасына кіріп алған [Хуруфилер, Бекташилер секілді] адасқан тариқатшыларға және «Тасаууфта жоғары дәрежеге жеткендерге діннің үкімдері жүрмейді. Олар енді халал-харамға бағынбаса да болады» дейтін адасқан сопыларға қатал мәміле көрсеткен және олардың бүлік шығару, Исламды іштей құлату қиянаттарына байланысты өлім жазасына кесілулеріне пәтуа берген.

Ислам ілімдеріне философияны араластырғандарға қарсы шығушылардың басында пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) келеді. Мәшһүр болған бір хадис шәрифінде: «Үмбетім жетпіс үш топқа бөлінеді. Жетпіс екісі тозаққа түседі, біреуі ғана құтылады. Олар – менің және сахабаларымның жолында болғандар» деген. Болашақтан хабар берген бұл хадис шәриф үлкен мұғжиза болып табылады. Шыныда да Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) хабар бергеніндей болды. Ислам ілімдеріне философияны араластырып, сахабалар жолынан айрылған жетпіс екі ағым мен олардың пәлсапасын «Әһли сүннет» ғалымдары кеңінен зерттеп, жоғарыдағы хадис шәрифтің жарығы астында оларды не бір қуатты дәлелдер және құжаттармен теріске шығарған. Осындай ұлы ғалымдардың бірі - Сәйид Шәриф Жүржани (рахимә-һуллаһу та’ала). Тасаууфта уилаят дәрежесіне көтерілген бұл үлкен ғалым х.816 [м.1413] жылы Ширазда қайтыс болған. «Шәрһ-и Мәуақиф» атты кітабы осындай дәлелдерге толы. Кәлам ілімінің ең жоғары дәрежесіне шыққан Садәддин Тафтазани да (рахимә-һуллаһу та’ала) өте құнды «Шәрһ-и ақаид» кітабында бидғатшылар философиясын түбінен қопарған. Ол х.792 [м.1389] жылы Самарқанда қайтыс болған. 548 [м.1153] жылы Бағдатта қайтыс болған Мұхаммед Шәхристанидің (рахимә-һуллаһу та’ала) «Әл-Миләл уән-ниһал» атты кітабы болса, басынан соңына дейін осындай адасқан философияларға берілген дәлелді жауаптармен толы. Бұл арабша кітап пен оның түрікше аудармасы бір неше рет қайта басылған. ЮНЕСКО тарапынан Еуропа тілдеріне аударылып жарияланған, Ислам дінінің негізінде философия жоқ екенін, «Ислам философиясы» деген тіркестің дұрыс еместігін бүкіл әлем түсінген.

Имам Мұхаммед Ғазали (рахимә-һуллаһу та’ала) тасаууфты да, метафизиканы да зерттеген. «Әл-мүнқиз» және «Әт-тәхафутул-фәласифә» атты кітаптарында философтардың тек ақылға сүйенетінін, көп қателескендіктерін; ал тасаууфшылардың тек аяти карималар мен хадис шәрифтерге бағынып, шынайы иман мен мәңгілік бақытқа қауышқандықтарын жазған. Жоғарыда мұсылман екендіктері айтылған жетпіс екі бидғат тобының пәлсапаларын зерттеп, олардың грек философтарының ықпалында қалғанын дәлелдеген. «Бидғатшы» деп аталатын мұсылмандардың сенімдерінің ақиқатқа, яғни Құран кәрім мен хадис шәрифтерге сай келмейтіндігі белгілі. Олардың грек философиясынан алған дүниелері XXI-ғасырға келіп, әлдеқашан өз құнын жоғалтып үлгерді. Бидғатшы, адасқан ағымдардағы мұсылмандардың сенімдері бір-бірімен салыстырылатын болса, Аллаһу та’аланың бірлігі, ұлылығы, барлық нәрсенің Одан келгендігі, Оның барлық нәрсеге ие екендігі, құдіреті жететіндігі, Ислам дінінің ең хақ және ең соңғы дін екендігі, Құран кәрімнің Аллаһтың сөзі екендігі және Мұхаммед алейһиссаламның Оның соңғы пайғамбары екендігі мәселелерінде барлығы бір ауыздан келіседі. Барлығы осыны білдіруде. Адамды, христиандар сияқты «күнәхар» емес, қадірлі болмыс деп санайды. Сондықтан жетпіс екі бидғат тобының барлығы мүмин, мұсылман. Сонымен қатар, олар ақыл мен дін және философияны бірдей денгейде көргендіктен имандарында айырмашылықтар пайда болды. Әр түрлі философияларға берілулерінің кесірінен араларында мәнсіз бөлінушіліктер мен тартыстар орын алды. Олардың қайсысының хақ, дұрыс екендігі тек ілім арқылы және хадис шәрифтермен салыстыру арқылы анықталады, әйтпесе күш қолданып, бір-біріне дұшпан болып, бір-бірін адасушы санау арқылы анықтауға болмайды!