9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Сұхбаттар / Баршаға шипа

Баршаға шипа

Әһли хикмет ғұламалар былай деген:

Дінімізге бағыну – бақыт пен шаттық. Дініміз – дәрі, баршаға шипа. Адам иман келтірсе ахиретте де шипа табады, иман келтірмесе, тек дүниеде ғана рахаттанады. Өйткені Аллаһу та'ала құлдарына зұлымдық жасамайды. Тек жақсы және пайдалы нәрселерді ғана әмір етеді. Егер бір мазасыздық, бір келіспеушілік бар болса, ол өзіміздің кесірімізден. Асхаби кирамның ұлыларының бірі Жабир бин Абдуллаһ хазреттері айтып берген:

«Расулуллаһтың (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) сұхбатында едік. Ақ реңді, әсем шашты, ақ киімді бір кісі келді. Сәлем берді. Расулуллаһ алейһиссалам оның сәлеміне жауап берді. Ақ киімді кісі сұрады:

- Йа, Расулаллаһ, дүние деген не?

- Дүние ұйқыдағы адамның түсі сияқты.

- Йа, Расулаллаһ, ахирет деген не?

- Біреудің жәннатқа, біреудің тозаққа кететін мәңгі өмірі.

- Жәннат деген не?

- Дүниені тәрк еткен кісіге шексіз ниғметтер берілетін орын.

- Тозақ деген не?

- Дүниені таңдап, ахиретті ұмытқан адамға берілетін орын.

- Бұл үмбеттің қайырлысы кім?

- Аллаһқа бағынған және өмірін Оның жолында өткізген адам.

- Адам дүниеде қандай болуы керек?

- Өтіп кетіп бара жатқан немесе керуенін іздеп жүрген жолаушы сияқты, яки асығыс жұмысы бар болған адам сияқты болуы керек.

Бұдан кейін әлгі кісі кетіп қалды. Қайда кеткені байқалмады.

Расулуллаһ алейһиссалам «Бұл келген кісі Жәбрейіл алейһиссалам еді, сендерді дүниелікке қанағатшыл, ал ахиретке бейім болуларыңа ынталандыру үшін келді» деді.»

Осы себептен дүниелік істерде қанағатшыл болу керек, бар болса шүкір етіп «Раббым мұны маған нәсіп етті, әлхамдулиллаһ» деп айту керек. Жоқ болса, қарсы шықпай, сабыр ету қажет. Кімге қарсы шығамыз? Беретін де, алатын да Аллаһу та'ала, мұны түсінбейтін адам ақымақ.