9 - Рамазан, 1445 жыл.
     19 - Наурыз, 2024 жыл.   

  Негізгі бөлім / Иман және Ислам / Діни кітап оқу

Діни кітап оқу

Сұрақ: Құдайға сенбейтін бір нағашы көкем бар, «Діни кітап оқыма, көп ғибадат жасама, ақылыңнан айрыласың» дейді. Діни кітап оқу және ғибадат жасау ақылға зиянын тигізеді ме?

Жауап: Мүлдем зиянын тигізбейді, керісінше зейіннің ашылуына және ақылдың күшеюіне себеп болады. Жаман мінезден құтылу үшін Ислам дінін ұстанып, жүректі (көңілді) қуаттандыру және нәпісті әлсірету керек. Ақылды күшейту Ислам білімдерін оқып үйрену арқылы мүмкін. Жүректің қуаттануы, яғни тазалануы Ислам дінін ұстану арқылы іске асады. (И.Ахлақы)

Күмәншіл адамдар қате орындадым деп ойлап қайта қайта ғибадат жасайды. Мұның мұсылмандыққа қатысы жоқ. Діни кітап оқып, дұрысты нақты үйренбегені үшін сондай адамдар күмәнге түседі.

Тек қана Аллаһтың болмысын анықтау үшін дәлелдер іздеген адам да уәсуәса мен күмәнға беріледі. Бұл да дінге қайшы.

Намаз оқу, ораза ұстау сияқты ғибадаттар адамның ой-өрісін ашады, есте сақтау қабілетін күшейтеді. Бұларды тәрк еткен адам күнә істеген болады. Ал күнә істеген адам ұмытшақ болады, ақылы азаяды. Өйткені пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) Әбуддәрда хазреттеріне айтты:

«Ақылыңды арттыр – Раббыңа деген жақындығың артсын! Харамдардан сақтан, парыздарды орында – ақылды боласың.» (Ибн Муһбәр)

«Күнә істеген кісінің бір ақылы кетеді, кері қайтпайды.» (И.Ғазали)

Ибн Мәсуд хазреттері «Күнә істеген кісі білгендерінің біразын ұмытып қалады» - деді. (Ихия)

Пайғамбарымыз алейһиссалам ақылды былай түсіндірген:

«Ақылды адам – Аллаһқа және пайғамбарына сеніп, ғибадатын орындаған кісі.» (Ибн Муһбәр)

«Ақылды адам – нәпсіне ермейді, ғибадаттарын орындайды, ал ақымақ адам нәпсіне ереді, күнә істейді, кейін Аллаһ кешіреді деп үміттеніп отырады.» (Тирмизи)