15 - Сафар, 1440 жыл.
     24 - Қазан, 2018 жыл.   



ҚИЯМЕТ және АХИРЕТ

Хамд (мақтаулар) затының мәңгі екенін білдірген Аллаһу та'алаға болсын. Ол өзінен басқа бүкіл болмыстың жоқ болуын тіледі. Кәпірлерді және күнәхарларды қабір азабымен жазалайды. Құлдарының дүние мен ахирет бақытына қауышулары үшін оларға пайғамбарлары арқылы әмірлері мен тыйымдарын білдірді. Құлдарының ахиретте азап немесе марапат көрулерін дүниеде жасаған бірнеше амалдарына байлап қойды. Ахирет жолына түсіп, разылығына қауышуды таңдаулы және сүйікті құлдарына оңай қылды.

Аллаһу та'ала сүйікті пайғамбары Мұхаммед алейһиссаламға, Оның отбасына және сахабаларына дұға мен сәлем жаудырсын, олардың есімдерін мұсылмандар арасында өте биік мәртебелерге шығартты.

Білуің керек болғаны, барлық нәрсені тірілтетін және өлтіретін Аллаһу та'ала, Али Имран сүресінің 185-ші, Әл-Әнбия сүресінің 35-ші, Әл-Анкебут сүресінің 57-ші аяттарында «Әрбір жанды өлімнің дәмін татады» деді. Мұнымен әлемдердің үш өлімі бар екенін білдірді. Дүние әлеміне келгендер әрине өледі. Жәбәрут әлеміне және мәләкут әлеміне келгендер де әрине өледі. Олардан дүние әлемінде болғандар – Адамзат пен құрлықта, теңізде және ауада болған жануарлар.

Мәләкути болған [яғни көзбен көрінбейтін] екінші әлем – періштелер мен жын топтары өмір сүретін әлем.

Жәбәрути деп аталатын үшінші әлем – періштелердің арасынан таңдаулылардың әлемі. Расында Құран кәрімде Хадж сүресінің 75-аятында: «Аллаһу та'ала періштелерден және адамдардан пайғамбарлар таңдады» делінген.

Міне осы үшінші топ Жәбәрут әлеміндегі Кәрубиян, Руханиян, Хамәлә-и Арш және Сурадиқат-и жәлал періштелері. Әнбия сүресінің 19-20-шы аяттарында «Аллаһу та'аланың дәргейінде сондай періштелер бар, Оған ғибадат еткенде өздерін ұнатпайды және мүлдем шаршамайды. Күндіз-түні үздіксіз Аллаһу та'аланы тәсбих етеді, жалықпайды» деп оларды білдіруде. Аллаһу та'ала оларды осы аяти каримамен мадақтаған. Олар өте құрметті болып, жәннат бақшаларында болады. Олар жайлы Құран кәрімде айтылып, сипаттары баяндалған.

Олар Аллаһу та'алаға жақын және мекендері жәннат болса да, бәрібір өледі. Аллаһу та'алаға жақын болуы өлімдеріне тосқауыл болмайды.

Саған алдымен дүние өлімі жайлы баяндайын. Хабар беретін нәрсемді жақсылап құлақ асып тыңда. Егер Аллаһу та'алаға, Оның Расулына, қиямет күніне және ахиретке сенсең, саған адамдардың бір күйден басқа күйге қалай өтетінін жеткізіп, олардың жағдайларын, сипаттарын хабарлаймын. Өйткені бұл деректерді тек дәлел және куә арқылы айту мүмкін. Баяндайтындарыма Аллаһу та'ала мен Құран кәрім куә. Құран кәрім мен Расулуллаһтан (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) нақл етілген (бұлжытпай жеткізілген) сахих хадистер сөзімді растайды. [Адам өлгенде «Дүние өмірі» аяқталады. «Ахирет өмірі» басталады. Ахирет өмірі үшке бөлінеді. Қайтадан тірілгенге дейін «Қабір өмірі» болады. Кейін «Қиямет өмірі», содан соң «Жәннат және тозақ өмірі» келеді. Осы үшінші өмір мәңгі жалғасады.]

Дүниеде жақсы, пайдалы нәрселер жаман, зиянды нәрселермен араласып кеткен. Бақытқа, рахаттық пен тыныштыққа қауышу үшін тек жақсы, пайдалы амалдарды жасау керек. Аллаһу та'ала аса мейірімді болғандықтан, жақсы амалдарды жамандардан ажырататын бір қуат жаратты. Бұл қуат «Ақыл» деп аталады. Таза және дұрыс болған ақыл бұл ісін өте жақсы атқарады, мүлдем қателеспейді. Күнә істеу, нәпіске еру ақыл мен жүректі (көңілді) ауру қылады. Соның кесірінен ондай ақыл жақсыны жаманнан ажырата алмайтын болып қалады. Аллаһу та'ала пенделеріне мейірім танытып, бұл істі өзі атқаруда, жақсы амалдарды пайғамбарлар арқылы білдіруде және оларды орындауды әмір етуде. Зиянды нәрселерді де білдіріп, оларды істеуге тыйым салуда. Осы әмір мен тыйымдар «Дін» деп аталады. Мұхаммед алейһиссалам білдірген дінге «Ислам діні» делінеді. Қазіргі таңда жер жүзінде өзгертілмеген, бұзылмаған жалғыз дін бар. Ол – Ислам діні. Рахаттыққа бөлену үшін Ислам дінін ұстану, яғни мұсылман болу қажет. Мұсылман болу үшін ешқандай рәсімдер жасау, имамға, мүфтиге бару қажет емес. Әуелі жүрекпен (көңілмен) иман келтіру керек, кейін Ислам дінінің әмірлері мен тыйымдарын үйреніп, соларды орындау қажет.

 

Сұрақ періштелері көрге келгенде,

Есеп сұрап, намазыңды тергейді.

Өліп құтылдым деп ойладың ба, құл.

Азабыңды дайындап, рахат бермейді.